БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 34610 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |