"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған алғашқы күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы |
Н. Алдамжаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны
1. Объектінің толық атауы және мекенжайы (жобаланатын, қолданыстағы,
реконструкцияланатын канал немесе жерүсті ағыны):_____________________
_______________________________________________________________
2. Объектінің мақсаты ___________________________________________
3. Техникалық шарттарды алу үшін негіздеме (қажеттісін белгілеу):
1) желіге қосылатын жаңа объектілерді жобалау және кейіннен құрылысын жүргізу;
2) қолданыстағы жүйеде көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайту;
3) егер бұл тұтынылатын көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сипаттамаларының өзгеруіне әкелетін болса, реконструкциялау;
4) қайта бейіндеу;
5) қайтадан енгізілетін объектілердің желілеріне қосылу;
6) бұрын қосылмаған объектінің желілеріне қосылу.
4. Ауданы: _____________________________ гектар
5. Қажеттілік __________________________ текше метр /тәулік (ай, жыл):
оның ішінде:
1) өндірістік қажеттіліктерге __________ текше метр /тәулік (ай, жыл);
2) суаруға _______________ текше метр /тәулік (ай, жыл);
3) шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер __________ текше метр /тәулік
(ай, жыл)
6. Қосуды жүргізу (уақыты және күні): ______________________________
7. Қосу нүктесі: __________________________________________________
8. Техникалық шарттар:
1) табиғи монополия субъектісі суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша тұтынушыға мынадай техникалық шарттарды орындаған жағдайда ________________ м3/тәулігіне (айына, жылына) мөлшерінде каналдан, су қоймасынан ___________________________ (толық атауы) су алуға рұқсат береді:
суды тек суаруға, тұрмыстық қажеттіліктерге және технологиялық процесте су қажет болатын өндірістік қажеттіліктерге жұмсау керек;
белгіленген лимиттен тыс суды пайдаланбау;
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 85 және 86 баптарының талаптарын сақтай отырып шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
каналдар мен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі гидротехникалық құрылысжайларға қызмет көрсету, пайдалану, жөндеу үшін, сондай-ақ тұтынушының су өлшегіш торабына кіруді және еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
тұтынушының (жеке және заңды тұлғалардың) кінәсінен каналдар мен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі гидротехникалық құрылысжайларының және олардың конструкцияларының зақымдануы кезінде залалды өтеу олардың есебінен толық көлемде жүргізіледі;
қосылу нүктесінде балық қорғау құрылысжайларын немесе құрылғыларын қолдануды қамтамасыз ету;
2) каналға және жерүсті ағынын реттеу жөніндегі гидротехникалық құрылысжайға қосылуды:
құрылыс, жөндеу және заманауи материалдардың жаңа технологияларын қолдана отырып, жоба әзірленгеннен кейін;
техникалық мүмкіндік болған жағдайда (жаңа объект үшін) су үнемдеуші технологияларды (тамшылатып суару, жаңбырлатып суару (фронтальды, айналмалы, барабанды), шашыратқыш суару және басқа.) орнатқаннан кейін;
суды есепке алу құралын, суды есепке алу торабын орнатқаннан кейін.
Қосылуды табиғи монополия субъектісі өкілінің қатысуымен жүзеге асыру.
Каналдың және жерүсті ағынын реттеу жөніндегі гидротехникалық құрылысжайының құрылыс, жөндеу, тазарту кезеңінде қолданыстағы тұтынушыларды үздіксіз сумен қамтамасыз ету.
Табиғи монополия субъектісі әзірленген және берілген техникалық шарттарды есепке алуды және тіркеуді ұйымдастырады.
Берілген техникалық шарттардың бір данасы табиғи монополия субъектісінде тұрақты мерзімде сақталады.
Техникалық шарттарды қайта рәсімдеу және беру үшін ақы алынбайды.
Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жобалау мен құрылыстың нормативтік мерзімдеріне сәйкес келеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 17.07.2026 № 220-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
