"Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 шiлдедегi № 296 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 тамызда № 36552 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 34610 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады