"Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 шiлдедегi № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 шiлдеде № 36412 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28451 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16- бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2025 жылғы 3 шілдедегі
№ 243 Бұйрыққа
қосымша
Өнеркәсіпті дамытуға
бағытталған шарттарды
жоспарлау және жасасу,
сондай-ақ олардың орындалуын
мониторингтеу қағидаларына
6-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсы (https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=kk).

      Әкімшілік нысанның атауы: өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың орындалу барысы туралы есеп.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЦЭФ16.

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есептік кезең: ____ жыл тоқсан сайын.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Тапсырыс беруші.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін электрондық тасығышта (электрондық пошта және электрондық құжат айналымы жүйесі).

ЖСН/БСН



      (деректерді жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: қағаз тасығышта

Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды орындау барысы туралы есеп

Өнім берушінің атауы

Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы

Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі

Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтама лығының коды

Орны, мерзімі және шарттары

Офтейк-келісімшарттар және келісімшарттық сатып алу шарттары талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат

Өзгерістер мен толықтырулардың болуы, олардың мәні мен орындалу мәртебесі

Келісімшарттық сатып алу шарттары бойынша Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген қосымша талаптар, олардың мәні мен орындалу мәртебесі









      Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

Атауы ____________________________
__________________________________

Мекенжайы _______________________
____________________________

      Телефон_____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы _______________________________________/__________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_____________________________________________/_______________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
      ____________________
Мөрге арналған орын
(жеке кәсіпкерлік
субъектілері болып
табылатын адамдарды
қоспағанда)

  "Өнеркәсіпті дамытуға
бағытталған шарттардың
орындалу барысы туралы
есеп" әкімшілік деректерін
жинауға арналған ақпарат
нысаныға қосымша

"Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың орындалу барысы туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған ақпарат нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (ЦЭФ16, тоқсан сайын).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме (бұдан әрі – Түсініктеме) "Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың орындалу барысы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.

      2. Нысан "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін электрондық тасығышта (электрондық пошта және электрондық құжат айналымы жүйесі) ұсынылады.

      4. Нысанға тапсырыс беруші немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және жауапты тұлға қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер

      1) "1" бағанда: "Өнім берушінің атауы" толтырылады;

      2) "2" бағанда: "Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы" толтырылады;

      3) "3" бағанда: "Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі" толтырылады;

      4) "4" бағанда: "Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының коды" толтырылады;

      5) "5" бағанда: "Орны, мерзімі және шарттары" толтырылады;

      6) "6" бағанда: "Офтейк-келісімшарттар және келісімшарттық сатып алу шарттары талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат" толтырылады;

      7) "7" бағанда: "Өзгерістер мен толықтырулардың болуы, олардың мәні мен орындалу мәртебесі" көрсетіледі;

      8) "8" бағанда: "Келісімшарттық сатып алу шарттары бойынша Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген қосымша талаптар, олардың мәні мен орындалу мәртебесі" көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады