Жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 158-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 маусымда № 36362 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 45-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 2-тарауының 1 және 3-параграфтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қзақстан Республикасы Өнеркәсіп

      және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі 2025 жылғы
30 маусымдағы № 158-НҚ
бұйрығымен бекітілген

Жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді, олар жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу тәртібін айқындайды.

      2. Жерасты суларын алу жобасы және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламалары жерасты суларын тәулігіне бір мың текше метрден астам көлемде алу кезінде әзірленеді.

2 тарау. Жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу тәртібі

Параграф 1. Жерасты суларын алу жобасын әзірлеу тәртібі

      3. Жерасты суларын алу жобасы арнайы су пайдалануға рұқсат алғанға дейін әзірленеді және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісуге жатады және жерасты суларын алуды жүзеге асыру кезінде қолданылатын құрылыстарды, қондырғыларды, жабдықтарды, технологияларды жобалау, салу және пайдалану, сондай-ақ оларға қызмет көрсету және жөндеу кезінде жағдайлар белгілейді.

      4. Жерасты суларын алу жобасы су пайдалану объектісін салу және пайдалану үшін қажетті мәліметтерді қамтиды, оның ішінде:

      1) алынатын (ағызылатын) сулардың сапалық көрсеткіштері (химиялық, бактериологиялық, радиологиялық);

      2) санитариялық-қорғау аймақтарының, округтердің мөлшері және оларды ұстау шарттарының сипаттамасы;

      3) учаскенің геологиялық-гидрогеологиялық жағдайы (жерасты суларының пайда болу тереңдігі, жерасты сулары деңгейлерінің динамикасы, жерүсті және жерасты суларының гидравликалық байланысы, аэрация аймағының литологиялық-фациялық құрамы);

      4) жерасты суларын қалыптастырудың бекітілген қорлары мен шарттары туралы деректер;

      5) жерасты суларының жай-күйінің мониторингі.

      Рұқсат беру үшін және кейіннен жерасты суларын алу кезінде арнайы су пайдалануды жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар қызметінің рұқсат беру талаптарына қосымша сәйкестігі шарт болып табылады.

      5. Жерасты суларын алу жобасы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптамадан өткен тиісті жерасты сулары кен орнындағы жерасты сулары қорларын есептеу жөніндегі есеп негізінде әзірленеді және мыналарды қамтиды:

      1) жерасты сулары кен орнының қысқаша геологиялық-гидрогеологиялық сипаттамасы, оның контурларын, сулы горизонттардың тереңдігін, қорларды есептеу жөніндегі есеп негізінде жасалған қабаттың максималды қуатын қоса алғанда сондай-ақ қорларды бағалау туралы есепке сәйкес кен орнының өзге де ерекшеліктерін;

      2) алдыңғы үш жылда әзірленген ұқсас жобалар туралы деректер мен біліктілік туралы мәліметтерді қоса алғанда, жобаны әзірлеуге жауапты жобалау ұйымы, сарапшы туралы мәліметтер;

      3) "Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық суды пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығына сәйкес жерасты сулары сапасының белгіленген нормативтерін ескере отырып, сапалық сипаттамаларды бағалау туралы деректер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30713 болып тіркелген);

      4) жерасты суларын алу көлемі және пайдалану мақсаттары;

      5) пайдалану және бақылау ұңғымаларының координаттарын көрсете отырып, олардың орналасу схемасы;

      6) пайдалану және байқау ұңғымаларының конструкциясына, көрсетілген ұңғымалардың оқпандарымен қиылысатын сулы горизонттарды оқшаулау жөніндегі жұмыстарға қойылатын техникалық талаптардың сипаттамасы, құбырлар бағанының тереңдігі, диаметрлері, су қабылдау бөлігінің түрі, су көтергіштер мен ұңғыманың бастары, сондай-ақ оларды сынау тәртібі, ұңғыманың конструкциясына қатысты өзге де талаптар;

      7) ұңғымалар сүзгілерінің конструкциясының сипаттамасы және егер ұңғымалар сүзгілік болса, оларды орнату аралықтарын көрсету;

      8) пайдалану және бақылау ұңғымаларының сағаларын жабдықтауға қойылатын талаптар;

      9) пайдалану және бақылау ұңғымаларын бұрғылау технологиясы, бұрғыланған ұңғымаларды пайдалануға енгізу;

      10) бұрғыланған ұңғымаларда геофизикалық және өзге де зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шаралар;

      11) су тартуды санитарлық қорғау аймағының белдеулерін ұйымдастыру және жайластыру және су тартуды санитарлық қорғау аймағында күзет режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      12) су жинау құрылыстарының тізбесі мен олардың техникалық және өзге де сипаттамалары;

      13) жерасты суларының сапалық және (немесе) сандық көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін ғимараттардың, құрылыстардың, қалдықтарды көмудің, өндірістік объектілердің және өзге де объектілердің болуы туралы мәліметтерді қоса алғанда, пайдалану және бақылау ұңғымаларын, сондай-ақ өзге де су жинау құрылыстары мен қондырғыларын орналастыру жоспарланатын жер учаскесі туралы мәліметтер;

      14) жерасты суларын алудың технологиялық процесінің сипаттамасы, жерасты суларын алуды қамтамасыз етуге тартылған технологиялық қондырғылар мен құрылыстарға, тазарту және дайындауға қойылатын талаптар;

      15) учаскеде ұңғымаларды бұрғылау және (немесе) оларды алу процесінде жерасты суларының сапалық және (немесе) сандық көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін объектілер болған жағдайда, олардың зиянды әсерін болдырмау үшін қажетті іс-шаралардың сипаттамасы;

      16) жерасты суларын алу және тазарту (су дайындау) кезіндегі шығындарды сипаттау және есептеу, оның ішінде өз қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су мөлшерін есептеу;

      17) су тұтынуды, су реттегіш құрылғыларды есепке алмай, жерасты суларын алуды болдырмайтын бақылау, есепке алу аспаптарының сипаттамасы және орналасу сызбасы;

      18) жерасты суларын алу кезіндегі шығындарды азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесі;

      19) белгіленген шектеулер мен лимиттерге сәйкес жерасты суларын алуды қамтамасыз ететін ұңғымалардың жұмыс режимдерін сипаттау;

      20) жерасты суларының кен орнын ластанудан және сарқылудан қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      21) ұңғымаларға және су жинау қондырғылары мен құрылыстарына, сондай-ақ есепке алудың бақылау аспаптарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі тұрақты іс-шараларды жүргізу талаптары мен мерзімдерінің сипаттамасы;

      22) жерасты суларын алу тоқтатылған немесе тоқтата тұру жағдайында ұңғымалар мен су жинау қондырғылары мен құрылыстарын жою және консервациялау жөніндегі іс-шаралардың сипаттамасы;

      23) ұңғымада немесе су жинау жабдығында апат болған жағдайдағы іс шаралар жоспары;

      24) аумақтардың су басуына, шөлейттенуге, жердің батпақтануына, көшкіндер мен топырақтың шөгуіне жол бермейтін іс-шаралар.

      6. Жерасты суларын алу жобаларында жерасты суларының деңгейін, дебитін, температурасын және химиялық құрамын бақылау үшін бақылау ұңғымаларының режимдік желісі көзделеді.

      7. Су жинау құрылыстары, су құбырлары және су дайындау станциялары максималды су тұтынудың тәулігіне орташа сағаттық шығысына салынады.

      8. Ұңғыма құрылмасында мыналар қарастырылады:

      1) судың дебитiн, деңгейiн өлшеу, сынама алу мүмкіншiлiгi;

      2) ұңғыларды пайдалану барысында регенерация жүргiзумен қатар жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру.

      Бір ұңғымада құрамында жерасты сулары бар бірнеше өнімді горизонттарды бірлесіп-бөлуді пайдалануға жол берілмейді.

      9. Жерасты суларын алу жобасы "Гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылысжайларының паспорттарын жүргізу қағидасын және паспорт нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 326 бұйрығына сәйкес нысан бойынша су алу ұңғымасының паспортын жасауды көздейді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5714 болып тіркелген).

      10. Жерасты суларын алу жобасы жақын маңдағы өнімді қабаттарға зиян келтіру мүмкіндігін болдырмайтын барлық шарттарды сақтай отырып, өнімді қабаттарды пайдалануды көздейді.

      11. Жерасты суларын алу жобасы өнімді горизонттарды пайдаланудың осындай режимін көздейді, ол жоғарыда немесе төменде орналасқан сулы горизонттардан су ағыны есебінен пайдаланылатын горизонт суларының араласуын болдырмайды.

      12. Жерүсті және жерасты жабдықтарының конструкциясы олардың жай-күйін бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізу, сағадағы температураны, қысым мен дебитті өлшеуді қамтамасыз ету, тереңдік аспаптарын ұңғыма оқпанына түсіру, оның ішінде оны пайдалану уақытында да қауіпсіз және еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

      13. Коррозия мен тұз шөгінділерінің даму қаупі жағдайында жерасты суларын алу жобасы коррозиялық және тұнба түзуші процестердің сипатын анықтау, кен орнын пайдалану процесінде жабдықтың барлық жүйесін коррозиядан және тұздан қорғаудың ұтымды әдістерін әзірлеу және таңдау үшін арнайы коррозиялық зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шаралардың сипаттамасын қамтиды.

      14. Жерасты суларын алу жобасы ұңғымаларды пайдалану режимін көздеуі тиіс, мынадай жағдайларда ұңғымаларға күрделі жөндеу жүргізуді қамтиды:

      1) пайдалануды жалғастыруға мүмкіндік бермейтін айналасындағы колонналардың зақымдалуы және ұңғыманың техникалық жөнделуінің мүмкін емес жағдайында;

      2) құмдалып кеткенде;

      3) ұңғыма оқпанында тұз жиналып қалғанда.

Параграф 2. Жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу тәртібі

      15. Жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасы арнайы су пайдалануға рұқсат алғанға дейін әзірленеді және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісуге жатады және жерасты суларын мониторингін жүзеге асыру кезінде қолданылатын құрылыстарды, қондырғыларды, жабдықтарды, технологияларды жобалау, салу және пайдалану, сондай-ақ оларға қызмет көрсету және жөндеу кезінде жағдайлар белгілейді

      16. Жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген бақылау желісінің құрамы мен конструкциясын, жерасты суларының шығынын, динамикалық және статикалық деңгейлерін, химиялық құрамын байқаудың кезеңділігі мен тәртібін көрсете отырып әзірленеді және мыналарды көздейді:

      1) оның негізінде әзірленген жерасты суларын алу жобасы туралы мәліметтер;

      2) жерасты суларының сапалық сипаттамаларын бағалау туралы бастапқы деректер;

      3) санитарлық қорғау аймағының шекараларында жерасты суларының режимін бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге, әрбір пайдалану ұңғымасы бойынша алынған судың есебін жүргізуге, ұңғымалардағы судың деңгейін, оның құрамы мен қасиеттерін бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптар;

      4) мониторингке жататын жерасты суларының сулы горизонттарының жағдайы туралы деректерді жинау рәсімінің сипаттамасы, оның ішінде:

      жерасты суларының химиялық құрамын, деңгейін және температурасын қоса алғанда, жерасты суларының жай-күйі туралы мәліметтерді жинау және беру тәртібі мен кезеңділігі;

      ұңғымалардың бітелу және коррозия дәрежесін бағалау әдістемесінің сипаттамасы, оны жүргізу кезеңділігі;

      5) мониторинг процесінде алынған деректерді Ұлттық гидрогеологиялық қызметке беру тәртібі мен мерзімдері.

      Шаруашылық қызметі жерасты суларының жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жеке және заңды тұлғалар Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес жерасты суларына мониторинг жүргізуге және су ресурстарының ластануы мен сарқылуын және судың зиянды әсерін болғызбау жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға міндетті.

      17. Мониторингтеу бағдарламасында көзделген бақылаулар кезеңділігі:

      1) су деңгейін және дебитін өлшеу – айына кемінде бір рет.

      2) ауыз судың құрамын қысқартылған химиялық талдау – айына кемінде бір рет.

      3) ауыз судың құрамын толық химиялық талдау – тоқсанына кемінде бір рет.

      4) техникалық судың химиялық құрамын талдау – тоқсанына кемінде бір рет.

      18. Жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасына сәйкес жүргізілетін жерасты суларын мониторингтеу нәтижелері бойынша есеп жыл сайын есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей Ұлттық гидрогеологиялық қызметке деректерді қағаз немесе электрондық форматта беру жолымен ұсынылады.

      Есептілік бақылау желісінің құрамы мен конструкциясын, жерасты суларының ағынын, динамикалық және статикалық деңгейлерін, химиялық құрамын бақылаудың кезеңділігі мен тәртібін көрсете отырып, деректердің нәтижелерін қамтиды.

Параграф 3. Жерасты суларын алу жобасын келісу тәртібі

      19. Жерасты суларын алу жобасы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерасты суларын алу жобасын әзірлеген адамның өтініші бойынша келісуге жіберіледі.

      20. Жерасты суларын алу жобасын келісу туралы өтініш бассейндік су инспекциясына кеңсе қызметкеріне келіп түседі, ол өтініш келіп түскен күні Кодекстің 45-бабы 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен қоса тіркеледі және орындаушыға жолдайды.

      Орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық емес екендігі анықталған жағдайда, орындаушы дәлелді ескертулерді көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды (әкімшілік актіні) дайындайды, ол бассейндік су инспекциясы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Өтініш беруші дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда бассейндік су инспекциясының орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік -процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабының 1-тармағына сәйкес өтініш берушіге алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей позициясын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді әкімшілік акті қабылданғанға дейін.

      Өтініш берушінің қарсылығын алдын ала шешім бойынша су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган арнайы су пайдалануға рұқсат дайындау туралы шешім қабылдайды немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Нәтижесі өтініш берушіге су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Жойылатын ұсынылған мәліметтер және (немесе) құжаттар анықталған жағдайда бассейндік су инспекциясы анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Анықталған сәйкессіздіктерді жою мерзімі хабарлама жіберілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды, кейіннен сәйкессіздіктер жойылған сәтке дейінгі мерзім ішінде өтінішті қарауды тоқтата тұрады.

      Егер өтініш беруші белгіленген мерзімде анықталған сәйкессіздіктерді жоймаса, бассейндік су инспекциясы тиісті дәлелді бас тартуды (әкімшілік актіні) жібере отырып, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығы анықталған жағдайда, орындаушы жобалау құжаттарына ұсыныстар мен ескертулер беру үшін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне сұрау салу жібереді.

      Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде жобалау құжаттарына өз ұсыныстары мен ескертулерін ұсынады.

      Өтініш беруші бассейндік су инспекциясының басшысы ЭЦҚ-мен қол қойған арнайы су пайдалануға рұқсаттарды порталда электрондық құжат нысанында жеке кабинетте алады.

      Өтініш беруші дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда, ҚР ӘРПК 73-бабының 1-тармағына сәйкес бассейндік су инспекциясының орындаушысы өтініш берушіге алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша, бірақ Әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей позициясын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.

      Өтініш берушінің қарсылығын алдын ала шешім бойынша су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган арнайы су пайдалануға рұқсат дайындау туралы шешім қабылдайды немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Нәтижесі өтініш берушіге су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      21. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жерасты суларын алу жобасын оның мазмұнының Кодекстің 25-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген сәйкестігіне келіседі.

      22. Жерасты суларын алу жобасының осы Қағидалардың 1-параграфының талаптарына толық емес және (немесе) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, егер анықталған кемшіліктер жойылатын сипатта болса жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіні жерасты суларын алу жобасын пысықтау қажеттігі туралы хабардар етеді. Салынған жобалық шешімдерді қайта қарауды немесе қосымша зерттеулер жүргізуді талап етпейтін және жерасты суларын алу жобасына толықтырулар мен нақтылаулар арқылы жойылуы мүмкін кемшіліктер жойылуы мүмкін деп танылады.

      23. Жойылмайтын кемшіліктер анықталған жағдайда жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жерасты суларын алу жобасын келісуден бас тартады.

      Шешілмейтін кемшіліктер жобалық шешімдерді қайта қараусыз немесе қосымша зерттеулер жүргізбестен жойылмайтын сәйкессіздіктер деп танылады.

Параграф 4. Жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын келісу тәртібі

      24. Жерасты суларын мониторингтеу бағдарламалары жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерасты суларын мониторинтеу бағдарламасының жобасын әзірлеген адамның өтініші бойынша келісуге жіберіледі.

      25. Жерасты суларын алу жобасын немесе жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын келісу туралы өтініш бассейндік су инспекциясына кеңсе қызметкеріне келіп түседі, ол өтініш келіп түскен күні Кодекстің 45-бабы 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен қоса тіркеледі және орындаушыға жолдайды.

      Орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық емес екендігі анықталған жағдайда, орындаушы дәлелді ескертулерді көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды (әкімшілік актіні) дайындайды, ол бассейндік су инспекциясы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Өтініш беруші дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда бассейндік су инспекциясының орындаушысы ҚР ӘРПК 73-бабының 1-тармағына сәйкес өтініш берушіге алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей позициясын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді әкімшілік акті қабылданғанға дейін.

      Өтініш берушінің қарсылығын алдын ала шешім бойынша су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган арнайы су пайдалануға рұқсат дайындау туралы шешім қабылдайды немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Нәтижесі өтініш берушіге су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Жойылатын ұсынылған мәліметтер және (немесе) құжаттар анықталған жағдайда бассейндік су инспекциясы анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Анықталған сәйкессіздіктерді жою мерзімі хабарлама жіберілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды, кейіннен сәйкессіздіктер жойылған сәтке дейінгі мерзім ішінде өтінішті қарауды тоқтата тұрады.

      Егер өтініш беруші белгіленген мерзімде анықталған сәйкессіздіктерді жоймаса, бассейндік су инспекциясы тиісті дәлелді бас тартуды (әкімшілік актіні) жібере отырып, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығы анықталған жағдайда, орындаушы жобалау құжаттарына ұсыныстар мен ескертулер беру үшін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне сұрау салу жібереді.

      Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде жобалау құжаттарына өз ұсыныстары мен ескертулерін ұсынады.

      Өтініш беруші бассейндік су инспекциясының басшысы ЭЦҚ-мен қол қойған арнайы су пайдалануға рұқсаттарды порталда электрондық құжат нысанында жеке кабинетте алады.

      Өтініш беруші дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда, ҚР ӘРПК 73-бабының 1-тармағына сәйкес бассейндік су инспекциясының орындаушысы өтініш берушіге алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша, бірақ Әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей позициясын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.

      Өтініш берушінің қарсылығын алдын ала шешім бойынша су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган арнайы су пайдалануға рұқсат дайындау туралы шешім қабылдайды немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Нәтижесі өтініш берушіге су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      26. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жерасты суларын мониторингтеу бағдарламаларын оның мазмұнының Кодекстің 45-бабы 5-тармағының 4) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне келіседі.

      27. Жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасының осы Қағидалардың 2-параграфының талаптарына толық емес және (немесе) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өтініш берушіні жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын пысықтау қажеттігі туралы хабардар етеді және егер анықталған кемшіліктер жойылатын сипатта болса. Салынған жобалық шешімдерді қайта қарауды немесе қосымша зерттеулер жүргізуді талап етпейтін және жерасты суларын алу жобасына толықтырулар мен нақтылаулар арқылы жойылуы мүмкін кемшіліктер жойылуы мүмкін деп танылады.

      28. Жойылмайтын кемшіліктер анықталған жағдайда жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын келісуден бас тартады.

      Шешілмейтін кемшіліктер жобалық шешімдерді қайта қараусыз немесе қосымша зерттеулер жүргізбестен жойылмайтын сәйкессіздіктер деп танылады.

3-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын келісу мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      29. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын келісу мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым өтініш берушіге әкімшілік актінің қабылданғаны немесе бассейндік су инспекциясының әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:

      арнайы су пайдалануға рұқсат берген бассейндік су инспекциясы басшылығының атына;

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға).

      Бассейндік су инспекциясының шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      Шағым түскен жағдайда ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес бассейндік су инспекциясы шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайтын су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі. Шағымды бассейндік су инспекциясы қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын жағдайда шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      30. Шағымды қарайтын бассейндік су инспекциясының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Жерасты суларын алу
жобасын және жерасты
суларын мониторингтеу
бағдарламасын әзірлеу және
келісу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Жерасты суларын алу жобасын келісуге өтініш

      Кімге:____________________________________________________________

      (мемлекеттік органның толық атауы)

      Бастап:___________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), толық атауы)

      Мекен-жайы:______________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, e-mail)

      Өтініш берушінің деректемелері:_____________________________________

      (ЗТ/ЖК, БСН, ЖСН, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің №)

      Жерасты суларын алу жобасын келісуді сұраймын:

      _________________________________________________________________

      (жобаның толық атауын көрсету)

      Жерасты суларын тәуліктік алудың болжамды көлемі, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану мақсаттары:_________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1) әзірлеуші қол қойған жерасты суларын алу жобасы;

      2) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жер қойнауына мемлекеттік сараптамадан өткен жерасты сулары кен орнының қорларын есептеу жөніндегі есептің көшірмесі;

      3) жобаның тапсырыс берушісі болып табылатын адамның шегінде кен орны орналасқан учаскеде жер пайдалану құқығын растайтын жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;

      4) ұңғымалардың орналасу координаттарын көрсететін топографиялық схема.

      Материалдарда құпия ақпарат жоқ.

      _______________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___жылғы "___" ____________ ________________________ (қолы)

  Жерасты суларын алу жобасын
және жерасты суларын
мониторингтеу бағдарламасын
әзірлеу және келісу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын келісуге өтініш

      Кімге:______________________________________________________________

      (мемлекеттік органның толық атауы)

      Бастап:______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), толық атауы)

      Мекен-жайы:_________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, e-mail)

      Өтініш берушінің деректемелері:________________________________________

      (ЗТ/ЖК, БСН, ЖСН, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің №)

      Жерасты суларының мониторингтеу бағдарламасын жобасына келісуді сұраймын:

      ___________________________________________________________

      (жобаның толық атауын көрсету)

      Жерасты суларын тәуліктік алудың болжамды көлемі, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану мақсаттары:_________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1) әзірлеуші қол қойған жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасы;

      2) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жер қойнауына мемлекеттік сараптамадан өткен жерасты сулары кен орнының қорларын есептеу жөніндегі есептің көшірмесі;

      3) жобаның тапсырыс берушісі болып табылатын адамның шегінде кен орны орналасқан учаскеде жер пайдалану құқығын растайтын жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;

      4) ұңғымалардың орналасу координаттарын көрсететін топографиялық схема.

      Материалдарда құпия ақпарат жоқ.

      ________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___жылғы "___" _________ _________________ (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады