БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22711 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларында:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. ББЖМ жүргізілетін орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды. Білім беру ұйымдары мынадай параметрлер бойынша іріктеледі:
– аумақтық тиістілігі (қала, ауыл);
– жалпы білім беретін мекемелердің түрлері (жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мектеп-гимназия, мектеп-лицей);
– меншік нысаны (мемлекеттік, жекеменшік);
– оқыту тілі (қазақ/орыс);
– білім беру ұйымдарының қатысу пайызы (25%).
Жыл сайын білім беру ұйымдарының бұл санынан өткен оқу жылында ББЖМ-ға қатысқан ұйымдар алынып тасталады.
Білім беру ұйымдарын іріктеу оларды кездейсоқ іріктеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қалыптырыстылған жұмыс тізімін жүктеу нәтижесінде жүзеге асырылады.";
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының (бұдан әрі – білім басқармалары) ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.";
26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"26. ББЖМ нәтижелері ол аяқталған күннен кейін үш ай ішінде білім беру ұйымдарының назарына жеткізу үшін білім басқармаларына жіберіледі және құқықтық салдары болмайды.";
28-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"28. ББЖМ нәтижелері бойынша уәкілетті орган білім басқармаларына ол аяқталған күннен кейін алты ай ішінде ББЖМ нәтижелерінің кешенді талдауын, "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған әдістемелік ұсынымдарды жолдайды.
Білім басқармалары әдістемелік ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітеді және оны Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей жібереді.
Аумақтық департаменттер білім басқармаларының Іс-шаралар жоспарын орындауына мониторингті жүзеге асырады және ақпаратты уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынады.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 18 тамыздағы № 184 бұйрығына 1-қосымша Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару актісі
Білім беру ұйымы _____________ _____________________________________
(код) (атауы)
___________________________________________________________________
" ___ " _____________ 20 ___ жыл ____ сағат ____ минут
Министрліктің уәкілетті өкілі__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Тестілеу уақытында № _____ аудиторияның № _____ орнында отырған
№ ____ нұсқа бойынша тестіленуші, жеке коды __________________________
(тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларының
20-тармағы бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(табылған заттың атауы (маркасы, саны))
Аталған фактіні ескере отырып, мынадай шешім қабылданды:
тестіленуші, жеке коды ____ __________________________________________
(тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
№ ____ аудиториядан шығарылсын және оның тестілеу нәтижелері жойылсын.
Актімен танысты:
__________________________________________________________________
(тестіленушінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
__________________________________________________________________
(Министрліктің уәкілетті өкілінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 18 тамыздағы № 184 бұйрығына 2-қосымша Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Тестілеуге кіргізу немесе тестілеу барысында бөгде адамның анықталу актісі
Білім беру ұйымы ____________ _____________________________________
(код) (атауы)
__________________________________________________________________
" ____ " _____________ 20 ____ жыл ____ сағат ____ минут
Министрліктің уәкілетті өкілі _________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Тестіленуші, жеке коды ____ __________________________________________
(тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
орнына білім беру ұйымының ғимаратына тестілеу тапсыру үшін бөгде
адам ____________________________________ кіру әрекеті фактісі анықталды.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Аталған фактіні ескере отырып, мынадай шешім қабылданды:
______________________________ білім беру ұйымының ғимаратына тестілеу
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
тапсыруға жіберілмесін/№ _____ аудиториядан шығарылсын (қажеттісін сызу)
және тестіленуші, жеке коды _____ ____________________________________
(тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
тестілеу нәтижелері жойылсын.
Актімен танысты:
__________________________________________________________________
(тестіленушінің/бөгде адамның қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
__________________________________________________________________
(Министрліктің уәкілетті өкілінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))