"Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 маусымда № 36252 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14190 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үй жобасына меншік иесінің қатысу нысаны мен мөлшеріне байланысты болады және мыналарды құрайды:

Меншік иесінің қатысу нысаны Меншік иесінің қатысу мөлшері * Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі

Аяқталмаған құрылыс

25% - ға дейін

1%

25% - дан жоғары 50% - ға дейін

0,75%

50% жоғары

0,5%

Ақшалай қаражат

10% дан

1%

      Құрылыс салушыға жобаны республикалық маңызы бар қалалардан тыс жерлерде іске асыратын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының бірінші кепілдігін берген кезде, Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген жобаға меншік иесінің қатысуына қойылатын талаптар сақталған жағдайда кепілдік жарнаның мөлшерлемесі 0% -ді құрайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
О. Сапарбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады