Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 маусымда № 36229 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының Экология және табиғи
ресурстар министрі
2025 жылғы 5 маусымдағы
№ 151 бұйрығына
қосымша/

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 25-02/176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларында:

      4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары;";

      23-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгілері осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес наградталушы тұлғаға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау туралы куәлікті тапсырумен бір мезгілде тапсырылады.";

      Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 4-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 5-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 6-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 7-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 9-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 10-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 11-қосымша осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2012 жылғы 30 наурыздағы № 25-02-02/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7609 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқауларында:

      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуі келтірген нұқсанды есепке алу мен анықтау кезінде "Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығы (бұдан әрі - Базалық ставкалар) пайдаланылады.".

      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 25-02/457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8015 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларында:

      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы бұйрықта Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары деп Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет), сондай-ақ оның аумақтық органдарының қызметкерлерін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары деп орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері түсініледі.".

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілеріне 23-қосымша осы тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларында:

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері "Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалармен (бұдан әрі – Базалық ставкалар) есептеледі.".

      5. "Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10418 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларында:

      6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Орман өртінен келген залалды есептегенде қолданыстағы:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 587-бабының 2-тармағында көзделген түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы ставкалары;

      "Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу келтірген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалар (бұдан әрі – Базалық ставкалар);

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 46) тармақшасына сәйкес белгіленетін жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында Қазақстан Республикасы заңнамасына бұзу келтірген зиянды өтеу мөлшерлері (бұдан әрі – Зиянды өтеу мөлшерлері);

      Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары бекіткен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары (түбірімен босатылатын сүрек үшін ставкаларды қоспағанда) қолданылады.";

      6. "Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 18-1/429 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11326 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман күзеті туралы ережесінде:

      18-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 182-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орманшылықтардың мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерін орман шаруашылығы, орман дақылдарын өсiру, орманды қорғау, өртке қарсы және биотехникалық жұмыстарды жүргiзу жөнiндегi оқуын, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша оқытуды және нұсқама беруді ұйымдастырады;";

      29-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Мемлекеттiк орман күзетінің қызметкерлеріне лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін, оның ішінде ерекше күрделілік пен шұғыл жұмыстарды орындаудың жоғары сапасы, бастамашылдығы және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 25-02/176 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізбесінде № 7669 болып тіркелген) бекітілген Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына сәйкес көтермелеу шаралары қолданылады.".

      7. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-02/691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10141 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларында:

      10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру нәтижелері бойынша орман иеленуші ведомстволық бағыныстылығына қарай жоғары тұрған ұйымға "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19915 болып тіркелген) бекітілген 4-ОШ нысаны бойынша кеспеағаштардағы сүрек қалдықтары және ағаш кесілген жерлерді тазарту туралы есеп береді.".

      8. "Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-02/405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11882 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларында:

      18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы дақылдарды өсіру кезінде пайдаланылатын жерлер мен қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсер етпейтін агротехника қолданылады.

      Гербицидтер мен қажет емес өсімдіктермен күресуге арналған өзге химиялық заттарды пайдалану "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32940 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

      9. "Уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-52) тармақшасына және 54-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру қағидаларында:

      4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33250 болып тіркелген) сәйкес әзірленетін бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобалар негізінде жер қойнауын пайдаланушылармен жүзеге асырылады.".

      10. "Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларында:

      Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша осы тізімге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      11. "Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32092 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидаларында:

      Өсімдіктер әлемінің генофондымен жұмыс істеу қағидаларына қосымша осы тізімге 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      12. "Өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32415 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларына қосымша осы тізбеге 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      13. "Ресурстық зерттеп-қарауларды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша осы тізбеге 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2025 жылғы 5 маусымдағы
№ 151 тізбесіне
1-қосымша/
  Орман шаруашылығы саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, омырауға тағатын
белгілер мен құрмет
грамоталарын беру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

"Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағын беру және оның омырауға тағатын белгісін тапсыру хаттамасы

      "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағын беру және оның омырауға

      тағатын белгісін тапсыру хаттамасы

      ____________________________________________________________________

                  (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)

      Мен, ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________,

      (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман

      шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 20____жылғы "____"

      _____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология

      және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

      комитетінің атынан:____________________________________________________

      (наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      "Еңбек сіңірген орман өсіруші" омырауға тағатын белгісі мен оның куәлігін тапсырдым.

      Ұйым басшысы:______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы және ұйымның мөрі)

      Комиссия хатшысы____________________________________________________

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:

      _____________________________________________________________________

  тізбесіне
2-қосымша/
  Орман шаруашылығы саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, омырауға тағатын
белгілер мен құрмет
грамоталарын беру
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау хаттамасы

      _____________________________________________________________________

      қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)

      Мен, ________________________________________________________________

      (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман

      шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 20__ жылғы "____"

      _____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология

      және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

      комитетінің атынан: ____________________________________________________

                        (наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Еңбек сіңірген орман өсіруші" омырауға тағатын белгісі мен

      оның куәлігін тапсырдым.

      Ұйым басшысы:_______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы және ұйымның мөрі)

      Комиссия хатшысы____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:

      ____________________________________________________________________

  тізбесіне
3-қосымша/
  Орман шаруашылығы саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, омырауға тағатын
белгілер мен құрмет
грамоталарын беру
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Құрмет грамотасы



Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
_________________________
_________________________
_________________________
МАРАПАТТАЛАДЫ Төраға
Астана 20__ жыл


Министерство экологии и природных ресурсов
Республики Казахстан Комитет лесного
хозяйства и животного мира
ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА
НАГРАЖДАЕТСЯ
_________________________
_________________________
Председатель
Астана 20__ год

  тізбесіне
4-қосымша/
  Орман шаруашылығы саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, омырауға тағатын
белгілер мен құрмет
грамоталарын беру
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Құрмет грамотасымен наградтау және тапсыру хаттамасы _____________________________________________________________________ ((қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)

      Мен, _________________________________________________________________

      (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман

      шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 20____жылғы "____"

      _____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және

      табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

      комитетінің атынан:

      _____________________________________________________________________

      (наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)

      Құрмет грамотасын тапсырдым.

      Ұйым басшысы: _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы және ұйымның мөрі)

      _____________________________________________________________________

      Комиссия хатшысы ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы:

      _____________________________________________________________________

  тізбесіне
5-қосымша/
  Орман шаруашылығы саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, омырауға тағатын
белгілер мен құрмет
грамоталарын беру
қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

"Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен наградтау туралы куәлік

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Удостоверение

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      Куәлік №_________

      Удостоверение

      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      Осы куәлік ол ормандарды қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, орман шаруашылығы саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен наградталғаны жөнінде берілді.

      Төраға __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      _____________________________________________________________________

      (наградталған күні, айы, жылы)

      (мөр орны)

  тізбесіне
6-қосымша/
  Орман шаруашылығы саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, омырауға тағатын
белгілер мен құрмет
грамоталарын беру
қағидаларына
10-қосымша

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісі



      Ескертпе:

      I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісі (бұдан әрі – омырауға тағатын белгі) диаметрі 34 миллиметр металл шеңбер (бұдан әрі – шеңбер) болып табылады, онда стильді үш элемент: терек жапырағы, ұшып бара жатқан бүркіт және су бейнеленген, оның ішінде ақ түсте "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" деген бедерлі жазу бар.

      Терек жапырағы орманды бейнелейді және терек жапырағының бейнесі Қазақстанның бүкіл аумағында өсетін теректі білдіреді. Ұшып бара жатқан бүркіт Қазақстанның жануарлар дүниесін бейнелейді, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің сақталуына бақылауды білдіреді.

      Су тамшысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өмірінің негізін, сондай-ақ ормандардың су қорғау рөлін білдіреді.

      Шеңбер тартпа мен сақинаның көмегімен мөлшері 55х34 миллиметр қалыпқа бекітілген, ол жасыл матамен керілген, саны белгінің дәрежесін білдіретін алтын түсті жолақтары бар алтын жиектемемен көмкерілген.

      Құрметті омырауға тағатын белгі мыс-никель құймасынан жасалады.

      Омырауға тағатын белгінің сыртында (реверс) тіркеу нөмірі ойылған.

  тізбесіне
7-қосымша/
  Орман шаруашылығы саласында
ынталандыру мен құрметті
атақтар, омырауға тағатын
белгілер мен құрмет
грамоталарын беру
қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау туралы куәлік

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Удостоверение

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан

      Куәлік №_____

      Удостоверение

      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      Осы куәлік ормандарды қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, орман шаруашылығы саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін І, ІІ және ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен марапатталғаны жөнінде берілді.

      Төраға __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      ________________________________________________________________

      (наградталған күні, айы, жылы) (мөр орны)

      (мөр орны))

  тізбесіне
8-қосымша/
  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік орман
инспекциясы мен
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік орман күзетінің
лауазымды адамдарының
айырым белгілері бар нысанды
киім (погонсыз) үлгілеріне
23-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілерінің үлгілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының айырым белгілерінің үлгілері

      1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік орман инспекторы

      Салтанатты



      Күнделікті



      2. Қазақстан Республикасы Экология жәнет табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы мемлекеттік бас орман инспекторының орынбасары.

      Салтанатты



      Күнделікті



      3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік аға орман инспекторы.

      Салтанатты



      Күнделікті



      4. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшылары, сарапшылары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекторлары.

      Салтанатты



      Күнделікті



      5. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшылары – тиісті облыстардағы мемлекеттік бас орман инспекторлары.

      Салтанатты



      Күнделікті



      6. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшыларының орынбасарлары - тиісті облыстардағы мемлекеттік бас орман инспекторларының орынбасарлары.

      Салтанатты



      Күнделікті



      7. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшылары – тиісті облыстардағы мемлекеттік аға орман инспекторлары.

      Парадная



      Күнделікті



      8. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары – тиісті облыстардағы мемлекеттік орман инспекторлары.

      Салтанатты



      Күнделікті



      Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетінің айырым белгілері

      9. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры

      Салтанатты



      Күнделікті



      10. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары

      Салтанаты



      Күнделікті



      11. Инженерлер: орман патологиясы, орман пайдалану бойынша, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша, ормандарды күзету мен қорғау

      Салтанатты



      Күнделікті



      12. Орманшылар, орман питомнигінің бастықтары, орман өртін сөндіру станциясының бастықтары

      Салтанатты



      Күнделікті



      13. Орманшылардың көмекшілері

      Салтанатты



      Күнделікті



      14. Орман шеберлері

      Салтанатты



      Күнделікті



      15. Орманшылар

      Салтанатты



      Күнделікті



  тізбесіне
9-қосымша/
  Жасыл екпелерді күтіп-
ұстаудың және қорғаудың
үлгілік қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісі 20__ж. "___" ___________

Р/с №

Жасыл екпелердің табиғи құрамы

Сақталады

Кесуге рұқсат

Рұқсатсыз кесу


дана

жасы, жыл

дің диаметрі, см

дана

жасы, жыл

дің диаметрі, см

дана

жасы, жыл

дің диаметрі, см

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











2






















Барлығы:










Қорытынды










      кестенің жалғасы

Қайта отырғызу, тамырын қопарып қазу (жасарту)

Санитариялық кесу

Сапалық(нақты жай-күйі

Залалды өтеу мөлшері, бірлік

Залалды өтеу мөлшері бойыншазалалдың сомасы

Өтемдік қалпына келтіру, дана

дана

жасы, жыл

дің диаметрі, см

дана

жасы, жыл

дің диаметрі, см


айлық есептік көрсеткіш

тенге


12

13

14

15

16

17

18

19

20

21



















































      Осы акт _______ данада жасалды.

      Ескертпе: Зерттеп-қарау актісі жасыл екпелерді кесуге немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды.

      Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі

      _____________________________________ қолы (Т.А.Ә.)

      Уәкілетті органның лауазымды адамы ________________ қолы (Т.А.Ә.)

      (мөрі бар болса)

  тізбесіне
10-қосымша/
  Өсімдіктер әлемінің
генофондымен жұмыс
істеу қағидаларына
қосымша

      Нысан

Нагойский протокол регулирования доступа к генетическим ресурсам и совместного использования на справедливой и равной основе выгод от их применения к Конвенции о биологическом разнообразии



 

Nagoya Protocol on access to genetic resources and the fair and equitable sharing of benefits arising from their application to the Convention on biological diversity

Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігі
Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан
Ministry of ecology and natural resources of the Republic of Kazakhstan

Экспорт
Export

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестіру орталығы
Национальный координационный центр в Республике Казахстан
National focal point in Republic of Kazakhstan
010000,
Ministry House,
Mangelik el 8,
Astana city,
Republic of
Kazakhstan
Tel.: (+7172)
74______ Fax:(+7172) 74_______

Импорт
Import

Реэкспорт
Reexport

Прочие
Other

Экспортер / Реэкспортер:
Exporter / Re-exporter:

Разрешение №:
Permit №:

Действительно до:
Validuntil:

Импортер:
Importer:

Особые условия:
Special conditions:

Для живых животных данное разрешение действительно только, если условия транспортировки соответствуют рекомендациям СИТЕС, а в случае авиаперевозки правилам ИАТА
For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the
CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA
Live Animal Regulations

Русское и латинское название
генетического ресурса
Russian and Latin name genetic resource

Описание образца,
включая метки
Description of
specimens,
including
identifying marks
or numbers

Приложение
Appendix

Источник
Sourcе

Цель
Purposе

Количество
экземпляров или вес
Quantity: number of
specimens or weight

А






Страна происхождения
Country of origin

Номер разрешения и
дата
Permit № and date

B






Страна происхождения
Country of origin

Номер разрешения и
дата
Permit № and date

Настоящее разрешение выдано:
This permit was issuedon: ______________
___________________________________________
Дата / Date Защитная марка, подпись и печать
Казахстан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal

Подтверждение экспорта / реэкспорта

Заполняется в пункте
пересечения таможенной
границы Республики Казахстан
Пункт пропуска:
_________________
Дата:
___________________________
Подпись должностного лица и
печать:
_________________________
Номер
коносамента/авианакладной:
___________________________

Название образца

Количество


A



B



  тізбесіне
11-қосымша/
  Өсімдіктер дүниесін
пайдалану қағидаларына
қосымша

      Нысан

Фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы хабарлама

      1. _____________________________________________________________

      (мемлекеттік органның толық атауы)

      2. Осы арқылы _______________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі) Фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы хабарлайды.

      3. Заңды/жеке тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (стационарлық үй-жай)

      4. Электрондық пошта ____________________________________________

      5. Телефон нөмірлері ______________________________________________

      6. Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(а) _______________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, учаске)

      7. Хабарламаға мыналар қоса беріледі:

      1) жер учаскесі, жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау (жинау) көлемі мен кезеңі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер;

      2) жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жабайы өсетін өсімдіктерді дайындауға (жинауға) келісімі немесе құқық белгілейтін құжат;

      3) ресурстық зерттеп-қарау материалдары;

      4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төленгені туралы түбіртек.

      Күні _______________ Қолы____________________________

  тізбесіне
12-қосымша/
  Ресурстық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын
мамандандырылған
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Өтініш

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)

      Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым

      ретінде аккредиттеуді сұраймын.

      Мекен-жайы

      _____________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың)

      нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1) ______________________________________________________________

      2) ______________________________________________________________

      3) ______________________________________________________________

      4) ______________________________________________________________

      Басшының немесе оның уәкілетті өкілінің қолы (өкіл өтініш берген жағдайда

      өкілеттігін куәландыратын құжат қоса беріледі)

      ______________                   _________________________________

      (қолы)                   (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні: "___" __________ 20 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады