Қайың фанерінің экспортын автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 200-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда № 36339 болып тіркелді

      "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46 және 47-баптарына сәйкес және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17 және 21-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 6 (алты) ай мерзімге қайың фанерінің экспортын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 4412 33 000 0) автоматты лицензиялау (байқау) енгізілсін.

      2. Қайың фанерін экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне "Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қайың фанерін экспорттауға рұқсат беру кезінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау кезінде осы бұйрықтың 2-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

      2) Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы хабардар етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада орнатылған тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады