"Жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 158-НҚ бұйырығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 22 шiлдедегi № 176-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 шiлдеде № 36494 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 158-НҚ бұйырығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36362 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтын 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланған кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады