БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21342 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларында:
2-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі), құрылыс салушы не олардың уәкілетті адамдары қызмет мақсаттарына қарай тапсырыс беруші бола алады.
Кешенді қала құрылысы сараптамасынының тапсырыс берушілері болып мыналар табылады:
жалпымемлекеттік маңызы бар жобалар бойынша – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
өңірлік маңызы бар жобалар және елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу жобалары бойынша жергілікті атқарушы органдар.
Қала құрылысы жобаларына тапсырыс беруші осы жоба бойынша сараптамалық жұмыстарға тапсырыс беруші де болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 2-7-тармақпен толықтырылсын:
"2-7. Бас жоспардың жобасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 168-бабына сәйкес елді мекеннің шекарасында (шегiнде) әзірленеді. Елді мекеннің шекарасын (шегін)кеңейту қажет болған кезде, жоспарланатын аумақтың шекарасы (шегi) техникалық тапсырмада нақтыланады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. ЕТЖЖ жəне/немесе құрылыс салу жобалары бас жоспарларында белгіленген жоспарлы құрылым элементтеріне, қала құрылысы регламенттеріне жəне бірыңғай сəулет стилінің тұжырымдамасына сəйкес əзірленеді.
Бұл ретте, ЕТЖЖ және/немесе құрылыс салу жобалары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді есепке ала отырып, Кодекстің 43, 43-1, 44, 44-1, 44-2 және 45-баптарында көзделген игерілген жер учаскелері және/немесе жер учаскелеріне жеке меншік, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығын есепке ала отырып әзірленеді.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған ЕТЖЖ және/немесе құрылыс салу жобалары "Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнына сәйкес азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының талаптарын есепке ала отырып әзірленеді.";
9-10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9-10. Бас жоспар кезеңіндегі жобалау материалдарының құрамын:
1) елді мекеннің қоныстандыру жүйесіндегі орналасу схемасы (схеманың құрамы мен мазмұнын ҚР ҚН 3.01-00-2011 4.1.3.7.24- тармақшасына сәйкес орындау);
2) негізгі жоспар (схеманың құрамы мен мазмұны ҚР ҚН 3.01-00-2011 4.1.3.7.25-тармақшасына сәйкес орындау);
3) аумақты кешенді қала құрылысын бағалау (схеманың құрамы мен мазмұны ҚР ҚН 3.01-00-2011 4.1.3.7.26-тармақшасына сәйкес орындау);
4) бас жоспар (негізгі сызба) (схеманың құрамы мен мазмұны ҚР ҚН 3.01-00-2011 4.1.3.7.27- тармақшасына сәйкес орындау);
5) функционалдық аймақтандыру және қала құрылысы регламенттерінің схемасы (схеманың құрамы мен мазмұны ҚР ҚН 3.01-00-2011 4.1.3.7.28- тармақшасына сәйкес орындау);
6) жол желiсi мен көлiк схемасы (схеманың құрамы мен мазмұны ҚР ҚН 3.01-00-2011 № 4.1.3.7.29- тармақшасына сәйкес орындау);
7) көшелердің көлденең бейіндері;
8) аумақты инженерлік жабдықтау және инженерлік дайындау схемасы (схеманың құрамы мен мазмұны ҚР ҚН 3.01-00-2011 4.1.3.7.30-тармақшасына сәйкес орындау);
9) қоршаған ортаны қорғау схемасы (схеманың құрамы мен мазмұны ҚР ҚН 3.01-00-2011 4.1.3.7.31-тармақшасына сәйкес орындау);
10) табиғи-экологиялық қаңқа (схеманың құрамы мен мазмұны ҚР ҚН 3.01-00-2011 4.1.3.7.32-тармақшасына сәйкес орындау);
11) әуе айлақтарының әуеайлақтары маңындағы аумақтарын аймақтандыру схемасы;
12) қызыл сызықтардың бөлу жоспары;
13) қабылданатын жобалық шешімдердің негіздемесі бар түсіндірме жазба (түсіндірме жазбаның құрамы мен мазмұны ҚР ҚН 3.01-00-2011 4.1.3.7.33- тармақшасына сәйкес орындау);
14) осы Қағидаларға 10-қосымшада көрсетілген техникалық-экономикалық көрсеткіштер.";
9-13, 9-14 және 9-15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9-13. Тұрғындардың саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының – даму және құрылыс салу схемаларының (халқының саны аз елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы) жобалау материалдарының мынадай құрамы көзделген:
1) 1:10 000, 1:25 000 масштабтағы әкімшілік аудан жүйесіндегі елді мекеннің орналасу схемасы;
2) аумақта қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары (аудандық жоспарлау жобасы) және 1:10 000, 1:25 000 масштабтағы шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобасының материалдарын пайдалана отырып әзірленген жер пайдалану схемасы;
2-1) аумақты кешенді қала құрылыстық бағалау;
3) тірек жоспар (аумақты қазіргі заманғы пайдалану жоспары);
4) бас жоспар (негізгі сызба);
5) көше-жол желісі мен көліктің схемасы, аумақты тік жоспарлау мен инженерлік дайындау;
5-1) көшелердің көлденең пішіндері;
6) инженерлік қамтамасыз ету схемасы;
7) қоршаған ортаны қорғау схемасы;
7-1) функционалдық аймақтандыру және қала құрылысы регламенттерінің схемасы;
7-2) қызыл сызықтардың бөлу жоспары;
7-3) әуе айлақтарының әуеайлақтары маңындағы аумақтарын аймақтандыру схемасы;
8) қабылданған жобалау шешімдерінің негіздемесі бар түсіндірме жазба;
9) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
9-14. Қалалардың бас жоспарлары су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларымен (бұдан әрі – бассейндік су инспекциялары), жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшелерiмен, Тапсырманың 8-тармағымен айқындалған мекемелер және ұйымдармен келiсiледi, сондай-ақ стратегиялық экологиялық бағалау, қоршаған ортаға әсер ету рәсiмiне жатады.
9-15. Кенттердің және ауылдық елді мекендердің бас жоспарлары бассейндік су инспекцияларымен, кенттік және ауылдық атқарушы органдарымен, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерімен және Тапсырманың 8-тармағымен айқындалған мекемелер және ұйымдармен келісіледі, сондай-ақ стратегиялық экологиялық бағалау, қоршаған ортаға әсер ету рәсiмiне жатады.";
9-21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9-21. Бас жоспарда:
1) әлеуметтiк, рекреациялық, өндірiстiк, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды және байланыс желілерін орналастыруды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар ескерiле отырып, елдi мекеннiң аумағын дамытудың негiзгi бағыттары;
2) осы аймақтардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу және пайдалануды шектеу;
3) елдi мекеннiң құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы;
4) жердi басымдықпен иелiктен айыру және сатып алу аймақтары, резервтiк аумақтар;
5) аумақты табиғи және техногендiк құбылыстар мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi шаралар;
5-1) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау жөніндегі шаралар;
6) кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көліктік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар;
7) елдi мекендi тұрақты дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де шаралар белгіленедi.";
12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. ЕТЖЖ мыналарды белгілейді:
1) функционалдық-қала құрылысын аймақтарға бөлуді айқындай отырып, аумақты жоспарлау ұйымдастырудың негізгі бағыттары;
2) қызыл, сары сызықтар және құрылыс салуды реттейтін сызықтар;
2-1) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары;
3) халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру, көше-жол желісін және көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, инженерлік коммуникацияларды трассалау үшін аумақты резервке қою;
4) көшелердің көлденең қималары;
5) аумақты абаттандыру және көгалдандыру;
6) жария қала құрылысы шектеулері;
7) инженерлік коммуникациялар жоспары;
8) жол инфрақұрылымын дамыту жоспары;
9) астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар аумақтары бөлігінің бірыңғай сәулеттік стилінің тұжырымдамасы;
10) байланыс құрылысжайларын, байланыс желілерін және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарлары, сондай-ақ байланыс мұқтаждары үшін аумақты резервке қою.
ЕТЖЖ-да халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын әлеуметтік және өзге де мақсаттағы объектілерге кедергісіз қолжеткізу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа объектілер салған кезде жаңартылатын энергия көздерін және энергия үнемдейтін технологияларды қолдану мәселелері де шешіледі.
13. ЕТЖЖ арналған жобалау материалдарының құрамы:
1) қоныстану жүйесінде жобаланатын аумақтың орналасу схемасы;
2) тірек жоспары (оның ішінде тарихи-сәулеттік мұралары бар елді мекендер үшін тірек тарихи-сәулет жоспары);
3) аумақтарды кешенді қала құрылыстық бағалау;
4) құрылыс салу эскизі;
5) аумақты функционалдық аймақтарға бөлу жоспары;
5-1) қала құрылысы регламенттерінің схемасы;
5-2) әуе айлақтарының әуеайлақтары маңындағы аумақтарын аймақтандыру схемасы;
6) көше-жол желісі және көліктің схемасы;
6-1) көшелердің көлденең профильдері;
7) аумақты тік жоспарлау және инженерлік дайындау схемасы;
8) инженерлік қамтамасыз ету схемасы (оның ішінде сумен жабдықтау және су бұру, нөсер кәрізі, жылу, газ-, электрмен жабдықтау схемалары, байланыс құрылыстарының, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерінің орналасуын қоса алғанда, электр көліктері, телекоммуникациялар және байланыс үшін зарядтау құрылғысы схемасы);
9) қызыл сызықтардың бөлу жоспары;
10) қоршаған ортаны қорғау схемасы;
11) экономикалық бөлігі: осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
Жобалау материалдарының құрамы мен мазмұнын жобаланатын аумақтың шекарасынан 1000 метр радиуста іргелес аумақта қолданыстағы және жоспарланып отырған құрылыс салуды ескере отырып, мемлекеттік нормативтер нормаларының талаптарына сәйкес орындауға міндетті.
Қабылданған жобалық шешімдері негізделген әрбір графикалық материалға түсіндірме жазба қоса беріледі.
14. Түсіндірме жазба құрамында мыналар болады:
1) жобаланып отырған аумақтың даму проблемаларының сипаттамасы;
2) қоршаған аумақтарды дамытумен байланыстыра отырып, оны дамытудың нақты мақсаттары;
3) демогарафиялық талдау;
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЕТЖЖ негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
5) мыналар туралы деректер:
табиғи-климаттық жағдайларда;
аумақты қолданыстағы функционалдық пайдалану;
тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар қорының жай-күйі;
инженерлік және көлік желісі;
аумақты абаттандыру;
санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және оны жақсарту жөніндегі іс-шаралар бойынша аумақты бағалау;
қолданыстағы және орналастыру көзделіп отырған өнеркәсіптік-өндірістік объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау;
тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту және басқалар;
6) сәулет-жоспарлау шешімдері, аумақты қала құрылысын аймақтарға бөлу негіздемесі;
7) тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың құрылысы үшін ұсынылатын үлгілері, халыққа әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру принциптері бойынша ұсыныстар;
8) аумақты меншік түрлері бойынша бөлу (қажет болған жағдайда), аумақты пайдалану регламенті, жер учаскелерінің шекаралары және қауымдық сервитуттарды белгілеу жөніндегі ұсыныстар.";
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қалалық аумақтардың ЕТЖЖ бассейндік су инспекцияларымен, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшілерімен, Тапсырманың 8-тармағымен айқындалған мекемелер және ұйымдармен келісіледі, сондай-ақ қоғамдық талқылаудан кейін Жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен кешенді қала құрылысы сараптамасына жіберіледі және Заңның 25-бабына сәйкес астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының тиісті шешімімен бекітіледі.
19. Кенттер мен ауылдық елді мекендер (округтер) аумақтарының ЕТЖЖ бассейндік су инспекцияларымен, кенттік және ауылдық атқарушы органдармен, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерімен, Тапсырманың 8-тармағымен айқындалған мекемелер және ұйымдармен келісіледі, сондай-ақ қоғамдық талқылаудан кейін Жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен кешенді қала құрылысы сараптамасына жіберіледі және Заңның 23-1-бабына сәйкес аудандық өкілетті органдарымен бекітіледі.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Ғимараттарды негізінен үлгілік және қайта қолданылатын жобалар бойынша қолдана отырып аудандарды жобалау кезінде құрылыс салу жобасы, бекітуге ұсынылатын жобалау-сметалық құжаттама және сметалары бар жұмыс құжаттамасы құрамындағы құнның жиынтық сметалық есебі бар құрылыс салудың жұмыс жобасы бір сатыда орындалуы мүмкін.
Бекітуге ұсынылатын жобаның құрамына мыналар кіреді:
шағын аудан (орам) құрылысының бас жоспарының схемасы);
тірек жоспары;
құрылыстың бас жоспары (құрылыс салу эскизі);
жер массаларының жоспары бар жер бедерін ұйымдастыру схемасы;
инженерлік желілердің жиынтық схемасы (оның ішінде сумен жабдықтау және су бұру, нөсер кәрізі, жылу, газ-, электрмен жабдықтау схемалары, байланыс құрылыстарының, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерінің орналасуын қоса алғанда, электр көліктері, телекоммуникациялар және байланыс үшін зарядтау құрылғысы схемасы);
ғимараттар мен құрылыстарды құрастыру схемалары;
құрылысты ұйымдастыру жобасы;
аумақтарды функционалдық және қала құрылысын аймақтарға бөлу жоспары;
қызыл сызықтарды бөлу жоспары;
құрылыс құнының жиынтық сметалық есебі;
Құрылыс салу жобасының графикалық материалдары 1:500 немесе 1:1000 масштабта орындалады;
Әрбір графикалық материалға түсіндірме жазба қоса беріледі.";
мынадай мазмұндағы 39-тармақпен толықтырылсын:
"39. Бекітілген ЕТЖЖ және/немесе құрылыс салу жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолданыстағы ЕТЖЖ және/немесе құрылыс салу жобасы шегінде ЕТЖЖ және/немесе құрылыс салу жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу шекараларын көрсете отырып жүзеге асырылуы қажет.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
Мемлекеттiк инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын қала құрылысы жобалаларын жобалауға арналған тапсырма
БЕКІТЕМІН: (лауазымы, ұйым) _________________________ (тегі және аты-жөні) ________________________ (қолы) ________________________ (күні) |
1. Қала құрылысы жобасының түрі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
2. Тапсырыс беруші
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(толық және қысқартылған атауы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
3. Жобалау ұйымы (әзірлеуші)

4. Жобалау үшін негіздеме
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
5. Қала құрылысын жоспарлау немесе аумақтарда құрылыс салу объектісі, оның негізгі сипаттамалары
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
6. Жобалау кезеңдері бойынша ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына және нысанына қойылатын негізгі талаптар, жұмыстарды орындау реті мен мерзімдері
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
7. Жобалау үшін бастапқы ақпаратты ұсынудың құрамы, орындаушылары, мерзімдері мен тәртібі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
8. Қала құрылысы жобасының осы түрін келісетін мекемелер мен ұйымдардың тізбесі:
уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық құрылымдық бөлімшесі, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері, мүдделі ұйымдар
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
9. Келісуші ұйымдардың қала құрылысы жобасының әзірленетін түріне қойылатын талаптары
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
10. Жобалау алдындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инженерлік іздестірулерді жүргізудің құрамы мен тәртібі (қажет болған жағдайда)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
11. Әзірленетін қала құрылысы жобасына келісу және сараптама жүргізуді ұйымдастыру тәртібі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
12. Жоспарланатын аумақ үшін белгіленген жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері болмаған жағдайда, жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеу жөніндегі арнаулы бөлімді әзірлеуді көздеу қажет
_________________________________________________________________
13. Өзге талаптар мен шарттар: орындаушыдан
________________________________
(лауазымы, ұйым)
_______________________________
(тегі және аты-жөні) (қолы)
_____________________________
(күні)
сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органдар (немесе жергілікті атқарушы)
__________________________
(лауазымы, ұйым)
_________________________
(тегі және аты-жөні) (қолы)
__________________________
(күні)
өзге келісуші ұйымдардан
____________________________
(толық атауы) (лауазымы, ұйым)
__________________________
(тегі және аты-жөні) (қолы)
__________________________
(күні)
Ескертпе. Тапсырманың мазмұны қала құрылысы құжаттамасының жекелеген түрлерін және қала құрылысын жоспарлау мен құрылыс салу объектісінің ерекшелігін әзірлеуге қойылатын талаптарға сәйкес нақтылануы мүмкін.
Бұйрыққа 2- қосымша Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) əзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына 1-1-қосымша |
Басқа көздер есебінен қаржыландырылатын қала құрылысы жобалаларын жобалауға арналған тапсырма
Сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметті атқаратын жергілікті атқарушы орган БЕКІТЕМІН: (лауазымы, ұйым) __________________________ (тегі және аты-жөні) ______________________ (қолы) ______________________ (күні) Құрылыс салушы (инвестор, жер учаскесінің меншік иесі) КЕЛІСІЛДІ: (лауазымы, ұйым) ___________________ (тегі және аты-жөні) ______________________ (қолы) ______________________ (күні) |
1. Қала құрылысы жобасының түрі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
2. Тапсырыс беруші
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(толық және қысқартылған атауы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
3. Жобалау ұйымы (әзірлеуші)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(толық және қысқартылған атауы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
4. Жобалау үшін негіздеме
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
5. Қала құрылысын жоспарлау немесе аумақтарда құрылыс салу объектісі, оның негізгі сипаттамалары
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
6. Жобалау кезеңдері бойынша ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына және нысанына қойылатын негізгі талаптар, жұмыстарды орындау реті мен мерзімдері
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
_________________________________________________________________
7. Жобалау үшін бастапқы ақпаратты ұсынудың құрамы, орындаушылары, мерзімдері мен тәртібі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
8. Қала құрылысы жобасының осы түрін келісетін мекемелер мен ұйымдардың тізбесі:
уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық құрылымдық бөлімшесі, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері, мүдделі ұйымдар
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
9. Келісуші ұйымдардың қала құрылысы жобасының әзірленетін түріне қойылатын талаптары
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
10. Жобалау алдындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инженерлік іздестірулерді жүргізудің құрамы мен тәртібі (қажет болған жағдайда)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
11. Әзірленетін қала құрылысы жобасына келісу және сараптама жүргізуді
ұйымдастыру тәртібі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
12. Жоспарланатын аумақ үшін белгіленген жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері болмаған жағдайда, жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеу жөніндегі арнаулы бөлімді әзірлеуді көздеу қажет
_______________________________________________________________