Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қыркүйекте № 12065 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________ Е. Досаев

      2015 жылғы 15 тамыз



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 4-2/616 бұйрығымен
бекітілген

Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi) егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын сараптама жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      3. Тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама (бұдан әрі – тұқым сапасына сараптама жүргізу) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) бекітілген Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына бекiту туралы қағидаларға сәйкес аттестатталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялары, бірегей және элиталық тұқым бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымның өндірушілер үшін жүргізіледі.

      4. Тұқым сапасына сараптаманы "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханалар жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Тұқым сапасына өнгіштігі немесе тіршілікке бейімділігі, ылғалдылығы, 1000 дәннің массасы, тазалығы, ауруға шалдығуы, зиянкестермен залалдануы (толық талдау) көрсеткіштері не көрсетілген көрсеткіштердің біреуі немесе бірнешеуі (толық емес талдау) бойынша сараптама жүргізіледі. Мақта тұқымының сапасына мынадай көрсеткіштер бойынша сараптама жүргізіледі: өнгіштігі, ылғалдылығы, жетілгендігі, механикалық зақымдануы, 1000 дәннің массасы, ластануы, қамбалық зиянкестермен залалдануы, қызып кетуі, талшық қалдығы, түктену қалдығы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің, мемлекеттiк сорт сынау учаскесі мен станциясының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң түрлерi бойынша тұқымның сапасына зерттеулер жүргізу санын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан әкімдігі) шешімімен құрылған комиссия айқындайды. Комиссия құрамына аудан әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері, облыстың (ауданның) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы, салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарының өкілдері кіреді. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      7. Тұқым сапасының нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру үшін құюға, сақтауға және егуге дайындалған партиялардан тұқым сынамалары іріктеп алынады.

      Тек қана егуге арналған тұқым партияларынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi аккредиттелген зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.

      Өткізілуге тиiс тұқым партияларынан сынамалар iрiктеп алуды тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.

      Тұқым партиясымен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптық егістерін байқаудан өткізу актісі бірге жүреді.

      Сынамаларды іріктеп алу стандарттарға сәйкес жүргізіледі және 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынамаларды іріктеп алу актісімен екі данада ресімделеді. Сынамаларды іріктеп алу актісінің бір данасы сынама іріктеп алынған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде қалады, екінші данасы сынамамен бірге тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертханаға жолданады.

      8. Тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертхана сынамаларды зертханалық талдау нәтижелері негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тұқымның кондициялылығы туралы куәлік немесе № 1 тұқымды талдау нәтижесін береді.

      Тұқымның кондициялылығы туралы куәлік егістік сапасы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген барлық көрсеткіштер бойынша тексерілген (толық талдау) және стандарт талаптарына сәйкес келетін тұқым партияларына беріледі.

      Тұқымның кондициялылығы туралы куәлікті егіске дейін он бес және одан аз күн бұрын ылғалдылығы мен зиянкестермен залалданғандығын айқындамай (сатуға арналған тұқымнан басқа) талдау жүргізілетін тұқымның өнгіштігінің орнына тіршілікке бейімділігі нормасын ескере отырып, жиналған жылы егуге пайдаланылатын күздік дақылдардың тұқымына беруге жол беріледі.

      Осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тұқымды талдау нәтижесі № 2 осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген сапа көрсеткіштерінің бірі бойынша стандарт талаптарына сәйкес келмейтін тұқымға (толық талдау кезінде), сондай-ақ сапаның барлық көрсеткіштері бойынша тексерілмеген тұқымға (толық емес талдау) беріледі.

      8-1. Тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертхана тұқымның кондициялылығы туралы куәлікті және (немесе) өнгіштігі анықталған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде тұқымды талдау нәтижесін береді.

      Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Сынаманың талдаудан қалған бөлігі ауданда осы дақылдың егісі аяқталғаннан кейін (ауданның статистикалвқ есептілігіне сәйкес) бір ай ішінде тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертханада сақталады.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін немесе тұқым сынамасын қайталап талдауға алған кезде сынаманың қалған бөлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қайтарылып беріледі.

      11. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тұқымдардың, оның iшiнде
қазақстандық ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлердiң егуiне
арналған тұқымдардың
сұрыптық және егiстiк сапасына
сараптама жүргізу
қағидаларына
  1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


  Нысан

Сынамаларды iрiктеп алу актісі № ____

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (облыс, аудан, заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің

      _____________________________________________________________ тиесiлi

      аты (бар болса))

      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi* тұқымының егістік сапасын айқындау үшiн

      Мен, ___________________________ 20__ жылғы__________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің (күнi, айы) аты

      (бар болса))

      _________________________________________________________ қатысуымен

      (ұйым, өкiлдердiң лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      (өткізуге арналған тұқым партияларынан сынамаларды iрiктеп алған,

      сондай-ақ даулы жағдайларда толтырылады) ___________________________

      (бөлiмше (бригада), астық қабылдау

      ____________________________________________________________________

      кәсiпорны және басқалары)

      сақталған тұқымды қарауды және партиялардан

      ______________________ бойынша орташа сынамалар iрiктеп алуды жүргiздiм.

      (ұлттық стандарт нөмiрi)

1. Тұқымдар туралы мәлiметтер

Атауы

Реттік нөмiрi

1

2

3

4

5






      1) Ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң түрi __________________________________

      2) сұрып ______________________________________________________________

      3) сұрып құжатының атауы, № және күнi _________________________________

      4) сұрыптық тазалығы немесе типтілігі, % ______________________________

      5) репродукция ________________________________________________________

      6) егiн жылы __________________________________________________________

      7) партия нөмiрi ______________________________________________________

      8) партия салмағы, центнер ____________________________________________

      9) бақылау бiрлiктерiнiң нөмiрлерi ____________________________________

      10) орын (қап) саны ___________________________________________________

      11) тұқымды сақтау орны, қойма нөмiрi, қамба __________________________

      12) тұқым қайдан және қашан алынды ____________________________________

      13) тұқым қандай өңдеуге ұшырады ______________________________________

      14) партия нешiншi рет талданып отыр, _________________________________

      соңғы талдаудың күнi мен нөмiрi ______________________________________

      15) дәрiлеу жүргiзiлдi ме және қандай препаратпен _____________________

      16) қандай талдау үшiн сынама iрiктеп алынды __________________________

      17) тұқымның мақсаты __________________________________________________

      18) ұсынылған сынамалар саны:

      қапшықта ________________________________________________________

      шөлмекте ________________________________________________________

      пакетте _________________________________________________________

      2. Сынамалар __________________________________________________________

      тұқымның сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертханаға жiберiлді ___

      Сынамаларды iрiктеп алған адам _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Өкiлдер: ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Кепiлдік: тұқым партияларының араласудан, ластанудан, өнгiштiгi мен басқа

      да егістік сапасының төмендеуiнен сақталуына, сондай-ақ iрiктеп алу

      кезiнде сынамалардың телнұсқаларының сақталуына ___________________

      (заңды тұлғаның атауы,

      _______________________________________________________ кепілдік береді

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Сақтауға жауапты тұлға _______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бақылау бiрлiктерiн орналастыру схемасы (сынаманы іріктеп алған адам толтырады)

      Ескертпе: * осы нысан мақтаны, қант қызылшасын және гүл дақылдарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарына қолданылады.

  Тұқымдардың, оның iшiнде
қазақстандық ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлердiң егуiне
арналған тұқымдардың
сұрыптық және егiстiк сапасына
сараптама жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Тұқымның кондициялылығы туралы куәлік

      № ____ 20__ жылғы __________ дейiн жарамды (күнi, айы)

      __________________________________________________________________

      (облыс, аудан заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты,

      әкесiнiң аты (бар болса))

      ________________________________________________________

      сақтаулы (№ ___ бөлiмше (бригада)

      20_ жылғы _____________ № ______________ акт кезінде талдауға ұсынылған

      (күнi, айы)

      __________________________________________________ алынған,

      ___________________________жылғы егiннiң _______________репродукциялы

      ____________________________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы өсiмдiгi, сұрыбы)

      салмағы _______ центнер, №_____ фракция тұқымының №__________________

      партиясына берiлдi.

      Орын (қап) саны, № ____ қойма, № ____ қамба, үйiндiмен

      Тұқымның мақсаты________________________________________________

      Тұқымның сапасы ________________________________ сыныпқа сәйкес келеді.

      (жазбаша)

      Талдау нәтижелерi

      ____________________________________________________________________

      1. Тазалығы ____________________ %, оның iшiнде______________________ %

      2. Қалдық, барлығы ______ %, оның iшiнде басым топтар_________________ %

      3. Басқа өсiмдiктердiң тұқымдары (1 килограммға

      (бұдан әрі – кг) дана немесе %)_______

      4. Азықтық шөптердiң басқа түрлерiнiң тұқымдары ______________________%

      5. Басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %)___________

      6. Арамшөп өсiмдiктерінің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %), барлығы _____

      оның iшiнде:

      қарасұлы (1 кг-ға дана) __________________________________________%

      неғұрлым зиянды арамшөп тұқымдары (азықтық шөптер үшiн, 1 кг-ға дана)

      жатаған бидайықтың тұқымдары (1 кг-ға дана)________________________ %

      7. Қаракүйелiк құрылымдар__________________________________________ %

      8. Қарамықтар______________________________________________________% 9.

      Өсу энергиясы ___________________________________________________%

      10. Өнгiштiгi_______________________________________________________%

      оның iшiнде қаттылары ___________________________________________%

      өсiру жағдайлары________________________________________________ %

      11. Тіршілікке бейiмдiлiгi____________________________________________ %

      анықтау әдiсi ___________________________________________________

      12. Егуге жарамдылығы ______________________________________________%

      13. Ылғалдылығы __________________________________________________%

      14. 1000 дәннiң салмағы _________________________________________ грамм

      15. Аурулармен залалдануы (тұқымды талдау кезiнде толтырылады:

      центрифугалау әдiсiмен ____ дана немесе биологиялық әдiспен ______________%)

      16. Зиянкестердің жайлануы ______________________________________

      17. Тұқым сынамаларын сырттай қарап-тексеру деректерi:

      түсi қалыпты иiсi қалыпты қарайған шіріген

      18. Басым түрлердiң ботаникалық құрамы:

      басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары ______________________________

      (атауы)

      сұрыптық өсiмдiктердiң тұқымдары ______________________________

      (атауы)

      19. Басқа айқындамалар:_______________________________________________

      Ұсыныстар:__________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      _______________________________ _________ ______________________

      (уәкілетті адамның лауазымы)       (қолы)       (тегi, аты, әкесiнiң аты

      (бар болса))

      Мөр орны

      20__ жылғы ________________

      (күнi, айы)

  Тұқымдардың, оның iшiнде
қазақстандық ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлердiң егуiне арналған
тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

№ 1 тұқымды талдау нәтижесi

      № ___

      Тұқымның кондициялылығы туралы куәлiкке қосымша ретiнде берiлдi.

      20__ жылғы ________________ № ______

      (күнi, айы)

      Тұқымның кондициялылығы туралы куәлiктiң қолданылу мерзімі

      20__жылғы____________

      (күнi, айы)

      дейін ұзартылды.

      1. Өнгiштiгi _______________________________________________________ %

      2. Өсу энергиясы___________________________________________________ %

      3. Зиянкестердің жайлануы___________________________________________

      (алдында кенелер жайлаған тұқымдар

      ____________________________________________________________________

      бойынша толтырылады)

      Қорытынды мен ұсыныстар:____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ______________________________ _________ ______________________

      (уәкілетті адамның лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))

      Мөр орны 20__ жылғы ________________

      (күнi, айы)

  Тұқымдардың, оның iшiнде
қазақстандық ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлердiң егуiне
арналған тұқымдардың
сұрыптық және егiстiк сапасына
сараптама жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

№ 2 тұқымды талдау нәтижесi

      № ___

      ____________________________________________________________________

      (облыс, аудан, заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты,

      әкесiнiң аты (бар болса))

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________ сақтаулы

      (№ ___ бөлiмше (бригада)

      20___ жылғы _______________ № ___________________________ акт кезінде

      (күнi, айы)

      талдауға ұсынылған

      ________________________ алынған, ___________________ жылғы егiннiң

      __________________________ репродукциялы

      ____________________________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы өсiмдiгi, сұрыбы)

      салмағы ____ центнер, № ___ фракция тұқымының

      № _______________ партиясына берiлдi.

      Орын (қап) саны, № ____ қойма, № ____ қамба, үйiндiмен

      Тұқымның мақсаты___________________________________________________

      Талдау нәтижелерi

      ____________________________________________________________________

      1. Тазалығы ________________ %, оның iшiнде _________________________ %

      2. Қалдық, барлығы ______ %, оның iшiнде басым топтар ________________ %

      3. Басқа өсiмдiктердiң тұқымдары (1 килограммға

      (бұдан әрі-кг) дана немесе %) ___________

      4. Азықтық шөптердiң басқа түрлерiнiң тұқымдары _____________________ %

      5. Басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %)___________

      6. Арамшөп өсiмдiктерінің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %),

      барлығы __________________________________________________________

      оның iшiнде:

      қарасұлы (1 кг-ға дана) _____________________________________________

      неғұрлым зиянды арамшөптердің тұқымдары (азықтық шөптер үшiн, 1 кг-ға

      дана)______________________________________________________

      жатаған бидайықтың тұқымдары (1 кг-ға дана) _________________________

      карантиндiк арамшөптердiң тұқымдары (1 кг-ға дана) ___________________

      улы арамшөптердiң тұқымдары (1 кг-ға дана) __________________________

      7. Қаракүйелiк құрылымдар __________________________________________%

      8. Қарамықтар _____________________________________________________%

      9. Бидай нематодасының берiштерi (1 кг-ға дана) _______________________

      10. Өсу энергиясы___________________________________________________%

      11. Өнгiштiгi_______________________________________________________%

      оның iшiнде қаттылары___________________________________________%

      өсiру жағдайлары _________________________________________________

      12. Тіршілікке бейiмдiлiгi_____________________________________________%

      анықтау әдiсi______________________________________________________

      13. Ылғалдылығы___________________________________________________%

      14. 1000 дәннiң салмағы_________________________________________грамм

      15. Аурулармен залалдануы (тұқымды талдау кезiнде толтырылады:

      центрифугалау әдiсiмен _____ дана немесе биологиялық әдiспен ___________ %)

      16. Зиянкестердің жайлануы____________________________________________

      17. Тұқым сынамаларын сырттай қарап-тексеру деректерi:__________________

      түсi қалыпты иiсi қалыпты қарайған шіріген

      18. Басым түрлердiң ботаникалық құрамы:________________________________

      басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары______________________________

      (атауы)

      сұрыптық өсiмдiктердiң тұқымдары__________________________________ (атауы)

      19. Басқа айқындамалар:_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қорытынды мен ұсыныстар: ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

Толық немесе толық емес талдау жүргiзген кезде:

Тұқымдар мынадай
көрсеткiштер бойынша
кондицияланбаған

Талдау кезiнде
анықталғаны

Ұлттық стандартпен
белгiленгенi

1

2

3







      Тұқымдар _____________________ және қайтадан толық талдаунуы тиіс жатады

      (өңдеу түрi)

      Толық емес талдау жүргiзген кезде:

      тұқымдар ____________________________________________________________

      (талдау жүргiзiлген көрсеткiштердің атауы)

      бойынша ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді.

      ______________________________ _________ _______________________

      (уәкілетті адамның лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))

      Мөр орны 20__ жылғы ________________

      (күнi, айы)

  Тұқымдардың, оның iшiнде
отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерінің егуіне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын айқындау бойынша қызмет көрсету туралы акт

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тұқымдардың, оның iшiнде
отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерінің егуіне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
___________ ауданы ауыл
шаруашылығы
бөлімінің басшысы
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөр)
20__ жылғы "____" ______________

_______________ облысы ______________________________ ауданы бойынша 20___ жылғы _____ (айы) үшін көрсетілген қызметтерді бағалау актісі

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тұқымдардың, оның iшiнде
отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерінің егуіне
арналған тұқымдардың
сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

20____жылғы бойынша "Тұқымдық және отырғызу материалының сұрыптық және егістік сапасын анықтау" бюджеттік бағдарламасы бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады