БҰЙЫРАМЫН:
1. "Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ЖЖОКБҰ-да диссертациялық кеңестер 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары не білім беру бағдарламаларының топтары (бұдан әрі – БББТ) бойынша:";
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
"3-2. Осы Үлгі ереженің 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларын қолданбай, ЖЖОКБҰ-ларда мына шарттар орындалғанда диссертациялық кеңес құруға жол беріледі:
1) докторантура кадрларын даярлаудың сұратылған бағыты бойынша диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің болмауы;
2) сұратылып отырған даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларынан/мамандықтардан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған докторантура түлектерінің болуы.";
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Диссертациялық кеңестің кемінде 3 (үш) мүшесі басқа ЖЖОКБҰ-лардың және ғылыми немесе басқа да ұйымдардың өкілдері болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарында құрылған диссертациялық кеңестерде тұрақты мүшелерінің саны 6 (алты) адамды құрайды.
Диссертациялық кеңестің құрамында диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің кемінде 1/3-і (үштен бірі) басқа ЖЖОКБҰ-ның не ғылыми/басқа да ұйымдардың өкілдері болып табылады, қалғандары штаттық қызметкерлер болып табылады. Докторанттың докторлық зерттеу тақырыбына байланысты докторанттың қорғау кезеңіне диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін тағайындауға рұқсат беріледі.";
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) диссертацияларды мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінде (халықаралық деректер базаларын қоса алғанда), оның ішінде жасанды интеллект технологияларына сілтеме бермей пайдалануға тексерілуін қамтамасыз етеді. ӘАОО-лар Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссияның болуын қамтамасыз етеді;";
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. ЖЖОКБҰ-дағы нақты кадрларды даярлау бағыты (мамандық) не БББТ бойынша диссертациялық кеңестің жабылуына мыналар негіз болады:";
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін, қорғау күнін және ресми рецензенттерді тағайындау және ауыстыру;";
20-тармақтың төртінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) докторант оқыған ЖЖОКБҰ-ның Әдеп комиссиясының зерттеу объектілерінің (тірі табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі бұзушылықтардың, сондай-ақ докторанттың өтінішін ескере отырып, диссертациялық жұмысты дайындаған кезде жасанды интеллект технологияларын пайдалану туралы фактілер болғанын не болмағаны туралы қорытындысы.";
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Диссертациялық кеңес осы диссертациялық кеңес ашылған дайындық бағыты немесе БББТ шеңберінде білім беру бағдарламалары бойынша оқыған докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауға қабылдауды жүзеге асырады. Бұл ретте барлық білім беру бағдарламалары үшін осы Үлгі ереженің 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын сақтау міндетті болып табылмайды.
Егер докторанттың докторлық диссертациясын қорғау үшін оның білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес болмаса, онда жапсарлас даярлау бағыты немесе БББТ бойынша докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауға қабылдауға жол беріледі.";
23-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) докторант оқыған ЖЖОКБҰ-ның жанындағы Әдеп комиссиясының зерттеу объектілерінің (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі бұзушылықтардың болмауы, сондай-ақ докторанттың өтінішін ескере отырып диссертациялық жұмысты дайындаған кезде жасанды интеллект технологияларын пайдалану туралы фактілер болғанын не болмағаны туралы қорытындысы (осы Үлгі ережеге 4-қосымшаға сәйкес);";
26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Қорғауға қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңес докторанттың отандық және халықаралық деректер базалары бойынша плагиатты пайдалануын, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын сілтеме бермей пайдалануға тексеру үшін диссертацияны "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ҰМҒТСО) жібереді. Титул беті және пайдаланылған әдебиеттер тізімі плагиатқа тексерілмейді.";
27-тармақ алып тасталсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. ҰМҒТСО анықтамасында, ресми рецензенттердің пікірлерінде және ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсындағы бейресми пікірлерде көрсетілген плагиат фактілері немесе жасанды интеллект технологияларын пайдаланып оларға сілтеме бермегені анықталған кезде Диссертациялық кеңес комиссиясы диссертацияны плагиатқа тексереді. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды диссертациялық кеңеске диссертация қорғауға дейін 8 (сегіз) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Диссертациялық кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғалым хатшысы докторанттың ғылыми кеңесшілері болып табылған немесе мүдделер қақтығысы болған жағдайда, диссертацияны қарау кезінде диссертациялық кеңестің отырысында өз міндеттерін орындай алмайды. Мұндай жағдайда олардың міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен оның мүшелеріне жүктеледі.
Төраға, төраға орынбасары мен ғалым хатшы бір мезгілде болмаған жағдайда диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді.
Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының толық көлемде бейнежазбаға түсірілуін қамтамасыз етеді, монтажға жол берілмейді.";
32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Диссертациялық кеңестің мүшесі немесе ресми рецензент шетелде болған жағдайда оларға бейнеконференция нысанында қорғауға қатысуға рұқсат беріледі.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Диссертациялық кеңес келесі шешімдердің біреуін қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді:
1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда) немесе Комитет алдында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасау (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда). Дәреже докторант оқыған білім беру бағдарламасы бойынша беріледі;
2) диссертацияны пысықтауға жіберу (диссертация диссертациялық жұмыс нысанында қорғалған жағдайда ғана);
3) диссертацияны қайта қорғауға жіберу;
4) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден не Комитет алдында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасаудан бас тарту (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда).
Диссертациялық жұмыс егер оны түзету жұмыстың мәнін өзгертпей, мәтін бойынша елеусіз ескертулер болған жағдайда пысықтауға ұсынылады. Егер диссертация Қағидалардың 4 және (немесе) 6-тармағына сәйкес келмесе және (немесе) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарға (академиялық адалдық қағидатын қоспағанда) ішінара сәйкес келсе, немесе докторант қорғауға шығарылған қағидаттарын қорғамаса, онда ол қайта қорғауға жіберіледі. Академиялық адалдық қағидаты бұзылған немесе ғылыми жаңалық, ішкі бірлік, дәйектілік қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда диссертация философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Қайта қорғауға жіберу немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанда диссертациялық кеңес диссертацияның осы Үлгі ереженің, Қағидалардың қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген қорытынды жасайды.
Диссертациялық жұмысты қайта қорғау алдындағы қорғаудан 6 (алты) айдан кем емес уақыт өткенде осы Үлгі ережеде белгіленген тәртіппен өткізіледі. Диссертация қайта қорғауға 2 (екі) реттен артық жіберілмейді.
Қайта қорғауда кеңейтілген отырыс өткізілмейді.
Қайта қорғау алдындағы қорғау өткен ЖЖОКБҰ-да өткізіледі. Осы ЖЖОКБҰ-да диссертациялық кеңес болмаған жағдайда, докторантқа осы Үлгі ереженің 20-тармағына сәйкес басқа диссертациялық кеңесті таңдауға рұқсат беріледі.
Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы және ресми рецензенттер сақталады. Ресми рецензенттер және уақытша мүшелер тарапынан жазбаша түрде бас тартылған немесе қайтыс болған жағдайда олар ауыстырылады.
Қайта қорғауға дейін 1 (бір) ай бұрын диссертация ҰМҒТСО-ға плагиатқа тексеру үшін жіберіледі. ӘАОО-ларда диссертация Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссияға жіберіледі.";
36-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Пысықталған диссертация ҰМҒТСО-ға плагиатқа және жасанды интеллект технологияларын пайдаланып оларға сілтеме бермегенін тексеруге жіберіледі. ҰМҒТСО анықтамасын алғаннан кейін диссертациялық кеңес ресми рецензенттермен бірге пысықталған диссертациялық жұмысты және диссертациялық кеңестің ескертулерін жою мәніне ескертулерге жауаптарды (болған жағдайда) талқылау жөнінде отырыс өткізеді. Отырыс осы Үлгі ереженің 32-тармағында белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте интернетте онлайн трансляциясыз отырыстың бейнежазбасы жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
"36-1. Философия докторы (PhD) не бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешім қабылданғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы диссертацияның соңғы нұсқасының электронды тасымалдағыштағы даналарын ЖЖОКБҰ-ның кітапханасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына береді (мемлекеттік құпияларды және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа).";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы) диссертациялық кеңесте докторлық диссертация қорғалғаннан кейін докторанттың аттестациялық ісін жинақтайды, ол Комитетке күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жіберіледі.
Диссертацияда немесе аттестаттау ісінде мемлекеттік құпиялар болған кезде аттестаттау ісіне "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті құпиялылық белгісі беріледі, таратылуы шектелген қызметтік ақпарат болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес аттестаттау ісіне "Қызмет бабында пайдалану үшін" немесе "Жасырын" белгілері беріледі.
Докторанттың аттестаттау ісінде мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) диссертацияның ҰМҒТСО-ға жіберілген күні көрсетіле отырып, диссертациялық кеңес төрағасының қол қоюымен диссертациялық кеңес құрылған ЖЖОКБҰ бланкісіндегі ілеспе қолдаухаты (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа);
2) электронды тасымалдағыштағы диссертация. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертация да қағаз тасымалдағышта беріледі;
3) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар тізімі мен көшірмелері;
4) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) ҰМҒТСО-ның диссертацияны плагиатқа және жасанды интеллект технологияларын сілтеме бермей пайдалануға тексергені туралы анықтамасы. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертация бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарындағы және (немесе) ғылыми ұйымдардағы комиссияның диссертацияны плагиатқа тексергені туралы анықтамасы ұсынылады;
6) осы Үлгі ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;
7) диссертацияны қорғау жөніндегі және пысықталған диссертациялық жұмысты талқылау бойынша (қажет болғанда) диссертациялық кеңес отырысының толық көлемдегі бейнежазбасы және төраға мен ғалым хатшы қол қойған хаттамасы;
8) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскриптің көшірмесі;
9) осы Үлгі ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәлімет.
1), 3), 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Комитетке "пдф (pdf)" файлы форматында сканерленген түрде ұсынылады (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын аттестаттау істерінен басқа).".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы |
Г. Кобенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті