БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларында:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Ұлттық біліктілік жүйесі (бұдан әрі - ҰБЖ) – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені.";
2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) үміткер – еңбек мобильділігі орталығында (мансап орталығында) жұмыссыз ретінде тіркелген және біржолғы ваучер алуға үміткер адам.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мансап орталығы кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге ниет білдірген үміткерге Кәсіптер тізіліміне сәйкес кәсіпті және мәліметтері ҰБЖ цифрлық платформасында орналастырылған тану орталығын таңдауда консультациялық көмек көрсетеді.
Біржолғы ваучер алу үшін үміткер ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін ҰБЖ цифрлық платформасындағы жеке кабинетінде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы ваучер алуға электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған өтініш;
2) білім туралы құжаттың көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар білім деңгейіне және еңбек өтілінің болуына қойылатын талаптар тиісті кәсіптік стандарттарда, ал олар болмаған кезде – біліктілік талаптарында белгіленген жағдайда ұсынылады.
ҰБЖ цифрлық платформасы өтініш автоматты режимде келіп түскен сәттен бастап:
үміткердің жұмыссыз ретінде тіркеудің болуына;
Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлуге сәйкес үміткердің өтініш берген өңірінде біржолғы ваучердің болуына;
үміткердің ағымдағы жылы біржолғы ваучер алмауына үміткердің өтінішін тексеруді жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Тану орталығы өтінішті алған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде үміткердің ҰБЖ цифрлық платформасында үміткердің жеке кабинетінде мәлімделген кәсіп бойынша кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту мүмкіндігін растайды және растауды "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы еңбек мобильділігі орталығына жібереді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы тану орталығы расталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанындағы біржолғы ваучерді оның берілген күні мен қолданылу мерзімін, үміткердің жеке сәйкестендіру нөмірін және тану орталығының атауын көрсете отырып, ҰБЖ цифрлық платформасындағы үміткердің жеке кабинетіне жібереді.
Біржолғы ваучер алушының мәртебесі үміткерге өтінішті қарау нәтижелері бойынша ваучер беру туралы шешімді тану орталығы қабылдаған сәттен бастап беріледі.
Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімі оны берген күннен кейін күнтізбелік қырық бес күнді құрайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Егер алушы біржолғы ваучерді оның қолданылу мерзімі ішінде пайдаланбаған болса, онда ол автоматты түрде жойылады, бұл туралы ақпарат "Еңбек нарығы" ААЖ-ға келіп түседі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Ваучер негізінде кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге жұмсалған шығыстарды өтеу сомасы мен оны өткеруге жұмсалған нақты шығындар арасындағы айырманы біржолғы ваучерді алушы өз қаражаты есебінен дербес төлейді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Емтихан комиссиясы Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген кәсіптік біліктілікті тану қағидаларында айқындалған тәртіппен кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту туралы шешімнің хаттамасына қол қойған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде тану орталығы еңбек мобильділігі орталығына ҰБЖ цифрлық платформасында жеке кабинетте қалыптастырылған және ЭЦҚ қойылған көрсетілген қызметтердің актісін нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясы шешімінің хаттамасын қоса бере отырып жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды және орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Ертаев |
Қосымша: Кәсіптік біліктілікті тану орталығы тағайындаған кәсіптік біліктілікті тану рәсімін өткізу күніне сәйкес мәртебесін көрсете отырып (өткен/өтпеген) кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өткен адамдардың тізбесі.
Тапсырды (Орындаушы)
_________________/_____________/__________________________
лауазымы қолы толық жазылуы қолтаңбалар
Мөр орны
Қабылдады (Тапсырыс беруші)
_________________/______________/__________________________
лауазымы қолы толық жазылуы қолтаңбалар
Көрсетілетін қызметтерге қол қойылған (қабылданған) күні
_______________________
Мөр орны
Ескерту:
* Құрылыс-монтаж жұмыстарын қоспағанда, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беру үшін қолданылады.
** Егер көрсетілген қызметтердің күндері әртүрлі кезеңдерге келетін болса, сондай-ақ қызметтер көрсету күндері мен қызметтерге қол қою (қабылдау) күндері әртүрлі болған жағдайда толтырылады.