БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22607 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жекеше әріптеске шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жекеше әріптеске шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Д. Косанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 12 маусымдағы № 688 Бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 250 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жекеше әріптеске шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жекеше әріптеске шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптеске шығынды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер) қорғаныс объектісін иеліктен шығару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жауапты құрылымдық бөлімше – әскерді орналастыру, Қарулы Күштердің инфрақұрылымын күтіп-ұстау және дамыту функциясы жүктелген тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органының құрылымдық бөлімшесі;
2) жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасаған дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
3) Қарулы Күштердің қорғаныс объектісі – Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемесіне жедел басқару құқығына бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершілігі белгіленетін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және пайдалану арқылы бір немесе бірнеше әлеуметтік-экономикалық міндетті шешу мақсатында жасалатын жазбаша келiсiм;
5) тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптеске шығынды өтеу үшін қорғаныс объектісін иеліктен шығару тәртібі
3. Қорғаныс объектісі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша шығынды өтеу мақсатында жекеше әріптеске иеліктен шығарылады.
4. Жауапты құрылымдық бөлімше Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінің өтінімі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптеске шығынды өтеу үшін Қарулы Күштердің иеліктен шығарылатын қорғаныс объектісінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады, ол тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының бірінші басшысына келісуге ұсынылады.
5. Жауапты құрылымдық бөлімше "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабы 2-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес Тізбе әзірлейді.
6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектісін бағалау Заңның 7-бабының 24-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Тізбені бекіткеннен кейін "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мемлекеттік қабылданғаннан кейін Қарулы Күштердің иеліктен шығарылатын қорғаныс объектісі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша Заңның 22-бабы 2-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес пайдаланылмайтын деп танылады.
8. Қарулы Күштердің қорғаныс объектісін иеліктен шығару мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мемлекеттік қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті қабылдау-беру актісімен (беру актісі) ресімделеді.
9. Мүлікті қабылдау-беру актісіне (беру актісіне) беруші және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды.
10. Қабылдау-беру актісі (беру актісі) қазақ және орыс тілдерінде үш данада, қабылдау-беру актісін (беру актісін) ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан жасалады.
(қолы)
Мөр орны
Қабылдау-беру актісі (беру актісі)
__________________________________________________________________
(қабылданатын (берілетін) объектінің атауы, орналасқан жері)
20___ жылғы "____" ___ (елді мекен атауы)
Осы акт:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(объектіні қабылдау (беру) үшін негіз болып табылатын құжат атауы)
негізінде жасалды.
Біз, төменде қол қойған, беруші тарап құрамындағы комиссия:
______________________________________________________________________,
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________________,
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________________,
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қабылдаушы тарап құрамындағы комиссия:
______________________________________________________________________,
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________________,
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________________,
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
объектіні қабылдауды (беруді) жүргіздік ___________________________________.
(қабылданатын (берілетін) объектінің атауы, орналасқан жері)
Қабылданған (берілген) сәтте объект
___________________________________________________________ орналасқан.
(қабылданатын (берілетін) объектінің техникалық жай-күйі)
Тараптардың қабылданатын (берілетін) объект бойынша, оның ішінде құқық
белгілейтін, техникалық және басқа да құжаттама бойынша бір-біріне наразылығы жоқ.
Қосымша
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________.
(қабылданатын (берілетін) объект бойынша құжаттар тізбесі)
Беруші тарап комиссиясының мүшелері:
_______________________________________________________________________
лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________________
лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________________
лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қабылдаушы тарап комиссиясының мүшелері:
_______________________________________________________________________
лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________________
лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________________.
лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)