Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 6 тамыздағы № 425 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 тамызда № 36586 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35143 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында:

      44, 44-1, 45, 46-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тізіліміне ағымдағы жылдың алдындағы, сондай-ақ ағымдағы жылды қоса алғанда соңғы 10 (он) жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдері тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік инвестициялар қаржыландыру көзі болып табылатын объектілер бойынша мынадай шарттар ескеріле отырып қаралады:

      1) әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады. Бұл ретте, қазынашылық ақпараттық жүйесінде мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда мұндай мәліметтер осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген талаптарға сәйкес қаралады;

      2) әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы "Расталған" мәртебесі бар бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде айқындалады;

      3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес талаптарға сәйкестігі.

      44-1. Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тізіліміне ағымдағы жылдың алдындағы, сондай-ақ ағымдағы жылды қоса алғанда соңғы 10 (он) жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдері тапсырыс берушілер квазимемлекеттік сектор субъектілері және мемлекеттік инвестициялар қаржыландыру көзі болып табылатын объектілер бойынша мынадай шарттар ескеріле отырып қаралады:

      1) бас мердігер ретінде әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар расталады:

      тапсырыс берушімен (қайта ұйымдастырылған жағдайда – тапсырыс берушінің құқықтық мирасқоры);

      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органмен.

      Растау электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған өнім берушілердің өтініштері негізінде жоғарыда көрсетілген органдармен және тұлғалармен жүзеге асырылады;

      жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы бөлігінде жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптаманың бірыңғай порталы арқылы;

      2) әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы "Расталды" мәртебесі бар бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесін растайтын және мәліметтер негізінде айқындалады немесе:

      тапсырыс берушімен (қайта ұйымдастырылған жағдайда – тапсырыс берушінің құқықтық мирасқоры);

      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органмен.

      Растауды жоғарыда көрсетілген органдар мен тұлғалар электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде жүзеге асырады;

      жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы бөлігінде жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптаманың бірыңғай порталы арқылы;

      3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 46-тармағының талаптарына сәйкестігі.

      45. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар тапсырыс берушілер болып табылатын техникалық және (немесе) технологиялық күрделі деп жатқызылған объектілер, сондай-ақ олардың кешендері, инженерлік және көлік коммуникациялары объектілер бойынша ағымдағы жылдың алдындағы, сондай-ақ ағымдағы жылды қоса алғанда, соңғы 10 (он) жыл ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарында (ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу) жұмыс өтілін растайтын мәліметтер мен құжаттарды Жұмыс тәжірибесі тізіліміне енгізуге әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері келесі талаптар ескеріле отырып қаралады:

      1) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды:

      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған өнім берушілердің өтініштері негізінде жүзеге асырылады;

      жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бөлігінде жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай порталы арқылы;

      2) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес талаптарға сәйкестігі.

      46. Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар:

      1) ағымдағы, орташа жөндеу объектілерін, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше пайдалануға қабылдайтын объектілерді қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 20-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

      2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 23-17) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстар актісінің электрондық көшірмесі;

      3) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 22-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның электрондық көшірмесі немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған жұмыс комиссиясының қорытындысы;

      4) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның электрондық көшірмесі;

      5) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі болып табылады.

      Тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелер болып табылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді.

      Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалар болып табылатын объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның заңнамасына сәйкес бекітілген нысандарға сәйкес келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органының ақпараттық жүйесіндегі осындай құжаттарды ұсынуға жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:

      "46-1. Орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінің (сертификаттар, шарттық баға ведомосыне сәйкес орындалған жұмыстарды қабылдау актілері, ақы төлеудің аралық сертификаттары) және объектілерді пайдалануға қабылдаудың электрондық көшірмелері халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жөніндегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.

      Ағымдағы жылдың алдындағы, сондай-ақ ағымдағы жылды қоса алғанда соңғы 10 (он) жылдағы, сондай-ақ ағымдағы жылдағы осындай жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның деректері негізінде расталады.";

      47, 48 және 49-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Әлеуетті өнім берушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеу бойынша ағымдағы жылдың алдындағы, сондай-ақ ағымдағы жылды қоса алғанда соңғы 10 (он) жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң сараптамалық қорытындыларымен расталады.

      Жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының шынайылығы жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бірыңғай порталы арқылы расталады.

      48. Әлеуетті өнім берушінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша ағымдағы жылдың алдындағы, сондай-ақ ағымдағы жылды қоса алғанда соңғы 5 (бес) жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың шынайылығы осы Қағидалардың 49-тармағында көзделген құжаттармен, сондай-ақ осы Қағидалардың 44, 44-1 және 45 тармақтарында көзделген тәртіппен расталады.

      Әлеуетті өнім берушінің халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы құжаттармен және осы Қағидалардың 46-1-тармағында көзделген тәртіппен расталады.

      49. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар:

      1) ағымдағы, орташа жөндеу объектілерін, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше пайдалануға қабылдайтын объектілерді қоспағанда, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

      2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның электрондық көшірмесі;

      3) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі болып табылады.

      Тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелер болып табылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжатты енгізеді.

      Тапсырыс берушілер квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын құрылыс-монтаж жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді.

      Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге (ғимараттар мен құрылыстардың жаңа құрылысы) жатқызылған объектілерді, сондай-ақ олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын тапсырыс берушілер мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді.

      Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысанға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай құжатты Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде ұсынуға жол беріледі.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Веб-портал арқылы Жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізілетін, оның жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушінің әрбір жұмыс тәжірибесі бөлінісінде мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) мәліметтер мен құжаттар осы Қағидалардың 44, 44-1, 45, 46, 46-1, 47, 48 және 49-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайларда қабылданатын растау туралы;

      2) растаудан бас тарту туралы, ол мынадай жағдайларда қабылданады:

      жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінің дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталған;

      осы Қағидалардың 44, 44-1, 45, 46, 46-1, 47, 48 және 49-тармақтарында көзделген талаптарға мәліметтер мен құжаттардың сәйкес келмеуі.";

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Егер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес орындауға (көрсетуге) бірінші немесе екінші санаттағы тиісті рұқсаттың болуы талап етілетін жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылған жағдайда, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талабы ұсынылмайды.

      Құрылыс (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау және қолданыстағы объектілерді күрделі жөндеу) саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (лицензия) әлеуетті өнім берушінің материалдық және еңбек ресурстарына ие екендігін растайтын құжат болып табылады.

      Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаты (хабарламасы) бар және құрылыспен байланысты емес жұмыстарды (ағымдағы немесе орташа жөндеу, қалпына келтіру, қолданыстағы объектілерді қайта өңдеу, абаттандыру, дамыту) мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер Қазақстан Республикасының рұқсат беру және рұқсат беру туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (лицензия) арқылы материалдық және еңбек ресурстарына иелігін растайды.

      Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттың (лицензияның) түрлері мен кіші түрлері жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына осындай (ұқсас) болып табылады.

      Егер мемлекеттік сатып алудың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар (ағымдағы немесе орташа жөндеуге, қалпына келтіруге, қолданыстағы объектілерді қайта өңдеуге, абаттандыруға, дамытуға байланысты емес жұмыстар) болса, әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен материалдық және еңбек ресурстарының иелігін растайды.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Заңның 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіден жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстарының болуын талап ету қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте бұл талап рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда белгіленбейді.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Әлеуетті өнім берушінің ғимараттар, құрылыстар, автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы, егер ол конкурсқа бөлінген бағадан жиырма пайыздан астам төмен болса, демпингтік болып танылады.";

      227 және 228-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "227. Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер (қосалқы жобалаушы) ретінде жұмыс тәжірибесі болса, веб-портал сатып алынатын жұмыстар нарығында, оның ішінде конкурстың нысанасы болып табылатын осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі болған әрбір жыл үшін 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік автоматты түрде береді.

      228. Егер бір жыл ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста, оның ішінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша бірнеше құрылыс объектісінде сатып алынатын жұмыстарды орындаған жағдайда, веб-портал әрбір келесі құрылыс объектісі үшін 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер осы жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер (қосалқы жобалаушы) ретінде орындаған болса, конкурстық комиссия әрбір келесі құрылыс объектісі үшін 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжат Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларына сәйкес жұмыс тәжірибесі тізіліміне енгізілетін құжаттардың электрондық көшірмелері болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 228-1, 228-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "228-1. Қағидалардың 226, 227 және 228-тармақтарында көзделген жағдайларда жұмыс тәжірибесі жылына үш нысаннан артық емес ескеріледі.

      228-2. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсаттары үшін тапсырыс беруші мемлекеттік емес заңды тұлғалар болып табылатын объектілер бойынша бас мердігер (жобалаушы) ретінде әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер (кешендер) бойынша ғана ескеріледі.

      Бұл ретте, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер (қосалқы жобалаушы) ретіндегі жұмыс тәжірибесі осы насындар бойынша ескерілмейді.";

      16-параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-параграф. Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшем ретінде жұмыс тәжірибесін есептеу тәртібі";

      244, 245, 246-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "244. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіде осы Параграфқа сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарымен байланысты емес сатып алынатын жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты жеңілдік береді.

      245. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын жұмыстар нарығында, автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша жұмыс тәжірибесі болған әрбір жыл үшін 1 (бір) пайыз мөлшерінде, бірақ 10 (он) пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді.

      Егер бір жыл ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша бірнеше жұмысты орындаған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын әрбір келесі орындалған жұмыс үшін 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз мөлшерінде, бірақ жалпы алғанда 1 (бір) пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді.

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы тапсырыс берушілер мемлекеттік емес заңды тұлғалар болып табылатын объектілер бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде қолданылмайды.

      246. Автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесі есепке алынбайды.";

      251-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "251. Веб-портал әлеуетті өнім берушінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау бойынша сатып алынатын қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі болған әрбір жыл үшін 1 (бір) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді, бірақ 5 (бес) пайыздан аспайды.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларына сәйкес жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізілетін құжаттардың электрондық көшірмелері болып табылады.

      Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мәліметтерді толтыру бөлігінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің өтінімі форматты-логикалық бақылауды ескере отырып, веб-порталда автоматты түрде қалыптастырылады.

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы тапсырыс берушілер мемлекеттік емес заңды тұлғалар болып табылатын техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын объектілер бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде қолданылмайды.";

      266-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "266. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде веб-портал әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлердің шартты жеңілдігінің жалпы сомасының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз осындай әлеуетті өнім беруші өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәніне сәйкес келетін жеңімпаз болып айқындалған ағымдағы қаржы жылының қорытындылары туралы хаттамадағы әрбір лот үшін автоматты түрде алып қояды.";

      268-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "268. Әлеуетті өнім берушінің аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі өткен жылдың алдындағы кемінде үш жыл үшін есепке алынады.

      Әлеуетті өнім берушінің жылдық қаржылық есептілігінің аудитін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10875 болып тіркелген) Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптардың 4-тармағына сәйкес келетін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген) қаулысының талаптарына сәйкес Қазақстан қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады.";

      269-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "269. Аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийінде орналастыру Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, сондай-ақ аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес 30 қыркүйектен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап ескеріледі.";

      271-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "271. Көрсетілген кезеңдегі қаржылық есептілік депозитарийіне аудиттелген жылдық қаржылық есептілік болған жағдайда, веб-портал автоматты түрде әлеуетті өнім берушіге 2 (екі) пайызға дейінгі мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсатында аудиттелген жылдық қаржылық есептілік өлшемшарттарын есептеу осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес формула бойынша жүзеге асырылады.";

      493-тармақтың 6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде әлеуетті өнім берушімен шарт жасасуы;

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5) және 6) тармақшаларының талаптары Заңның 15-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.";

      516-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "516. Заңның 16-бабының 3-тармағының 1), 5), 10), 19), 20), 25), 26), 36) және 41) тармақшаларына сәйкес көзделген негіздер бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып уәкілетті орган қалыптастыратын тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілердің тізімі (бұдан әрі – Тізім) бойынша жүзеге асырылады.

      Тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерді Тізімге енгізуді уәкілетті орган тапсырыс берушінің немесе әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларға 36 немесе 37-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша осы тізімге енгізу туралы өтініші негізінде жүзеге асырады.

      Өтінішке тапсырыс берушінің немесе әлеуетті өнім берушінің өкілеттіктерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткізілетін тауарға, орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Бұл ретте растау Заңның 16-бабы 3-тармағының тиісті негіздемесінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды.

      Осы тармақпен көзделген тізімді уәкілетті орган өзектендіреді және бірыңғай оператор веб-порталда орналастырады.";

      519 және 520-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "519. Заңның 7-бабы 1-тармағының 2), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы осы Қағидаларға 38, 39-1, 40, 41, 42 және 43-қосымшаларға сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттарға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын:

      1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      2) рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      3) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

      520. Веб-портал арқылы шарт жасасу бойынша талаптар Заңның 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 11), 12), 13), 14), 15) 17), 21), 22), 23), 24) және 27) тармақшаларында және 26-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттарды жасасу мерзімі шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 536-тармақпен толықтырылсын:

      "536. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушінің Заңның 7-бабы 1-тармағының 2) 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген шектеулері болса, тапсырыс беруші осы Қағидалардың 533-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшасы алып тасталынсын;

      осы Қағидаларға 4-қосымшада:

      Конкурстық құжаттамада:

      18-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті қамтиды. Бұл ретте ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, оның ішінде тауарлық белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларын, патенттерін, пайдалы моделдерін, өндірістік үлгілерін, тауардың шығу жері мен өндірушінің атауын, және басқа да сипаттамаларын көрсете отырып, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін осы КҚ-ға 13, 14, 15 және 16-қосымшаларға, тауарлар үшін осы КҚ-ға 17-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша көрсетіледі. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілер Индустриялық сертификатқа сәйкес тек қана өз өндірісінің тауарына техникалық ерекшелік беру қажет.

      Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі;

      Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес әрбір жинақтаушы тауар туралы техникалық ерекшелікті жеке ұсынады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай:

      1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;

      2) конкурсқа қатысуға берілген өтінім осы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;

      3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;

      4) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылған), егер:

      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін болып айқындалса;

      2) Заңның 7-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері бар. Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) 8), 9), 11) және 13) тармақшаларда көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қабылдамауға тиіс. Заңның 7-бабы 1-тармағының 2), 10), және 12) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша конкурстық комиссия ақпаратты тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында қарайды;

      3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ талаптарына сәйкес келмейтін болып айқындалған, оның ішінде егер ол қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған болса.";

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 9-1-қосымшамен толықтырылсын;

      11-12-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      17-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 4-қосымшада:

      Аукциондық құжаттамада:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға берген өтінімі мынадай:

      1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы аукционға қатысуға өтінім берген;

      2) аукционға қатысуға берілген өтінім осы аукционға қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;

      3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;

      4) Заңның 7-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) 8), 9), 11) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға жіберілмейді (аукционға қатысушы деп танылады), егер:

      1) өзі және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;

      2) Заңның 7-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған. Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 8), 9), 11) және 13) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 7-бабының 1-тармағының 2), 10) және 12) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша аукциондық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.

      3) егер оның аукционға қатысуға өтінімі АҚ талаптарына сәйкес келмейтін болып айқындалса, оның ішінде егер ол АҚ және Қағидалардың талаптарына сәйкес аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаса.";

      көрсетілген Қағидаларға 39-қосымшада:

      14.3.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14.3. Мердігердің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамадағы өзгерістерге байланысты соманың ұлғаюы бөлігінде шартқа өзгерістер енгізілген жағдайда, шарт сомасын ұлғайту әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу бағасын ұсынған кезде есептелген ең төменгі шекті демпингтік құн ескеріле отырып жүзеге асырылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 6 тамыздағы
№ 425 Бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік сатып алу
саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және оларды
жүргізудің қағидаларына
6-қосымша
нысан

Тапсырыс берушінің бланкісі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Тапсырыс берушінің қазақ тіліндегі ресми атауы


Тапсырыс берушінің орыс тіліндегі ресми атауы

ШЕШІМ


РЕШЕНИЕ

_________________
(күні)


№ ___________
(дата)

Қазақ тілінде басып шығарылған жері


Орыс тілінде басып шығарылған жері

      Өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және 17-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша:

      Сатып алу туралы хабарландыру нөмірі:

      Сатып алу тәсілі:

      Шартты жасасу күні: күні/айы/жылы

      Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген жағдайда) не (немесе) Заңның 13-бабында көзделген соманы енгізу мерзімінің аяқталу күні: күні/айы/жылы

      Тапсырыс беруші:

      Атауы:

      БСН:

      Мекенжайы:

      Телефоны:

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Заңның 17-бабының 5-тармағына сәйкес ______ тәсілмен өткізілген күні/айы/жылғы № _____ шарт бойынша ___лот бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді немесе Заңның 13-бабында көзделген соманы енгізбеуге байланысты _________ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылсын.

      2. Заңның 8-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылсын.

      3. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтер енгізілсін:

Атауы/Т.А.Ә.:


БСН/ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері:


Басшының Т.А.Ә.:


Басшының ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін басшының тіркеу деректері:


Құрылтайшының (құрылтайшылардың) атауы/ Т.А.Ә.:


Құрылтайшының (құрылтайшылардың) БСН/ЖСН-і, бейрезидент өнім берушілер үшін құрылтайшылардың тіркеу деректері:


Мекенжайы:


Телефоны:


      4. Тізілімде болу кезеңі бұйрық бекітілген күннен бастап 24 ай болып белгіленсін.

      5. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті адамның Т.А.Ә. (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 6 тамыздағы
№ 425 Бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік сатып алу
саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және
оларды жүргізудің
қағидаларына
10-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар тізбесі

      1. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеу жұмыстары бойынша

Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың атауы

Ескертпе

1.

Құрылыс объектісінің атауы


2.

Құрылыс объектісі бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі:
1. Бас мердігер;
2. Бас жобалаушы;
3. Қосалқы мердігер;
4. Қосалқы жобалаушы.


3.

Мердігер туралы мәліметтер

Егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерді (қосалқы жобалаушыны) тартқан бас мердігер (жобалаушы) болып табылса, онда мұндай қосалқы мердігер (қосалқы жобалаушы) туралы мәліметтер қосымша көрсетіледі (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі). Егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер (қосалқы жобалаушы) болып табылса, онда қосымша бас мердігер (жобалаушы) туралы мәліметтер көрсетіледі (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі).

4.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асырған тұлға туралы мәліметтер

Атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

5.

Құрылыс түрі (жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялары) реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу)


6.

Мекенжайы (құрылыс объектісінің орналасқан жері)


7.

Тапсырыс берушінің атауы


8.

Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы


9.

Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмен)


10.

Объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар, сондай-ақ құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар)


11.

Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар)


12.

Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші мәлімдеген жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі


13.

Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні:

Құжаттардың электрондық көшірмелерін салу қажет

      2. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына техникалық қадағалау, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі инжинирингтік қызметтер

Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың атауы

Ескертпе

1.

Жұмыс тәжірибесі тізілімінде бас мердігердің құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша тәжірибесі туралы мәліметтер

Мәліметтердің нөмірі, сондай-ақ бас мердігердің мәліметтер туралы (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі

2.

Құрылыс объектісінің атауы


3.

Мекенжайы (құрылыс объектісінің орналасқан жері)


4.

Тапсырыс берушінің атауы


5.

Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы


6.

Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні:

Құжаттардың электрондық көшірмелерін салу қажет

      3. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары

Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың атауы

Ескертпе

1.

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуді техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асырған тұлға туралы мәліметтер

Атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

2.

Объект атауы


3.

Мекенжайы (объектінің орналасқан жері)


4.

Тапсырыс берушінің атауы


5.

Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің немесе орындалған жұмыстар актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы


6.

Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні:

Құжаттардың электрондық көшірмелерін салу қажет

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 6 тамыздағы
№ 425 Бұйрығына
3-қосымша
Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
9-1-қосымшa

Аудиттелген жылдық қаржылық есептілік критерийін есептеу формуласы

      2 (екі) пайызға дейінгі мөлшердегі шартты жеңілдік әлеуетті өнім берушіге соңғы үш жылдағы аудиттелген жылдық қаржылық есептіліктен мынадай көрсеткіштердің орташа мәнін есептеу нәтижесінде мынадай формула бойынша беріледі:

      1) Меншікті капитал:

      МК ≥ 300 000 АЕК,

      мұнда:

      МК – меншікті капитал;

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

      Егер әлеуетті өнім берушінің меншікті капиталы айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда, онда веб-портал 1 (бір) пайызды автоматты түрде есептейді;

      2) Жылдам өтімділік коэффициенті:

      ЖӨК = (АА−Қ)/ҚМ,

      мұнда:

      ЖӨК - жылдам өтімділік коэффициенті;

      АА – айналым активтері;

      Қ – қорлар;

      ҚМ - қысқа мерзімді міндеттемелер.

      Егер әлеуетті өнім берушінің тез өтімділік коэффициенті норманың мәнінен асып кеткен жағдайда (≥1), онда веб-портал автоматты түрде 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) пайызды есептейді;

      3) меншікті айналым қаражаты:

      МАҚ = МК – АтА,

      мұнда:

      МАҚ - меншікті айналым қаражаты;

      МК – меншікті капитал;

      АтА – айналымнан тыс активтер.

      Егер меншікті айналым қаражаты оң мәнге ие болған жағдайда (≥0), онда веб-портал автоматты түрде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызды есептейді;

      4) автономия коэффициенті:

      АК = МК/АА,

      мұнда:

      АК - автономия коэффициенті;

      МК – меншікті капитал;

      АА – айналым активтері.

      Егер әлеуетті өнім берушінің автономия коэффициенті норманың мәнінен асып кеткен жағдайда (≥0,5), онда веб-портал автоматты түрде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызды есептейді.

      5) активтердің рентабельділігі:

      АР = ТП/СВА×100%,

      мұнда:

      АР - активтердің рентабельділігі;

      ТП - таза пайда;

      АОШ - активтердің орташа шамасы,

      мұнда:

      АОШ = (Кезең басындағы активтер + Кезең соңындағы активтер)/2.

      Егер әлеуетті өнім беруші активтерінің рентабельділігі мәннен асып кеткен жағдайда (≥10%), онда веб-портал автоматты түрде түрде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызды есептейді.

Қаржылық есептілік критерийі

Асып кеткен кезде шартты жеңілдік есептелетін ең төменгі мән

Өлшемнің шекті мәні

1.

МК

300 000 АЕК

1 %

2.

ЖӨК

1,0

0,4 %

3.

МАҚ

0

0,2 %

4.

АК

0,5

0,2 %

5.

АР

10%

0,2 %

Барлығы

2 %

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 6 тамыздағы
№ 425
Бұйрығына 4-қосымша
Конкурстық құжаттамаға
11-қосымша

Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды сатып алу кезіндегі біліктілік және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші (қосалқы мердігер) толтырады)

      Тапсырыс берушінің атауы ______________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________

      Конкурстың № _________________________________________________

      Конкурстың атауы ______________________________________________

      Лоттың № _____________________________________________________

      Лоттың атауы __________________________________________________

      Әлеуетті өнім берушінің (қосалқы мердігердің) БСН/ЖСН/ССН/СЕН және атауы__________

      1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер.

Рұқсаттың (хабарламаның) атауы

Қызмет түрі

Ерекше шарттар (санат)

Құжатты беру күні мен нөмірі

Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі

1.






      Осы тармақ егер жұмыстарды орындау тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда толтырылады.

      2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы туралы мәліметтерді веб-портал мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындайды.

      3. Банкроттық не тарату рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтынын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).

      4. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыстарды орындау үшін қажетті талап етілетін материалдық және еңбек ресурстардың болуы туралы мәліметтер.

      Материалдық ресурстар:

Материалдық ресурстардың атауы

Қолда бар бірліктердің саны

Жағдайы (жаңа, жақсы, жаман)

Меншікті (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін)

Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме)

1.






      Еңбек ресурстар:

Мамандық (біліктілік) атауы

Қызметкерлердің Т.А.Ә. (ол бар болса), ЖСН

Біліктілігі туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың электрондық көшірмелерін қоса беру)

Қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы растау күні

1.





      5. Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.

      Егер жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қойылмайды.

Жұмыстың атауы

Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері)

Тапсырыс берушінің атауы

Орындалған жұмыстар актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы

Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі

Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме)

1.








 

Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын. Осы қосымшада мәліметтер көрсетілмеген жағдайда, мұндай мәліметтер толық емес болып табылады.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 6 тамыздағы
№ 425 Бұйрығына
5-қосымша
Конкурстық құжаттамаға
12-қосымша

Көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін біліктілік және өлшемшарттар туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші (бірлесіп орындаушы) толтырады)

      Тапсырыс берушінің атауы ______________________________________

      Ұйымдастырушының атауы _____________________________________

      Конкурстың № ________________________________________________

      Конкурстың атауы _____________________________________________

      Лоттың № ____________________________________________________

      Лоттың атауы __________________________________________________

      Әлеуетті өнім берушінің (бірлесіп орындаушының) БСН/ЖСН/ССН/СЕН және атауы______________

      1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген рұқсаттың (хабарламаның) бар екені туралы мәліметтер.

Рұқсат (хабарлама) атауы

Қызмет түрі

Ерекше шарттар (санаты)

Құжаттың берілген күні мен нөмірі

Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі

1.






      Егер қызметтер көрсетуді, тиісті рұқсатты алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда осы тармақ толтырылады.

      2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерінің негізінде веб-портал автоматты түрде анықтайды.

      3. Банкроттық немесе таратылу рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтындығын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).

      Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету үшін қажет талап етілетін материалдық және еңбек ресурстардың бар екендігі туралы мәліметтер.

      Материалдық ресурстар:

Материалдық ресурстардың атауы

Қолда бар бірліктердің саны

Жағдайы (жаңа, жақсы, жаман)

Меншікті (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін)

Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме)

1.






      Еңбек ресурстар:

Мамандық (біліктілік) атауы)

Қызметкерлердің Т.А.Ә. (ол бар болса), ЖСН

Біліктілігі туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың электрондық көшірмелерін қоса беру)

Қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы растау күні

1.





      5. Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы бес жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.

      Егер көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қойылмайды.

Қызметтің атауы

Қызмет көрсету орны

Тапсырыс берушінің атауы

Қызмет көрсету жылы, айы (___ бастап _ дейін)

Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі

Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме)

1.








 

Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын. Осы қосымшада мәліметтер көрсетілмеген жағдайда, мұндай мәліметтер толық емес болып табылады.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 6 тамыздағы
№ 425 Бұйрығына
6-қосымша
Конкурстық құжаттамаға
17-қосымша

Ұсынылатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім беруші әр лот үшін жеке ұсынады)

      Тапсырыс берушінің атауы _______________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________

      Конкурстың № _________________________________________________

      Конкурстың атауы ______________________________________________

      Лоттың № _____________________________________________________

      Лоттың атауы __________________________________________________

      Өнім берушінің атауы ___________________________________________

      Өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________

Маркасы және/немесе тауар белгісі не қызмет көрсету белгісі, моделі, типі көрсетілген тауардың атауы


Шыққан елі


Дайындаушы зауыт (дайындаушы зауыттың атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі (мекен-жайы, бар болса))


Шығарылған жылы


Кепілдік мерзімі (бар болса) (айлармен)


Жеткізу мерзімі


Тауарды жеткізу орны


Ұлттық стандарттардың атауы, ал олар болмаған жағдайда ұсынылатын тауарларға арналған мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған, ұсынылатын тауардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі (нақты сипаттамалары көрсетіледі)


Ұсынылатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамаларының сипаттамасы (нақты сипаттамалары көрсетіледі)


Ілеспе қызметтер (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (тауарларды монтаждау, баптау, оқыту, тексеру және сынау)*


Әлеуетті өнім беруші оны жеңімпаз деп айқындаған және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда

Веб-портал автоматты түрде қалыптастырады (тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінен тартылады)



Ұсынылатын тауардың техникалық ерекшелігінің барлық мәліметтерінің дұрыстығын растаймын

      Ескертпе:

      1. Әрбір сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және орындаушыға қосымша шарттар жеке жолмен көрсетіледі.

      2. Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшелік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      4. Әлеуетті өнім беруші конкурстың жеңімпазы деп танылған және онымен шарт жасалған жағдайда, мұндай шарттың техникалық ерекшелігі конкурс жеңімпазының техникалық ерекшелігінің негізінде қалыптастырылады.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілер Индустриялық сертификатқа сәйкес тек қана өз өндірісінің тауарына техникалық ерекшелік беру қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады