БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12065 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi) егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұқым сапасына сараптаманы "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханалар жүзеге асырады.";
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу тәртібі";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертхана тұқымның кондициялылығы туралы куәлікті және (немесе) өнгіштігі анықталған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде тұқымды талдау нәтижесін береді.";
9-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ алып тасталсын;
оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларына |
|
1-қосымша"; |
оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларына 2-қосымша"; |
оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларына 3-қосымша"; |
оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларына 4-қосымша". |
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Бердалин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі