БҰЙЫРАМЫН:
1. "Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9509 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға оқытудың оқу бағдарламасында:
1-тараудың 1-параграфында:
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11. | Азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыру | дәріс | 1 |
"; |
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарында оқуға жататын лауазымды тұлғаларды даярлаудың (қайта даярлаудың) оқу бағдарламасы";
1-параграфтың ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарында оқуға жататын лауазымды тұлғалар үшін сабақтардың тақырыптары білім алушылардың санатын ескере отырып, оқу сағаттарының санына қарай қалыптастырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |