ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 10.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 53-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
1. Тексеру нәтижелері туралы акті нысаны осы бұйрығының қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 10 маусымдағы № 123-НҚ Бұйрыққа қосымша |
|
Нысан |
№_____Тексеру нәтижелері туралы акті
__________________ 20__жылғы "__" __________
Актіні толтыру орны уақыты___________
Бақылау және қадағалау органының атауы________________________________
1. Тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің номері мен күні
_________________________________________________________________
2. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы _______
3. Мемлекеттік тексеру субъектісінің атауы, және тексеру жүргізу кезінде қатысқан
өкілінің лауазымы____________________________________________
4. Тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың
сипаты туралы мәліметтер _____________________________________________
5. Тексерілетін субъект өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан
адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер,
олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы ___________________________
6. Тексеру нәтижесі бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар__________
Қосымша "___" парақта
7. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы________________
8. 20__ жылғы "___" ___________
Тексеру нәтижелері туралы актіні тапсыру туралы мәліметтер _______________
Танысуы, қолы
QR-код