Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 23.06.2025 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабы 2-тармағының 26-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.03.2024 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 23.06.2025 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 236 бұйрығымен бекітілген |
Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 23.06.2025 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қорғаныс объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жауапты құрылымдық бөлімше – жер учаскесін есепке алу функциясы жүктелген тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органының құрылымдық бөлімшесі;
2) жер учаскесі – Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынасы субъектісіне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс объектісі – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесіне жедел басқару құқығына бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершілігі белгіленетін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және пайдалану арқылы бір немесе бірнеше әлеуметтік-экономикалық міндетті шешу мақсатында жасалатын жазбаша келiсiм;
6) тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
2-тарау. Қорғаныс объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру тәртібі
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесін таңдауды тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органы аудандық пайдалану бөлімі бастығының ұсынуы бойынша гарнизон бастығы жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесін таңдау қорытындысы бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес жер учаскесін таңдау актісі жасалады.
5. Жер учаскесін таңдау актісі бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберіледі.
6. Жауапты құрылымдық бөлімше бекітілген жер учаскесін таңдау актісін алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жекеше әріптеске уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесінің тізбесін қалыптастырады және оны тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органының бірінші басшысымен келіседі.
7. Жекеше әріптеске уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесін бөлген кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген) сәйкес жерге орналастыру жобасы жасалады.
Жерге орналастыру жобасы бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) сәйкес жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты жасалады.
8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін уақытша өтеусіз пайдалануға жер учаскесін беру жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде жүзеге асырылады.
9. Жер учаскесі жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзіміне беріледі.
Жер учаскесін таңдау актісі 20___ жылғы "___"_____________ № ____
Осы акті ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
қорғаныс объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін ауданға алдын ала
барлау жасалғаны және учаскенің зерттелгені туралы жасалды.
Жер учаскесінің мақсатты пайдаланылуы: _________________________________________
Жер учаскесінің ауданы (гектар) _________________________________________________
Мерзімі (жыл)_________________________________________________________________
Учаске және салу, реконструкциялау және пайдалану объектісі туралы қосымша мәлімет
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(объект неше қабатты, жоспарланған объект ауданы)
Жер учаскесін тексеру материалы негізінде:
1. ___________________________________________________________________________
(салу, реконструкциялау және пайдалану объектісінің атауы)
қорғаныс объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану
үшін_________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
мекенжайы бойынша тұрған жер учаскесін беруге болады.
2. Жер учаскесін пайдалану кезінде мыналар сақталуы қажет:
1) _________________________________________________________________________;
2) _________________________________________________________________________;
3) _________________________________________________________________________.
Лауазымды адам ____________________________________________________________
(Т.А.Ә. (болса)
20___ жылғы "____" __________
________________ (қолтаңбасы)