Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 13 маусымдағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 маусымда № 36304 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ережесінің 15 тармағынын 445) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 292 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11017 тіркелді);

      2) "Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 292 бұйрығына қатысты "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 445 бұйрығы 1-тармағынын 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18940 болып тіркелді).

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
К. Кажкенов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2025 жылғы 13 маусымдағы
№ 208 бұйрығымен
бекітілген

Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Үлгі қағидалар) 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ережесінің 15 тармағынын 445) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептеу аспаптары жоқ көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар үшін сумен жабдықтау және су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің бірыңғай тәртібін айқындайды.

      2. Сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы – жергілікті атқарушы органдармен белгіленген тәртібімен бекіткен коммуналдық ресурстын тұтыну көлемінін нысаналы көрсеткіші, есептеу аспаптары уақытша жоқ және көп пәтерлі тұрғын үйде есептеу аспаптарын орнату техникалық мүмкіндігі жоқ коммуналдық қызметіне төлеу көлемін есептеуге қолданатын жеке тұлғаның төлеуге жататын суық және ыстық суды тұтынуының орташа тәуліктік есептік шамасы болып табылады.

      3. Осы Үлгі қағидаларда терминдер мен ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      4. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеуді сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым және (немесе) елді мекеннің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерін меншіктенушімен жасалған шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын өзге ұйым жүргізеді.

2-тарау. Тұтыну нормаларын есептеу тәртібі

      5. Көп пәтерлі тұрғын үйде сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасын есептеу бір адамға тәулік ішіндегі литрде кететін су шығыны есебінен есептеледі.

      6. Тұтыну нормасы үйге ортақ ішкі сумен жабдықтау жүйесін дұрыс техникалық пайдаланғанда, суды үздіксіз берген кезде және жергілікті климаттық жағдайды ескеріп, абаттандыру дәрежесі бірдей тұрғын үй ғимараттарында су тұтынудың орташа тәуліктік көлемін айқындайды.

      7. Сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы көп пәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару органы растайтын үйге ортақ су есептеу аспаптары көрсеткіштерінің статистикасы негізінде белгіленеді.

      8. Нақты су тұтыну жөніндегі деректер елді мекеннің абаттандыру мен климаттық жағдай дәрежесі бірдей тұрғын үйлер бойынша топтанады.

      9. Есептеу кезінде үйге ортақ орнатылған немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде судың нақты шығысын заттай зерттеу кезінде уақытша орнатылған су есептеу аспабының көрсеткіштерінің негізінде соңғы 3 жылдың ішінде нақты су тұтыну жөніндегі деректер есепке алынады.

      10. Тұрғын үйдің орташа нақты су тұтынуын есептеу үшін кемінде 20 тұрғын үй бойынша деректер қолданылады. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде оларды елді мекендегі тұрғын үйлердің жалпы санының 10%- дан кем емес санға дейін қысқартуға болады.

      11. Жеке тұлғалар жыл сайын суды белгіленген нормадан артық нақты тұтынған жағдайда, сумен жабдықтау жөніндегі ұйым тұрғын үй секторында заттай өлшем деректерінің статистикасы бойынша есептелген қолданыстағы тұтыну нормаларын қайта қарау жөніндегі ұсынысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне енгізеді.

      12. Нақты су тұтынуды өлшеу кезінде тұрғын үйде тұратын адам саны сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі ұйымдардың абоненттік қызметінің деректерін тексеру және уәкілетті су тұтынушы адамдардың қатысуымен әр пәтерге бару арқылы қабылданады.

      13. Сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасын есептеу кезінде көп пәтерлі тұрғын үйдің абаттандыру дәрежесі мынадай қаралады:

      1) орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауы бар;

      2) жергілікті немесе автономды (пәтерлі) ыстық сумен жабдықтауы бар.

      14. Абаттандыру дәрежесі бірдей тұрғын үйлерде сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы: Q т.н. – тұтыну нормасы, литр/ тәулік адам,

      V – тұрғын үйде тәулік ішінде тұтынылған суық және ыстық судың орташа тәуліктік жиынтық көлемі, литр/ тәулік,

      N – тұрғын үйде тұратын жеке тұлғалардың саны, адам.

      15. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда, адамға шаққанда су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасына тең қабылданады. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде, адамға шаққанда су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы белгіленген ыстық суды тұтыну нормасы есепке алынып анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады