БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32409 болып тіркелген) 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында ересектер мен балалар халқына анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын:
"1-1) бала (балалар) - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;";
12-тармақтың бірінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Операциялық-анестезиологиялық қауіпті анықтау, анестезияның (ауырсынуды басудың) түрін (әдісін) таңдау және операция алдындағы дайындықты жүргізу үшін пациентті қарап-тексеруді ересектерде жоспарлы операцияға дейін 24-48 сағаттан, балаларда жоспарлы операцияға дейін 12-24 сағаттан кешіктірмей анестезиолог-реаниматолог жүргізеді.";
27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Амбулаториялық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда анестезиологиялық көмекті анестезиолог-реаниматолог және (немесе) анестезиолог-реаниматологтар тобы кемінде 3 (үш) дәрігер (бұдан әрі – топ) құрамында көрсетеді және:
1) пациентті жоспарлы операцияға дейін қарап-тексеруді ересектерде жоспарлы хирургиялық араласу алдында 24-48 сағаттан кешіктірмей, балаларда жоспарлы хирургиялық араласу алдында 12-24 сағаттан кешіктірмей анестезиолог-реаниматолог дәрігер жүргізеді, пациентті қайта қарап-тексеру анестезияның тікелей алдында жүргізіледі;";
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
"27-1. Амбулаториялық жағдайларда балаларға анестезиологиялық көмекті мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 7 жыл бар балалар анестезиолог-реаниматолог көрсетеді.";
29 және 30-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Амбулаториялық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда мынадай талап ететін кездерде анестезиологиялық көмек көрсетілмейді:
өкпені ұзақ желдету;
реанимациялық бөлімше жағдайында пациентті бақылау;
операциядан кейінгі ұзақ бақылау (6 сағаттан астам);
балаларда анестезиологиялық көмек көрсету ұзақтығы 6 сағаттан асатын болса";
30. Амбулаториялық жағдайда анестезия жұмыс орнында міндетті түрде капнографиясы бар наркоздық-тыныс алу аппаратымен және қан газының талдаушы болған кезде жүргізіледі.";
37-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ересектерді жоспарлы операцияға дейін 24-48 сағаттан кешіктірмей, балаларды жоспарлы операцияға дейін 12-24 сағаттан кешіктірмей жоспарлы хирургиялық араласу алдында пациентті қарап-тексеру, ал шұғыл араласу жағдайында операция жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін;";
мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:
"46-1. Пациент АРҚТБ палатасында болған кезде негізгі ауру бойынша бейінді бөлімшеде тіркеледі.
Кезеңдік эпикриздерді, клиникалық диагнозды негіздеуді, өлімнен кейінгі эпикризді жазуды бейінді бөлімшенің емдеуші дәрігері жүзеге асырады.
Бейінді бөлімшенің меңгерушісі және (немесе) бейіні бойынша емдеуші дәрігер (демалыс және мереке күндері, түнгі уақытта бейіні бойынша кезекші дәрігер) АРҚТБ-те пациентті емдеудің барлық кезеңінде пациентті күнделікті тексеруді жүргізеді, пациенттің медициналық картасын толтырады, құзыреті шегінде емдеу-диагностикалық іс-шараларды орындайды.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |