Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 2 шiлдедегi № 165-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 шiлдеде № 36402 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновация және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 2 шілдедегі
№ 165-НҚ бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 54-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35951 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) суару үшін су беру;".

      2. "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35972 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты;";

      Суды каналдар арқылы беру қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "___________________________ "____"___________20__ жыл

      (шарттың жасалған орны) (күні)

      Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру қызметтерін (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер) ұсынуға____________________________________ атынан (көрсетілетін қызметті ұсынатын субъектінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ____________ негізінде әрекет ететін бір тараптан _________________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты тегі (бар болған жағдайда)) және бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын_____________________________ (тұтынушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) ___________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін _________________________________________ екінші тараптан (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:";

      1-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру қызметтері – суды сутартқыштар (каналдар, құбыржолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу және оны су пайдаланушыларға беру;".

      3. "Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 65-НҚ бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35994 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріне сапалы және тең қол жеткізуді қамтамасыз етуде бақылауды күшейту мақсатында әзірленді (бұдан әрі – Реттелетін қызметтер).".

      4. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35975 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалар суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтерін көрсететін (бұдан әрі – реттелетін қызметтер) табиғи монополиялар субъектілеріне (бұдан әрі – субъект) қолданылады.";

      3-тармақта:

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) қуаттылығы аз субъект – реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъект:

      көлемі жылына бес жүз мың текше метрге дейінгі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;

      жылына отыз миллион текше метрге дейін суару үшін су беру бойынша.

      Қуаттылығы аз субъектіге кірісі күнтізбелік бір жылда субъектінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түскен кірістің бес пайызынан аспайтын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша субъект те жатады. Бұл ретте қалған реттелетін қызметтер бойынша субъект қуаттылығы аз субъектіге жатпайды.";

      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) "суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру қызметтері – суды сутартқыштар (каналдар, құбыржолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу және оны су пайдаланушыларға беру;";

      76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "76) стратегиялық тауарлар:

      электр энергиясы шығындардың орнын толтыру үшін – суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтерін көрсететін субъектілер үшін электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ескере отырып;

      су – суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтерін көрсететін субъектілер үшін;";

      10-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша қызметтерін реттеліп көрсететін субъектілер үшін тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тарифті айқындау ерекшеліктерін көздейді.

      Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеудің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін субъектілерді тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып тарифтерді қалыптастыру және бекіту осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2-тарау 2-параграф 2-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Реттеліп көрсетілетін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріне тарифті есептеу ерекшеліктері";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті есептеу бекітілген шарттарға сәйкес гидротехникалық құрылыстар кешенінің және (немесе) жасанды гидротехникалық құрылыстардың көмегімен арна арқылы суды тарту түрінде ұсынатын субъект реттеліп көрсетілетін қызметтерге қолданылады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріне тариф осы параграфтың 1-бөліміне сәйкес тарифті есептеу тәртібіне сәйкес есептеледі және судың 1 текше метрі үшін теңгемен өлшенеді.

      Бұл ретте тұтынушылар топтары бойынша есептік тарифтерді және (немесе) сараланған тарифтерді бекітуге жол беріледі.

      Егер реттеліп көрсетілетін қызметтер бірнеше облыстардың (аудандардың) аумағында көрсетілсе, онда қызмет бойынша тариф және тарифтік смета жалпы немесе объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек есептеледі.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      мұндағы:

      n – тарифтің қолданылу кезеңі (бір жылға немесе бүкіл кезеңге);

      Tn – 1 текше метр үшін тарифтің қолданылу кезеңіне суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі қызметтерге арналған тариф, теңге;

      Zn – осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып қабылданған тарифтің қолданылу кезеңіне арналған экономикалық негізделген шығындар, мың теңге;

      ДУПn – тарифтің әрекет ету кезеңіне салық салынғанға дейінгі пайданың рұқсат етілген деңгейі, мың теңге;

      Vn – тарифтің әрекет ету кезеңінде көрсетілетін қызметтер көлемі, мың текше метр.";

      2-тарау 3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Реттеліп көрсетілетін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріне тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі ескерілген тарифті есептеу.";

      2-тарау 3-параграф 1-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлім. Реттеліп көрсетілетін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріне тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі ескерілген тарифті есептеудің ерекшеліктері.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Осы ынталандыру әдісі суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтерін көрсететін субъектілерге қолданылады.";

      187-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "187. Уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтерді көрсететін субъектілер үшін сапа мен сенімділіктің мынадай көрсеткіштері:";

      4-тарау 2-параграф 1-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлім. Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті саралау";

      259-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "259. Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тұтынушылардың мынадай топтарына тариф саралануы мүмкін:

      1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, акваөсіру субъектілері – бірінші топ;

      2) су арналары, бюджеттік ұйымдар – екінші топ;

      3) электр энергиясын өндіретін кәсіпорындар – үшінші топ;

      4) су жіберу (табиғатты қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық) – төртінші топ;

      5) өнеркәсіптік кәсіпорындар, өзге де коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар – бесінші топ.

      Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін суды үнемдеуге ынталандыру мақсатында бірінші топтың тарифі тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша сараланады:

      1-кіші топ – су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары шегінде суды тұтынатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер;

      2-кіші топ – су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларының асып кетуіне жол берген суды тұтынатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері.";

      261-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "261. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріне арналған Тариф түзету коэффициентіне түзетілген есептік тариф негізінде айқындалады (ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің болжамды көлемі өзгерген кезде орташа алынған есептік тарифтің орташа түсімдік есептік тарифтен ауытқуы).";

      262-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "262. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі қызметтерге есептік тариф мына формула бойынша айқындалады:";

      266-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "266. Тұтынушылардың бірінші тобының мынадай санаттары үшін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      Таштө1 = Т1

      Таштө2 = 1,2*Т1

      мұндағы,

      Т1 – осы Қағидалардың 265-тармағына сәйкес айқындалған бірінші топтың тарифі;

      Таштө1 – 1-кіші топқа арналған тариф;

      Таштө2 – 2-кіші топқа арналған тариф.

      Су тұтынудың үлестік нормаларынан асып кету фактісі болған жағдайда, 1 айдағы есепке жазудың жалпы көлемін есептеу кезінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен келісілген су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары шегінде тұтынылған көлемге бірінші кіші топтың тарифі қолданылады, ал қалған көлемге 2-кіші топтың тарифі қолданылады.";

      409-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "409. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеуге қолданылады.";

      9-тарау 2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу";

      432-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу-сату бағасының айырмасына байланысты алынған алдыңғы аяқталған кезең (жыл) үшін нақты шығыстар немесе кірістер туындаған жағдайда суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтері бөлігінде уәкілетті орган осы Қағидалардың 431-тармағы негізінде тариф өзгерген кезде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы бойынша шығындарды қоспағанда, тірек гидротехникалық құрылысжайлар тарифтің шығыс бөлігін негізсіз алынған немесе алынбаған кіріс сомасына өзгертеді.";

      466-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "466. Уәкілетті орган суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтері бойынша бес жылдық кезеңге арналған тарифтердің болжамды индекстерін айқындайды.";

      көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:

      4-нысанының әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының титулдық парағының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері.";

      5-нысанының әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының титулдық парағының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері";

      көрсетілген Қағидаға 3-қосымшада:

      әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының титулдық парағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік нысанның атауы: Реттеліп көрсетілетін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріне тарифтік реттеудің ынталандыру әдісімен тариф бекітуге өтінім";

      әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының титулдық парағының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері";

      әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеменің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Реттеліп көрсетілетін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріне тарифтік реттеудің ынталандыру әдісімен тариф бекітуге өтінім (индекс: ЫӘӨ-1, кезеңділігі: реттеуші кезең)";

      әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы түсіндірме субъектілердің реттеліп көрсетілетін суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріне тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісімен тарифті бекітуге өтінімді дайындауға. Тарифтік смета – "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 26) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтің табыстарының, шығыстарының және көлемдерінің тізбесі.";

      көрсетілген Қағидаға 5-қосымшада:

      әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының титулдық парағының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері.";

      көрсетілген Қағидаға 9-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Суды магистральдық құбыржолдары және суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер мысалында тарифтерге уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу:

      1) суды магистральдық құбыржолдары және суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерге уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу кезінде қолданылатын шартты деректер:

      тұтынушы – "Адал су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      көрсетілетін қызмет түрі – суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу;

      су құбыры ұйымының көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне бекітілген тариф (Т) – 1 текше метр (бұдан әрі – м3) үшін 28,42 теңге;

      су құбыры ұйымының көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне қолданыстағы тарифте салынған пайда (П) – 2,1 теңге/м3;

      көрсетілетін қызметті тұтынудың мәлімделген көлемі (V1) – 49651 м3;

      көрсетілетін қызметті тұтынудың нақты көлемі (V) – 45000 м3;

      шартты-ауыспалы шығындар (дельта3) – 32623,63 теңге.

      2) көрсетілетін қызметті тұтынудың нақты көлемінен көрсетілетін қызметті тұтынудың мәлімделген көлемінің өсу бірлігіне есептік тариф айқындалады (3):

     


      3) көрсетілетін қызметті тұтынудың мәлімделген көлемінің бірлігіне есептік тариф айқындалады (2):

     


      4) көрсетілетін қызметтің тарифіне уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі айқындалады:

     


      ";

      көрсетілген Қағидаға 13-қосымшада:

      әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының титулдық парағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері.";

      әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтерін ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды қорытынды бөлу туралы есебін жасауға және ұсынуға арналған. Субъектілер әрбір қызмет түрі бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүзеге асырады.";

      5. "Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 68-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36000 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Техникалық шарттар:

      1) табиғи монополия субъектісі суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша тұтынушыға мынадай техникалық шарттарды орындаған жағдайда ________________ м3/тәулігіне (айына, жылына) мөлшерінде каналдан, су қоймасынан, өзеннен су алуға рұқсат береді:

      суды тек суаруға, тұрмыстық қажеттіліктерге және технологиялық процесте су қажет болатын өндірістік қажеттіліктерге жұмсау керек. Белгіленген лимиттен тыс суды жұмсауға рұқсат етілмейді;

      Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары шеңберінде су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан келісім алу;

      каналдар мен жерүсті ағынының қорғау аймағын қамтамасыз ету;

      қорғау аймағы шегінде сумен жабдықтау жөніндегі ұйым және (немесе) су шаруашылығы ұйымы келісімінсіз кез келген объектілерде, құрылысжайларда құрылыстар, монтаждау және жер жұмыстарын жүргізу, тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға, әртүрлі алаңдар, автокөлік тұрақтарын орнатуға, әртүрлі материалдарды жинауға, қоршаулар мен шарбақтар, стационарлық құрылысжайлар салуға, ағаштар мен бұталар отырғызуға, жер жұмыстарына жол берілмейді;

      каналдар мен жерүсті ағындарына қызмет көрсету, пайдалану, жөндеу үшін, сондай-ақ тұтынушының су өлшегіш торабына кіруді және еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      тұтынушының (ұйымдардың, лауазымды, заңды және жеке тұлғалардың) кінәсінен каналдар мен жерүсті ағынының және олардың конструкцияларының зақымдануы кезінде залалды өтеу олардың есебінен толық көлемде жүргізіледі

      қосылу нүктесінде балық қорғау құрылысжайларын немесе құрылғыларын қолдануды қамтамасыз ету;

      2) тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағыны мен каналдарына қосылу:

      құрылыс, жөндеу және заманауи материалдардың жаңа технологияларын қолдана отырып, жоба әзірленгеннен кейін;

      су шығынын коммерциялық есепке алу үшін су өлшегіш торап (су өлшегіш құрылғы) орнатылғаннан кейін;

      осы техникалық шарттар толық көлемде орындалғаннан кейін.

      Қосылуды табиғи монополия субъектісі өкілінің қатысуымен жүзеге асырады.

      Құрылыс, жөндеу, тазарту кезеңінде санатта бар тұтынушыларды үздіксіз сумен қамтамасыз ету.

      Табиғи монополия субъектісі әзірленген және берілген техникалық шарттарды есепке алуды және тіркеуді ұйымдастырады.

      Берілген техникалық шарттардың бір данасы табиғи монополия субъектісінде шектеусіз мерзімде сақталады.

      Техникалық шарттарды қайта рәсімдеу және беру үшін ақы алынбайды.

      Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі жобалаудың және құрылыстың нормативтік мерзіміне сәйкес болады.".

      6. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 84-НҚ бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36054 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету:

      "Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" (бұдан әрі – Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару);

      "Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" (бұдан әрі – Мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру);

      "Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" (бұдан әрі – Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру) тәртібін айқындайды.";

      3-тармақта:

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру қызметтері – суды сутартқыштар (каналдар, құбыржолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу және оны су пайдаланушыларға беру;";

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) техникалық шарттар – бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау (құрылыс салу схемасы) жобасына сай инженерлік коммуникацияларды дамыту жоспарына сәйкес табиғи монополия субъектісінің: сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсетуге арналған техникалық талаптар;";

      201-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "201. Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4 және 5-қосымшалар осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 2 шілдедегі
№ 165-НҚ
Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
1-қосымша
Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру Қағидаларына
2-қосымша

"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару":

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:

1) "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу";
2) "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару".

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – 30 минут;
Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынынреттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару – 2 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық
(ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Еңбек кодексіне және Мерекелер туралы заңға сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік тіркелімге енгізу үшін:
басшы, не басшының міндеттерін атқару жүктелген тұлға қол қойған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша Мемлекеттік тіркелімге енгізу туралы өтініш.
Мемлекеттік тіркелімнен шығару үшін: көрсетілетін қызметті алушы өзінің табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтатқан күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге басшы, не басшының міндеттерін атқару жүктелген тұлға қол қойған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша Табиғи монополиялар субьектілерінің Мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы өтінішті ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 2 шілдедегі
№ 165-НҚ
Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
2-қосымша
Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру Қағидаларына
4-қосымша

"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкіметтің" www. egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Портал арқылы жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық
(ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат;
2) иеліктен шығарылатын объектілер бойынша бөліністе иеліктен шығарылатын мүліктің атауын, типін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы, қалдық құнын көрсете отырып, табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған, ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланстан растайтын үзінді көшірменің электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға ретінде, мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) тарифтің көтерілуі;
2) тұтынушылармен шарттардың бұзылуы;
3) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келуі;
4) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың үздіксіз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуы, немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
9) құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну, не дәйексіз ақпаратты (мәліметтерді) қамтитын құжаттарды ұсыну;
10) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 2 шілдедегі
№ 165-НҚ
Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
3-қосымша
Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру
Қағидаларына
5-қосымша

"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Суды каналдар арқылы беру беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Бірігу, қосылу, түрлендіру;
2. Бөлу, бөлініп шығу;
3. Тарату.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Портал арқылы жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық
(ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат; 2) бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісінің электрондық көшірмесі; 3) бөлу, бөлініп шығу кезінде – бөлу балансының электрондық көшірмесі; 4) тарату кезінде – тарату балансының электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға ретінде, мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) тарифтің көтерілуі;
2) тұтынушылармен шарттардың бұзылуы;
3) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келуі;
4) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың үздіксіз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуы, немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
9) құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну, не дәйексіз ақпаратты (мәліметтерді) қамтитын құжаттарды ұсыну;
10) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады