Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36640 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 89) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы 14 тамыздағы
№ 322 бұйрығымен
бекітілген

Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары

      1. Осы Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сәйкестігін айқындау мақсатында әзірленді.

      2. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:

      1) штатта электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы III төмен емес, мына шарттардың біріне жауап беретін кемінде үш маманның болуы:

      "өрт қауіпсіздігі", "есептеу техникасы және ақпараттық желілер", "бағдарламалық қамтамасыз ету", "автоматтандыру және басқару", "электр энергетикасы", "радиотехника, электроника және телекоммуникация", "ақпараттық жүйелер", "ақпараттық қауіпсіздік жүйелері", "инжиниринг және автоматтандырылған басқару жүйелері", "технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару", "өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу", "мехатроника", "робототехника және кірістірілетін жүйелер", "сандық техника", "радиотехника, электроника және телекоммуникациялар", "электрмен қамтамасыз ету", "электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандықтары бойынша жоғары техникалық білімі және электр жабдықтарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету саласында үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;

      "өрт қауіпсіздігі", "есептеу техникасы және ақпараттық желілер", "бағдарламалық қамтамасыз ету", "автоматтандыру және басқару", "электр энергетикасы", "радиотехника, электроника және телекоммуникация", "ақпараттық жүйелер", "ақпараттық қауіпсіздік жүйелері", "инжиниринг және автоматтандырылған басқару жүйелері", "технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару", "өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу", "мехатроника", "робототехника және кірістірілетін жүйелер", "сандық техника", "радиотехника, электроника және телекоммуникациялар", "электрмен қамтамасыз ету", "электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімі және электр жабдықтарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету саласындабес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;

      2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі немесе өзге де заңды негізде ғимараттың немесе үй-жайдың болуы;

      3) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті өлшем құралдарының тізбесінің болуы.

      Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті өлшем құралдарының тізбесіне:

      1) электр тізбектеріндегі кернеуді немесе электр қозғаушы күшті;

      2) ампердегі ток күшін;

      3) электрлік белсенді (омдық) кедергілерді;

      4) кедергі мәндерін;

      5) жарықтандыруды;

      6) сызықтық өлшемдерді;

      7) үй-жайдағы ауаның ылғалдылығы мен температурасын;

      8) су құбырындағы су қысымын;

      9) су құбырындағы судың температурасын;

      10) су құбыры саңылауының диаметрін;

      11) уақыт аралықтарын;

      12) статикалық созу күштерін;

      13) салмақтарын;

      14) ауадағы оттегінің концентрациясын;

      15) дыбыс деңгейін;

      16) кинематикалық тұтқырлығын;

      17) түтінге қарсы желдету жүйесінің отқа төзімді ауа өткізгіштерінің отқа төзімді жабынының қалыңдығын;

      18) түтінге қарсы желдету жүйесімен шығарылатын ауа шығыны, сондай-ақ тамбур-шлюздердің ашық есік ойығы арқылы ауа шығынының жылдамдығын;

      19) баспалдақ торларында, лифт шахталарында, тамбур-шлюздерде және лифт залдарында қысым айырмашылығын;

      20) талшықты-оптикалық байланыс желілерінің әлсіреуін өлшеуге арналған техникалық құралдар жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады