ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 17.12.2025 № 782 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 "Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18034 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептіліктің нысанын толтыру қағидаларында:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер халықаралық топтың қатысушысы қаржылық есептілікті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген валютадан өзгеше валютада жасайтын болса, онда халықаралық топтың осындай қатысушысының қаржылық көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 21-бабының 3) тармақшасында айқындалған валютаның орташа арифметикалық ресми бағамын қолдана отырып шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау валютасында қайта есептеледі.".
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |