Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 4 тамыздағы № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 тамызда № 36577 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 "Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:

      9-тармақтың отыз төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Теңге бағамы" деген 35-бағанда кіріс танылған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің ресми бағамы көрсетіледі.";

      10-тармақтың отыз төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Теңге бағамы" деген 35-бағанда шығыс танылған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің ресми бағамы көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 "Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18034 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептіліктің нысанын толтыру қағидаларында:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер халықаралық топтың қатысушысы қаржылық есептілікті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген валютадан өзгеше валютада жасайтын болса, онда халықаралық топтың осындай қатысушысының қаржылық көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 21-бабының 3) тармақшасында айқындалған валютаның орташа арифметикалық ресми бағамын қолдана отырып шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау валютасында қайта есептеледі.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 4 августа 2025 года № 419. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 августа 2025 года № 36577

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2026.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 176 "Об утверждении Правил осуществления мониторинга сделок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10760) следующие изменения:

      в Правилах осуществления мониторинга сделок, утвержденных указанным приказом:

      часть тридцать четвертую пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "В графе 35 "Курс тенге" указывается официальный курс тенге к валюте контракта (договора) на дату признания дохода.";

      часть тридцать четвертую пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "В графе 35 "Курс тенге" указывается официальный курс тенге к валюте контракта (договора) на дату признания расхода.".

      2. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 декабря 2018 года № 1104 "Об утверждении форм местной, основной и межстрановой отчетностей по трансфертному ценообразованию и Правил их заполнения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18034) следующее изменение:

      в Правилах заполнения формы межстрановой отчетности по трансфертному ценообразованию, утвержденных указанным приказом:

      часть вторую пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "Если участник международной группы составляет финансовую отчетность в валюте, отличной от валюты, указанной в части первой настоящего пункта, то финансовые показатели такого участника международной группы пересчитываются в валюту составления консолидированной финансовой отчетности с применением среднеарифметического официального курса валюты, определенного подпунктом 3) статьи 21 Налогового кодекса Республики Казахстан.".

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Исполняющий обязанности
министра финансов
Республики Казахстан
Е. Биржанов