"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 24 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 21 тамызда № 36655 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 24 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34409 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2 бабының 10-37) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ережесінің 15-тармағының 420-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:

      22-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) облигация бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесі, бұрын шығарылған облигацияларды қосымша орналастыру кезінде облигациялар бойынша өтелетін сыйақы мөлшерлемесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме деңгейінен аспайды.

      Бұл ретте, облигация бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесі, бұрын шығарылған облигациялар қосымша орналастыру кезінде облигациялар бойынша өтелетін сыйақы мөлшерлемесі уәкілетті органның келісімі бойынша бұрын шығарылған субсидияланатын облигацияларды орналастыру күніне немесе қосымша орналастыру күніне жылдық +1,5%-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Субсидиялау 8 жылдан кем мерзімге бұрын шығарылған облигацияларды қайта қаржыландыру шеңберінде шығарылған облигацияларды қоса алғанда, қатарынан 8 (сегіз) жыл ішінде шығарылатын облигациялар бойынша жүзеге асырылады.".

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмитент тоқсан сайын уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшадағы нысанға сәйкес жасалған шарттар шеңберінде субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есепті ұсынады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық

      жоспарлау және реформалар агенттiгiнің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2025 жылғы 7 тамыздағы
№ 294 Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес Тұрғын үй
жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын
үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған
облигациялар бойынша
купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
2 қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: http://www.mps.gov.kz.

      Әкімшілік нысанның атауы: Субсидиялауға ұсыныс.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: №ФИСКВ-1.

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: 20__ жылғы____ тоқсан.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде.

      ЖСН/БСН


      Жинау әдісі: электронды түрде.

Субсидиялауға ұсыныс

      Эмитент: _____________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      Кімге: ________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (уәкілетті органының атауы)

      1. Эмитент туралы мәліметтер:

1

Эмитенттің атауы


2

Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


3

Эмитент туралы мәліметтер: БСН*


4

Банк деректемелері


5

Байланыс телефондары


      2. Субсидиялауға жататын облигациялық қарыздар туралы ақпарат:

Облигациялар проспектісі (ISIN (НИН)**)

Облигациялық қарыз сомасы, теңге

Купондық сыйақы, % облигациялардың

Айналыс мерзімінің аяқталу күні

1

2

3

4

5

1





2





3





4





      Осымен расталады:

      1) қаржы берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімін қоспағанда, Эмитенттің қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкроттық сатысында тұрмайды, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмайды;

      2) ұсыныста көрсетілген облигациялық қарыз бойынша купондық сыйақы басқа мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбайды.

      Қосымша:

      облигациялар шығару проспектісінің көшірмесі _______ парақта;

      облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі ________ парақта;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінен______парақтағы үзінді көшірме.

      Эмитент басшысының немесе оның орнындағы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _______________________________

      Берілген күні "___"_______ 20 __ жыл.

      Ескерту:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      * БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ** ISIN (НИН) – халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі).

  "Субсидиялауға ұсыныс"
  әкімшілік деректерді жинауға
  арналған нысанға
  қосымша

"Субсидиялауға ұсыныс" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: ФИСКВ-1 және кезеңділігі: тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Субсидиялауға ұсыныс" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды эмитент толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды эмитент Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2- тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1-тармақта ұсыныста эмитенттің атауы, ұсыныс жолданған мемлекеттік органның атауы және эмитент туралы мәліметтер көрсетіледі.

      7. 2-тармақта:

      1) 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-бағанында облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі)) көрсетіледі;

      3) 3-бағанында облигациялық қарыз сомасы көрсетіледі;

      4) 4-бағанында купондық сыйақы көрсетіледі;

      5) 5-бағанында айналыс мерзімінің аяқталу күні көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2025 жылғы 7 тамыздағы
№ 294 Бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес тұрғын үй
жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын
үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған
облигациялар бойынша
купондық сыйақыны
субсудиялау Қағидаларына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: http://www.mps.gov.kz.

      Әкімшілік нысанның атауы: Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: №ФИСКВ-2.

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: 20__ жылғы____ тоқсан.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде.

      ЖСН/БСН


      Жинау әдісі: электронды түрде.

Эмитенттің атауы

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі))

Облигациялық қарыз сомасы

Облигациялар айналысының барлық мерзіміне барлығы субсидиялар көзделген, теңге

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеушілік, теңге

Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару (нақты), теңге

Банктік шоттағы субсидиялардың қалдығы, теңге

Барлығы

Есепті кезең үшін

Барлығы

Есепті кезең үшін

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











2











Қорытынды:











      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)

      Есеп тапсырылған күн "___" __________ 20 ___ жыл.

  "Субсидияларды нақты
пайдаланылуы туралы есеп"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

"Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: ФИСКВ-2 және кезеңділігі: тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды эмитент толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды эмитент Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2- тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Есептің 1-бағанында эмитенттің атауы көрсетіледі.

      7. 2-бағанда бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      8. 3-бағанда облигациялар аңдатпасы (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі)) көрсетіледі.

      9. 4-бағанда облигациялық қарыз сомасы көрсетіледі.

      10. 5-бағанда облигациялар айналысының барлық мерзіміне, барлық кезең үшін және есепті кезең үшін субсидиялар теңгемен көрсетіледі.

      11. 6 және 7-бағандарда барлық кезеңге және есептік кезеңде аударылған субсидиялар теңгемен көрсетіледі.

      12. 8 және 9-бағандарда барлық кезеңдегі және есептік кезеңдегі ауытқулар (артық төлем, жетіспеушілік) теңгемен көрсетіледі.

      13. 10-бағанда пайдаланылмаған субсидиялардың қайтарылғаны (нақты), теңгемен көрсетіледі.

      14. 11-бағанда банктік шотта жатқан субсидиялар қалдығы теңгемен көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады