БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20391 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы мониторингі агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2025 жылғы 30 шілдедегі № 124 Бұйрыққа қосымша |
Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік талаптары) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
Осы Үлгілік біліктілік талаптарының күші арнаулы атақтары берілетін азаматтық қорғау органдары лауазымдарына да қолданылады
2. Үлгілік біліктілік талаптары жұмыс өтілі бойынша талаптарды қамтиды.
Осы Үлгілік біліктілік талаптарында жұмыс өтілі ретінде:
1) мемлекеттік лауазымдарда – саяси және (немесе) әкімшілік мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі, сондай-ақ құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, әскери оқу орындарының лауазымдарындағы қызмет өтілі және әскери қызмет өтілі;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келетін салаларда – ұйымдардағы, оның ішінде орта және ірі кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі (оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі), сондай-ақ халықаралық, трансұлттық ұйымдардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келетін жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның бейініне сәйкес бағыт бойынша – нақты лауазымда көзделген функциялар мен міндеттерді орындауға байланысты жұмыс өтілі танылады.
Жұмыс өтілін айқындау, оның ішінде осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі, үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады (шетелдік, трансұлттық ұйымдардағы немесе шет мемлекеттердің құрылымдарындағы жұмыс өтілі өзге де құжаттармен де расталуы мүмкін).
3. Құқық қорғау органдары осы Үлгілік біліктілік талаптары негізінде құқық қорғау органы мен оның бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттарын, құқық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін ескеріп, кәсіби қызметті тиімді атқару үшін қажетті білім, жұмыс өтілі, құзыреттер, кәсіптік даярлық бойынша талаптарды және өзге талаптарды қамтитын ведомстволық біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді.
4. Кәсіби даярлығы жоғары, өзіндік ерекшелікті білімі немесе белгілі бір мамандықтар бойынша едәуір жұмыс тәжірибесі бар адамдар, осы Үлгілік біліктілік талаптарында белгіленген қажетті жұмыс өтілін ескерместен, құқық қорғау органының бірінші басшысының шешімі және (немесе) келісімі бойынша құқық қорғау органдарының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
2-тарау. Жұмыс өтілі бойынша үлгілік біліктілік талаптары
5. C-GP-1, B-FM-1, C-SV-1 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі он жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес, соның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-2, C-OGP-3, C-AGP-3, C-KSGP-2, C-KAGP-2, C-VP-2, C-TP-3, C-SV-2, C-SVО-1, C-SVU-1, B-FM-2, B-FMО-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте он жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде орталық деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың департамент бастығынан төмен емес немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында төрт жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотынан немесе Конституциялық сотынан төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде саяси не осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін "А" корпусындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда алты жылдан кем емес, соның ішінде орта кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің немесе қызметкерлерінің орташа жылдық саны жүз адамнан кем емес коммерциялық емес ұйымдардың басшысынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес.
6. C-VP-1, C-AGP-1, C-KSGP-1, C-KAGP-1 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі он жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес, соның ішінде С-GP-3, C-OGP-2, C-AGP-3, C-KSGP-2, C-KAGP-2, C-VP-2, C-TP-3, C-SV-2, C-SVО-1, C-SVU-1, B-FM-2, B-FMО-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте он жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде орталық деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың департамент бастығынан төмен емес немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында төрт жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотынан немесе Конституциялық сотынан төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде саяси не осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін "А" корпусындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда алты жылдан кем емес, соның ішінде орта кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің немесе қызметкерлерінің орташа жылдық саны жүз адамнан кем емес коммерциялық емес ұйымдардың басшысынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес.
7. C-TP-1, C-AGP-2, C-AGP-3 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес, соның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-3, C-KSGP-2, C-ОKSGP-1, C-АGP-4, C-VP-2, C-TP-3, C-OGP-3, C-KAGP-2, C-SV-2, C-SVO-1, C-SVU-1, B-FM-2, B-FMO-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте он жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде орталық деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың департамент бастығынан төмен емес немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотынан немесе Конституциялық сотынан төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде саяси не осы санаттардағы нақты лауазымдардың тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін "А" корпусындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда алты жылдан кем емес, соның ішінде орта кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің немесе қызметкерлерінің орташа жылдық саны жүз адамнан кем емес коммерциялық емес ұйымдардың басшысынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес.
8. C-GP-2, C-OGP-1, C-KSGP-2, C-KAGP-2, B-FM-2, B-FMО-1, C-SV-2, C-SVО-1, C-SVU-1 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес, соның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-4, C-OGP-3, C-АGP-4, C-KSGP-3, C-ОKSGP-1, C-KАGP-3, C-VP-2, C-TP-3, B-FM-3, B- FMO-2, C-SV-3, C-SVO-2, C-SVU-2, C-SN-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте тоғыз жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде орталық деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың департамент бастығынан төмен емес немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органының немесе әскери оқу орындарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотынан немесе Конституциялық сотынан төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі он жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде саяси не осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін "А" корпусындағы лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде орта кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің немесе қызметкерлерінің орташа жылдық саны жүз адамнан кем емес коммерциялық емес ұйымдардың басшысынан төмен емес лауазымдарда бес жылдан кем емес.
9. C-GP-3, C-AGP-4, C-TP-2, C-TP-3, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OKSGP-1, C-VP-2, B-FM-3, B-FMО-2, C-SV-3, C-SVО-2, C-SVU-2, C-SN-1 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша басшы лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-4, C-AGP-5, C-VP-3, C-TP-4, C-OGP-4, C-KSGP-4, C-KAGP-4, C-OKSGP-2, C-RVP-1, C-GVP-1, C-RTP-1, C-RGP-1, B-FM-4, B-FMО-3, C-SV-4, C-SVО-3, C-SVR-1, C-SVR-2 (C-SVО-2 санаты лауазымына орналасу үшін), C-SVU-3, C-SN-2, C-SGU-1, C-SGU-3, C-SGU-5 санаттарынан төмен емес басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте сегіз жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде орталық деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың департамент бастығынан төмен емес немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органының немесе әскери оқу орындарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында екі жылдан кем емес;
3) облыстық және оларға теңестірілген соттардан (Республика астанасының қалалық сотынан, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттарынан) төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде екі жылдан кем емес: саяси не осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін "А" корпусындағы және (немесе) А-1, В-1, С-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде орта кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің немесе қызметкерлерінің орташа жылдық саны жүз адамнан кем емес коммерциялық емес ұйымдардың басшысынан төмен емес лауазымдарда төрт жылдан кем емес.
10. C-GP-4, C-AGP-5, C-KSGP-3, C-KAGP-3, C-OKSGP-2, B-FM-4, B-FMО-3, C-SV-4, C-SVО-3, C-SVR-1, C-SVU-3, C-SN-2, С-SSP-1, C-SGU-1, C-SGU-3, C-SGU-5 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-6, C-AGP-7, C-KSGP-4, C-KAGP-4, C-OKSGP-3, B-FM-5, B-FM-6 (B-FMО-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), B-FMО-4, C-SV-5, C-SV-8 (C-SVО-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), C-SVО-4, C-SVR-3, C-SVU-4, C-SN-3, С-SSP-2, C-SGU-6 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте жеті жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың немесе әскери басқару органының немесе әскери оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) облыстық және оларға теңестірілген соттардан (Республика астанасының қалалық сотынан, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттарынан) төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде саяси не осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін "А" корпусындағы және (немесе) А-1, B-1, C-1, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде орта кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің немесе қызметкерлерінің орташа жылдық саны елу адамнан кем емес коммерциялық емес ұйымдардың басшысынан төмен емес лауазымдарда үш жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін (осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген C-SVR-1 санаттарынан басқа) басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
11. C-TP-4, C-OGP-4, C-VP-3, C-RTP-1, C-RVP-1, C-GVP-1, C-RGP-1 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-7, C-OGP-6, C-AGP-7, C-KSGP-4, C-KAGP-4, C-VP-5, C-TP-7, C-OKSGP-5, C-GVP-2, C-RVP-3, C-RTP-2, C-RGP-2, B-FM-5, B-FMО-4, C-SV-5, C-SVО-4, C-SVR-3, C-SVU-4, C-SN-3, С-SSP-2, C-SGU-6 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте жеті жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың немесе әскери басқару органының немесе әскери оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) облыстық және оларға теңестірілген соттардан (Республика астанасының қалалық сотынан, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттарынан) төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде саяси не осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін "А" корпусындағы және (немесе) А-1, B-1, C-1, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде орта кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің немесе қызметкерлерінің орташа жылдық саны елу адамнан кем емес коммерциялық емес ұйымдардың басшысынан төмен емес лауазымдарда үш жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін (осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген C-RTP-1, C-RGP-1, C-RVP-1, C-GVP-1 санаттарынан басқа) басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
12. C-GP-5, C-AGP-6, C-AGP-7, C-KSGP-4, C-KAGP-4, C-VP-4, C-TP-5, C-OGP-5, C-OKSGP-3, B-FM-5, B-FMО-4, C-SV-5, C-SV-6, C-SVО-4, C-SVR-2, C-SVR-3, C-SVU-4, C-SN-3, С-SSP-2, C-SGU-2, C-SGU-4, C-SGU-6 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-7, C-AGP-8, C-KSGP-5, C-KAGP-5, C-VP-5, C-TP-7, C-OGP-7, C-OKSGP-5, B-FM-6, B-FMО-5, C-SV-8, C-SVО-5, C-SVО-7 (C-SVR-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-4, С-SSP-3, C-SGU-8 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте алты жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың немесе әскери басқару органының немесе әскери оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) облыстық және оларға теңестірілген соттардан (Республика астанасының қалалық сотынан, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттарынан) төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;
4) саяси немесе әкімшілік лауазымдарда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін "А" корпусындағы және (немесе) А-1, B-1, C-1, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орта немесе ірі кәсіпкерлік ұйымдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор басшысы лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
13. C-RTP-2, С-RVP-2, C-RVP-3, C-GVP-2, C-RGP-2 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-7, C-AGP-8, C-KSGP-5, C-KAGP-5, C-VP-5, C-TP-8, C-OGP-6, C-OKSGP-5, C-RVP-4, C-GVP-3, C-RTP-3, C-RGP-3, B-FM-6, B-FMО-5, C-SV-6, C-SVО-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-4, С-SSP-3, C-SGU-8 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте алты жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың немесе әскери басқару органының немесе әскери оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) облыстық және оларға теңестірілген соттардан (Республика астанасының қалалық сотынан, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттарынан) төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;
4) саяси немесе әкімшілік лауазымдарда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін "А" корпусындағы және (немесе) А-1, B-1, C-1, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орта немесе ірі кәсіпкерлік ұйымдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор басшысы лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
14. C-GP-6, C-AGP-8, C-KSGP-5, C-KAGP-5, C-TP-6, C-OGP-6, C-OKSGP-4, C-RTP-3, C-RGP-3, C-SV-7, C-SV-8, C-SVО-5, C-SVR-4 (басшы лауазымдар), C-SVU-5, C-SN-4, C-SSP-3, C-SGU-8 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
3) саяси немесе әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес
15. C-GP-7, C-AGP-9, C-KSGP-6, C-KAGP-6, C-VP-5, C-TP-7, C-OGP-7, C-OKSGP-5, B-FM-6, B-FMО-5, C-SV-9, C-SVO-6, C-SVO-7, C-SVR-5, C-SVU-6, С-SSP-4, C-SGU-9, C-SGU-10 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
16. C-TP-8, C-OGP-8, C-OKSGP-6, C-VP-6, C-RGP-3, C-RVP-4, C-GVP-3, C-RTP-4, B-FM-7, C-SV-10, C-SVО-8, C-SVR-6, C-SVU-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SN-6 - C-SN-7 (басқарушылық функциялары бар лауазымдар), C-SSP-5, C-SGU-11 (басқарушылық функциялары бар лауазымдар) санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
17. C-RGP-4, C-VP-7 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде не арнайы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның бейіндік бағытына сәйкес әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
18. C-SVO-9, C-SVR-7, C-SVU-12 (басқарушылық функциялары бар лауазымдар), C-SVU-13, C-SVU-14, C-SSP-7, C-SSP-6 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызметте не судья лауазымында не осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмысы өтілі бір жылдан кем емес;
2) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға C- SVR-7 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі талап етілмейді;
3) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
19. C-SGU-7 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) мемлекеттік медициналық мекемелерінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
20. C-OKSGP-7, C-RGP-5, C-RTP-5, C-RVP-5, C-RVP-6, C-GVP-4, C-GVP-5, B-FMО-6, C-SV-12, C-SV-13, C-SVR-4 (басшылық емес лауазымдар), C-SVR-8, C-SVU-10, C-SVU-12 (басшылық емес лауазымдар), C-SVU-15, C-SN-5, C-SN-6 - C-SN-7 (басшылық емес лауазымдар), C-SN-8, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SGU-11 (басшылық емес лауазымдар), C-SGU-12, C-SGU-13 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі талап етілмейді.