"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 3 маусымдағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 маусымда № 36227 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:

      3-1-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кепілгер кредит берушімен портфельдік кепілдік беру туралы келісім жасаса отырып, көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған кредиттік шарттар бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданады және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келісімде кепілгердің ішкі құжаттары негізінде қарыз алушыға кредит пен кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілейді. Көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған кредиттер бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданған кезде кредиттік шарттар дербес кредиттік шарттар ретінде, оның ішінде кредиттік желіні ашу туралы келісім шеңберінде ресімделеді.

      Егер кредиттік шарт бойынша кредит беруші қарыз алушыларды одан әрі қаржыландыру мақсатында еншілес ұйымның қаражаты есебінен қаржыландырылған кредиттік серіктестік немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация болған жағдайда, портфельді кепілдендіру туралы келісім кепілгер, еншілес ұйым және кредиттік серіктестік немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арасында жасалады.";

      3-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кепілгер кредитормен портфельдік кепілдік беру туралы келісім жасаса отырып, айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттік шарттар бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданады және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келісімде кепілгердің ішкі құжаттары негізінде қарыз алушыға кредит пен кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілейді. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданған кезде кредиттік шарттар дербес кредиттік шарттар ретінде, оның ішінде кредиттік желіні ашу туралы келісім шеңберінде ресімделеді.";

      5-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-2. Кепілгер кредиттік шарттар бойынша кепілдіктерді талап алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, ал осы Қағидалардың 3-1 және 3-2-тармақтарында көрсетілген кредиттік шарттар бойынша көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге, айналым қаражатын толықтыруға кепілдік беру шеңберінде кредиттік шарттар бойынша − талап алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде төлейді.

      Бұл ретте, кредиттік шарт бойынша кредиторлар қарыз алушыларды одан әрі қаржыландыру мақсатында еншілес ұйымдардың қаражаты есебінен қаржыландырылған кредиттік серіктестіктер немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар болған жағдайда, кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді кредиттік серіктестіктер немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар еншілес ұйымдардың алдында өтейтін жағдайларды қоспағанда, кепілдік бойынша төлемді кепілгер еншілес ұйымдардың пайдасына жүргізеді. Мұндай жағдайларда кепілдік бойынша төлемді кепілгер кредиттік серіктестіктердің немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың пайдасына жүргізеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді/осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді/осы Қағидаларға 7-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айналым қаражатын толықтыруға кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіптердің бірі бойынша жеке кабинетте жүргізіледі:

      1) қарыз алушыдан кредиторға кредит алуға өтінім келіп түскен кезде (кепілгерге кепілдендіру өтінімімен одан әрі жүгіну ниетімен) кредитор кепілдендіру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, кепілгерді хабардар етеді.

      Кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін кредитор кепілгерге кредитордың ішкі нормативтік құжаттарында айқындалған тізбе бойынша құжаттарды ұсынады.

      Кепілгер кредитордан құжаттарды және қарыз алушыдан өтінішті алғаннан кейін 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден аспайтын кредиттер бойынша 5 (бес) жұмыс күні және 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден асатын кредиттер бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны кепілгердің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      Ұсынылған мәліметтердің және (немесе) құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, кепілгер 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кредиторға/қарыз алушыға пысықтау үшін қайтарады. Бұл ретте өтінімді қараудың жалпы мерзімі құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап тоқтатылады және қайта басталады.

      Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы Қағидалардың шарттарына және (немесе) кепілгердің уәкілетті органы бекіткен оның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, кепілгер нақты себептерін көрсете отырып, уәжді бас тартуды жібереді.

      Жоба осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген, сондай-ақ қарыз алушылар кредитордың шешімімен белгіленген қарыз алушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, кепілгердің кепілдік беруден бас тартуына жол беріледі.

      Кепілгер кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған кезде СМАЖ-да кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/айналым қаражатын толықтыруға кепілдік беру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім қалыптастырылады;

      2) кепілгердің ішкі нормативтік құжаттарында айқындалған тізбе бойынша құжаттарды қоса бере отырып, қарыз алушыдан кепілдік алуға кепілгерге тікелей өтінім келіп түскен кезде соңғысы кредитордың пайдасына кепіл беру туралы мәселені қарайды.

      Кепілгер қарыз алушыдан өтініш пен құжаттарды алғаннан кейін осы Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды. Кепілгер кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған кезде СМАЖ-да кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/айналым қаражатын толықтыруға кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім қалыптастырылады;

      3) кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім/айналым қаражатын толықтыруға кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім кепілгердің ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, оған қол қоюы арқылы СМАЖ-да тіркеледі және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің)/уәкілетті органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жеке кабинетінде қолжетімді болады. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің)/уәкілетті органның (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық мекенжайына кепілдік беру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Кепілдік шарты жасалғаннан кейін кепілгер кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді/айналым қаражатын толықтыруға кепілдік беру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінімді қайтарып алады және кепілдендіру бойынша субсидия алуға өтінімді/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінімді/айналым қаражатын толықтыруға кепілдендіру бойынша субсидия алуға өтінімді береді.

      Көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге немесе айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданған кезде кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінім берілмейді.";

      25-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-1. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші), кепілгер тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей, сондай-ақ жыл сайын, есептік жылдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға (көрсетілетін қызметті берушіге) осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп береді.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      9-1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 3 маусымдағы
№ 188 бұйрығына
1-қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

Қызмет түрлері

р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

1-тарау. Ауыл және балық шаруашылығы

1

Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, және осы салаларда көрсетілетін қызметті ұсыну

Бір- немесе екіжылдық дақылдарды өсіру

011

Көпжылдық дақылдарды өсіру

012

Өсімдіктердің ұдайы өндірісі

013

Мал шаруашылығы

014

Аралас ауыл шаруашылығы

015

2

Балық шаруашылығы

Балық шаруашылығы

032

2-тарау. Тамақ өнімдерін өндіру

3

Етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі


101

4

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу


102

5

Жемістерді және көкөністерді өңдеу және консервілеу


103

6

Өсімдік және мал майы мен тоң-май өндірісі


104

7

Сүт өнімдерінің өндірісі


105

8

Ұн жарма өнімдерінің, крахмал және крахмал өнімдерінің өндірісі


106

9

Нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру


107

10

Басқа тамақ өнімдерінің өндірісі

Қант өндірісі

1081

Какао, шоколад және қантты кондитерлік өнімдер өндірісі

1082

Татымдылықтар мен дәмдеуіштер өндірісі

1084

Балалар тағамы және диеталық тамақ өнімдері өндірісі

1086

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге тамақ өнімдерінің өндірісі

1089

11

Жануарларға арналған дайын азықтар өндірісі


109

3-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

12

Тоқыма бұйымдарын өндіру

Жүн талшықты дайындау

13103

Жүн талшығын иіру

13104

Жүн маталарды өндіру

13202

13

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

Былғарыны илеу және өңдеу

15111

Үлбірді өңдеу және бояу

15113

Қайыс-ертоқым бұйымдарын өндіру

15122

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 3 маусымдағы
№ 188 бұйрығына
2-қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

Басым инвестициялық жобалардың тізбесі

Р/c №

Атауы

1

Тауарлық сүт фермалары

2

Құстарды ет үшін өсіру

3

Қарқынды бақ шаруашылығы

4

Жылыжайлар

5

Қант қызылшасын өсіру және қызылша қантын өндірісі

6

Жарма өндірісі

7

Жемістер, көкөністерді және ауыл шаруашылығы өнімерін өңдеу және/немесе сақтау

8

Өсімдік май және (немесе) тоң-май өнімдерінің өндірісі

9

Жемшөп дақылдары, картоп және (немесе) көкөніс өнімдерін өсіру,оның ішінде суару жүйелерін пайдалану

10

Құс шаруашылығында асыл тұқымды репродуктор салу

11

Етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын

12

Балық шаруашылғы

13

Ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін қайта өңдеу

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 3 маусымдағы
№ 188 бұйрығына
3-қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
9-1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Әкімшілік нысанның атауы: Қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ГЗ нысан

      Кезеңділік: тоқсан сайын, жыл сайын

      Есепті кезең: 20 __ жылғы ___ тоқсан, 20 __ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының кепілдіктер беруге уәкілетті еншілес ұйымы

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, сондай-ақ жыл сайын, күнтізбелік жылдың жиырмасыншы қаңтарынан кешіктірмей.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі



      Жинау әдісі: электронды түрде

Р/с№

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Кредитордың атауы

Қаржыландыру мақсаты

Кепілдік беру туралы шарттың нөмірі

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Кепілдік беру туралы шарттың күні

Негізгі борыш сомасынан кепілдік мөлшері, %

Кредит сомасы,
мың теңге

Кепілдік сомасы,
мың теңге

Комиссия сомасы,
мың теңге

7

8

9

10

11






      Атауы _____________________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Телефоны __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      _______________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

      _______________________________________

      (аты және әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Ескерту: "Қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанның қосымшасында келтірілген.

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Қарыздарға кепілдік
беру жөніндегі
субсидиялардың нақты
пайдаланылуы туралы есеп"
туралы нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп" толтыру бойынша түсіндірме (индекс: № 1-ГЗ нысан, кезеңділік: тоқсан сайын, жыл сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО), "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының кепілдіктер беруге уәкілетті еншілес ұйымы (бұдан әрі – гарант) толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды: ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО және гарант уәкілетті органға (көрсетілетін қызметті берушіге) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, сондай-ақ жыл сайын, күнтізбелік жылдың жиырмасыншы қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

      5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. 2-бағанда қарыз алушының атауы көрсетіледі.

      8. 3-бағанда қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. 4-бағанда кредитордың атауы көрсетіледі.

      10. 5-бағанда қаржыландыру мақсаты көрсетіледі.

      11. 6-бағанда кепілдік беру туралы шарттың нөмірі көрсетіледі.

      12. 7-бағанда кепілдік беру туралы шарттың күні көрсетіледі.

      13. 8-бағанда негізгі борыш сомасынан кепілдік мөлшері көрсетіледі.

      14. 9-бағанда кредит сомасы көрсетіледі.

      15. 10-бағанда кепілдік сомасы көрсетіледі.

      16. 11-бағанда комиссия сомасы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады