"Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 729 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда № 36346 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22583 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 23 маусымдағы
№ 729 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы "19" сәуірдегі
№ 236 бұйрығымен
бекітілген

Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қорғаныс объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) жауапты құрылымдық бөлімше – жер учаскесін есепке алу функциясы жүктелген тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органының құрылымдық бөлімшесі;

      2) жер учаскесі – Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынасы субъектісіне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      3) жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс объектісі – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесіне жедел басқару құқығына бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершілігі белгіленетін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және пайдалану арқылы бір немесе бірнеше әлеуметтік-экономикалық міндетті шешу мақсатында жасалатын жазбаша келiсiм;

      6) тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.

2-тарау. Қорғаныс объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру тәртібі

      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесін таңдауды тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органы аудандық пайдалану бөлімі бастығының ұсынуы бойынша гарнизон бастығы жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесін таңдау қорытындысы бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес жер учаскесін таңдау актісі жасалады.

      5. Жер учаскесін таңдау актісі бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберіледі.

      6. Жауапты құрылымдық бөлімше бекітілген жер учаскесін таңдау актісін алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жекеше әріптеске уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесінің тізбесін қалыптастырады және оны тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органының бірінші басшысымен келіседі.

      7. Жекеше әріптеске уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесін бөлген кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген) сәйкес жерге орналастыру жобасы жасалады.

      Жерге орналастыру жобасы бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) сәйкес жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты жасалады.

      8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін уақытша өтеусіз пайдалануға жер учаскесін беру жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде жүзеге асырылады.

      9. Жер учаскесі жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзіміне беріледі.

  Қорғаныс объектілерін салу,
реконструкциялау және
пайдалану үшін мемлекеттік-
жекешелік әріптестік шарттары
бойынша жер учаскесін
уақытша өтеусіз пайдалануға
беру қағидаларына
қосымша
Нысан
  БЕКІТЕМІН:
  ____________________________
(Т.А.Ә. (болса)
20___ жылғы "___" __________
____________________________
(қолтаңба және мөр орны)

Жер учаскесін таңдау актісі 20___ жылғы "___"_____________ № ____

      Осы акті ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
қорғаныс объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін ауданға алдын ала
барлау жасалғаны және учаскенің зерттелгені туралы жасалды.
Жер учаскесінің мақсатты пайдаланылуы: _________________________________________
Жер учаскесінің ауданы (гектар) _________________________________________________
Мерзімі (жыл)_________________________________________________________________
Учаске және салу, реконструкциялау және пайдалану объектісі туралы қосымша мәлімет
      _____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(объект неше қабатты, жоспарланған объект ауданы)
Жер учаскесін тексеру материалы негізінде:
1. ___________________________________________________________________________
(салу, реконструкциялау және пайдалану объектісінің атауы)
қорғаныс объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану
үшін_________________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
мекенжайы бойынша тұрған жер учаскесін беруге болады.
2. Жер учаскесін пайдалану кезінде мыналар сақталуы қажет:
1) _________________________________________________________________________;
2) _________________________________________________________________________;
3) _________________________________________________________________________.
      Лауазымды адам ____________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болса)
20___ жылғы "____" __________
________________ (қолтаңбасы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады