ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Өсімдіктер дүниесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.03.2026 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ресурстық зерттеп-қарауларды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
З. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген |
Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.03.2026 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктер дүниесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1–тармағының 14) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілген қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілген қызметті алушы) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілген қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді.
Ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді, оның ішінде заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметті, үй-жайға меншік құқығын немесе уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжатты, биологтың кәсіптік білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым кандиданты, докторы немесе PhD), сондай-ақ ресурстық зерттеулер жүргізу бойынша кемінде 5 жыл өндірістік жұмыс өтілі бар қызметкердің бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және аккредиттеу жүргізу нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған кезде көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжделген бас тартуды береді.
Көрсетілген қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш беруші ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексеріп, нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресурстық тексерулерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) немесе тізбенің 9-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздерге сәйкес аккредиттеуді жүргізуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
7. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
8. Куәліктің күші келесі жағдайларда жойылады:
1) оның қолданылу мерзімі аяқталғанда;
2) мамандандырылған ұйымды қайта ұйымдастыру немесе тарату;
3) өтініш беруші куәліктің қолданылуын ерікті түрде тоқтату туралы өтініш берген;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметті тиісінше жүзеге асырмау фактілерін анықтаған жағдайларда тоқтатады.
9. Аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, одан айыру (кері қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі – Шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
| Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша |
| Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Өтініш
___________________________________________________________________
(Көрсетілген қызметті берушінің толық атауы)
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)
Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым ретінде
аккредиттеуді сұраймын.
___________________________________________________________________
Мекенжайы (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-
жайдың) нөмірі, телефон, факс, е-mail) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
1)___________________________________________________________
2) _________________________________________________________
3) _________________________________________________________
4) ________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауаптылық туралы хабардармын және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Басшының немесе оның уәкілетті өкілінің қолы (өкіл өтініш берген жағдайда өкілеттігін куәландыратын құжат қоса беріледі)
_____________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________
| Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Елтаңба
Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымды аккредиттеу туралы куәлік
№___________ | 20 ___ жылғы "___" __________ |
Осы куәлік мынаны куәландырады:
__________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның атауы) ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын
мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген.
Заңды мекенжайы:_______________________________________________
(ұйымның заңды мекенжайы).
Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _______________________________
Аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге берілді, 20__ жылғы "__" _________
дейін жарамды.
Көрсетілген қызметті берушінің басшысы ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Серия _ _ _ _ _ _ № __________________
Берілген күні: 20___жылғы "___" ___________
