Қазақстан Республикасының Су кодексі 107-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Суды және (немесе) сарқынды суларды есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемін коммерциялық есептеу қағидалары бекітілсін.
2. "Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2025 жылғы 13 маусымдағы № 208 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 19 маусымдағы № 36304 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 337 бұйрығымен бекітілген |
Суды және (немесе) сарқынды суларды есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемін коммерциялық есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Суды және (немесе) сарқынды суларды есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемін коммерциялық есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) Қазақстан Республикасының Су кодексінің 107-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және суды және (немесе) сарқынды суларды есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемін коммерциялық есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Суды және (немесе) сарқынды суларды есепке алу – жергілікті атқарушы органдармен белгіленген тәртібімен бекіткен коммуналдық ресурстын тұтыну көлемінін нысаналы көрсеткіші, есептеу аспаптары уақытша жоқ және көп пәтерлі тұрғын үйде есептеу аспаптарын орнату техникалық мүмкіндігі жоқ коммуналдық қызметіне төлеу көлемін есептеуге қолданатын жеке тұлғаның төлеуге жататын суық және ыстық суды тұтынуының орташа тәуліктік есептік шамасы болып табылады.
3. Суды және (немесе) сарқынды суларды есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемін коммерциялық есепке алу елді мекеннің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің меншік иесімен жасалған шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым және (немесе) өзге де ұйым жүргізеді.
2-тарау. Коммерциялық есепке алу тәртібі
4. Коммерциялық есепке алу көп пәтерлі тұрғын үйде сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасын есептеу негізінде жүргізіледі және бір адамға тәулік ішіндегі литрде кететін су шығыны есебінен есептеледі.
5. Тұтыну нормасы үйге ортақ ішкі сумен жабдықтау жүйесін дұрыс техникалық пайдаланғанда, суды үздіксіз берген кезде және жергілікті климаттық жағдайды ескеріп, абаттандыру дәрежесі бірдей тұрғын үй ғимараттарында су тұтынудың орташа тәуліктік көлемін айқындайды.
6. Сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы тікелей бірлесіп басқару не кондоминиум объектілерін басқару субъектілері не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы кезінде мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері растайтын суды есепке алудың жалпы үйлік аспаптары көрсеткіштерінің статистикасы негізінде белгіленеді.
7. Нақты су тұтыну жөніндегі деректер елді мекеннің абаттандыру мен климаттық жағдай дәрежесі бірдей тұрғын үйлер бойынша топтанады.
8. Есептеу кезінде үйге ортақ орнатылған немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде судың нақты шығысын заттай зерттеу кезінде уақытша орнатылған су есептеу аспабының көрсеткіштерінің негізінде соңғы 3 жылдың ішінде нақты су тұтыну жөніндегі деректер есепке алынады.
9. Тұрғын үйдің орташа нақты су тұтынуын есептеу үшін кемінде 20 тұрғын үй бойынша деректер қолданылады. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде оларды елді мекендегі тұрғын үйлердің жалпы санының 10%- дан кем емес санға дейін қысқартуға болады.
10. Жеке тұлғалар жыл сайын суды белгіленген нормадан артық нақты тұтынған жағдайда, сумен жабдықтау жөніндегі ұйым тұрғын үй секторында заттай өлшем деректерінің статистикасы бойынша есептелген қолданыстағы тұтыну нормаларын қайта қарау жөніндегі ұсынысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне енгізеді.
11. Нақты су тұтынуды өлшеу кезінде тұрғын үйде тұратын адам саны сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі ұйымдардың абоненттік қызметінің деректерін тексеру және уәкілетті су тұтынушы адамдардың қатысуымен әр пәтерге бару арқылы қабылданады.
12. Сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасын есептеу кезінде көп пәтерлі тұрғын үйдің абаттандыру дәрежесі мынадай қаралады:
1) орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауы бар;
2) жергілікті немесе автономды (пәтерлі) ыстық сумен жабдықтауы бар.
13. Абаттандыру дәрежесі бірдей тұрғын үйлерде сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы: Q т.н. - тұтыну нормасы, литр/ тәулік адам,
V - тұрғын үйде тәулік ішінде тұтынылған суық және ыстық судың орташа тәуліктік жиынтық көлемі, литр/ тәулік,
N - тұрғын үйде тұратын жеке тұлғалардың саны, адам.
14. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда, адамға шаққанда су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасына тең қабылданады. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде, адамға шаққанда су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы белгіленген ыстық суды тұтыну нормасы есепке алынып анықталады.