Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 28 мамырдағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 28 мамырда № 36160 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына, 138-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 196 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6955 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 993 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12916 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
Т. Султангазиев

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2025 жылғы 28 мамырдағы
№ 47 Бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының халқына пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына, 138-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

      4) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет – диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурсты қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызмет;

      5) инновациялық медициналық технологиялар – медицина (биомедицина), фармация және денсаулық сақтауды цифрландыру саласына ендірілуі әлеуметтік мәні бар және (немесе) экономикалық жағынан тиімді болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің әдістері мен құралдарының жиынтығы;

      6) клиникалық хаттама – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;

      7) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

      8) медициналық ақпараттық жүйе – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      9) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;

      10) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және басқаруды қамтитын, халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны;

      11) медициналық көмек – дәрілік қамтамасыз етумен қатар, халықтың денсаулығын сақтау және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені;

      12) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      13) отбасылық дәрігер – отбасы мүшелеріне медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы көпбейінді даярлықтан өткен және денсаулық сақтау саласында маман сертификаты бар дәрігер;

      14) профилактика – аурулардың пайда болуының, аурулардың ерте сатыларда өршуінің алдын алуға және пайда болған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;

      15) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.

      3. Халыққа пульмонологиялық көмекті "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) сәйкес Пульмонология (ересектер, балалар) мамандығы бойынша бейінді маман көрсетеді. Пульмонолог-дәрігердің кәсіби құзыреттілігі саласындағы кәсіптер мен талаптар картасының тізбесі "Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 46 бұйрығына сәйкес келеді.

      4. Медициналық ұйымдар пульмонологиялық медициналық көмекті осы Стандартқа сәйкес көрсетеді. Медицина қызметкерлері профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың ең тиімді әдістерін таңдау кезінде ұсынымдық сипаты бар клиникалық хаттамаларды (бұдан әрі – КХ) басшылыққа алады.

      5. Тиісті КХ болмаған кезде тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерді (бұдан әрі – ТАА) қадағалап-қарау тактикасын айқындау дәлелділік қағидатына негізделген халықаралық ұсынымдарды ескере отырып, пульмонолог дәрігердің немесе бейінді мамандардың қатысуымен жасалатын консилиум шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      6. Пульмонологиялық медициналық көмек көрсететін ұйымдар меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан өз қызметін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "пульмонология" кіші түрі бойынша медициналық қызметке мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады.

      7. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ТАА бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ -75 бұйрық) және "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрықтарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Медициналық ұйымдарда пульмонологиялық көмек "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген) сәйкес ақылы негізде (ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер) ұсынылады.

      9. Халыққа пульмонологиялық көмек көрсететін барлық деңгейдегі медициналық ұйымдар "Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21761 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) және "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ- 313/2020 бұйрық) сәйкес бекітілген есепке алу және есептік нысандарға сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізуді және есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.

2-тарау. Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы

      10. Пациенттерге пульмонологиялық көмекті меншік нысанына қарамастан оларға жүктелген функцияларға байланысты олардың құрылымында:

      амбулаториялық жағдайда:

      аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде медициналық көмек көрсететін емханалардың немесе көп бейінді стационарлардың консультациялық-диагностикалық орталығының (КДО) консультациялық-диагностикалық бөлімшелерінің, консультациялық-диагностикалық орталығының, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың құрылымындағы пульмонолог дәрігердің кабинеті (ересектер/балалар) (бұдан әрі – Кабинет);

      стационарлық жағдайда:

      көп бейінді (ересектер/балалар) аудандық/қалалық ауруханалар жанындағы терапиялық немесе педиатриялық бейін құрылымындағы пульмонологиялық төсектер;

      қалалық немесе облыстық деңгейлердегі, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардағы көп бейінді ауруханалардың (балалар, ересектер) құрылымындағы пульмонологиялық бөлімше;

      облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың көп бейінді ауруханаларының, пульмонология бөлішмесімен қатар торакалды хирургия бөлімшесі/төсектері бар денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар құрылымындағы респираторлық орталық (бұдан әрі – РО) ұйымдастырылған аудандық, қалалық, облыстық деңгейлерде медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

3-тарау. Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары

      11. Құрылымында пульмонологиялық көмек көрсетілетін медициналық ұйымдардың негізгі міндеттері:

      1) алғашқы профилактикаға, ерте диагностикалауға, ТАА бар пациенттердің мінез-құлық қауіп факторларын мониторингілеуге және оларды бақылау жөніндегі ұсынымдарға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      2) ғылыми-дәлелденген диагностикалық зертханалық және зерттеулердің аспаптық әдістерін қолдану арқылы ТАА бар пациенттерге диагностикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      3) ТАА диагностикалау мен емдеуде инновациялық медициналық технологияларды енгізу;

      4) емдеудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, ТАА бар пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету;

      5) ТАА бар пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық ұйымдармен пәнаралық өзара іс-қимыл;

      6) ТАА бар пациенттерді динамикалық байқауды жүзеге асыру;

      7) ТАА бар пациенттерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;

      8) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу;

      9) ТАА бар пациенттерге медициналық көмектің сапасын арттыру үшін мамандардың кәсіптік деңгейін үздіксіз арттыру;

      10) ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемін жоспарлауға қатысу;

      11) тегін АДҚ үшін дәрілік заттарды сатып алу көлемін жоспарлауға қатысу болып табылады.

4-тарау. Тыныс алу ағзалары аурулары бар пациенттерге бірінші деңгейде медициналық көмек көрсету тәртібі

      12. ТАА бар пациенттерге медициналық көмек "Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-12 бұйрық) сәйкес пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің нақты орналасқан жері бойынша амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, үйде, медициналық ұйымнан тыс жерде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, соның ішінде қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді қолдану арқылы көрсетіледі.

      13. ТАА бар пациенттерге медициналық көмек Кодекстің 116-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесіне сәйкес көрсетіледі:

      1) бірінші деңгей – медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету деңгейі;

      2) екінші деңгей – мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;

      3) үшінші деңгей – жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі.

      14. Пульмонологиялық медициналық көмек мынадай нысандарда беріледі:

      1) шұғыл - денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

      2) кезек күттірмейтін - пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

      3) жоспарлы - көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмек.

      15. Пульмонологиялық көмек мынадай көлемдерде ұсынылады:

      1) Кодекстің 196-бабына сәйкес ұсынылатын ТМККК берілген көлемін білдіретін ең төмен көлем;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмекті білдіретін базалық;

      3) Кодекстің 195-бабына сәйкес медициналық көмектің қосымша көлемі.

      16. Бірінші деңгейде пациенттерге, оның ішінде ТАА бар пациенттерге медициналық көмекті "Қазақстан Республикасында медициналық- санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32160 болып тіркелген) сәйкес МСАК көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – МСАК ұйымы) көрсетеді.

      17. Пациенттерге, соның ішінде ТАА бар пациенттерге дәрігерге дейінгі көмекті фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт деңгейінде орта медицина қызметкерлері (фельдшер, кеңейтілген практика мейіргері және медицина мейіргері) көрсетеді.

      18. Бірінші деңгейде МСАК мамандары:

      1) ТАА профилактикасы, модификацияланған қауіп факторларын бақылау (темекі шегу, артық салмақ, кәсіптік зияндылық, аллергендер және басқалары);

      2) темекі шегуден, вакцинация жүргізуден, жыл сайынғы флюрографиядан, дәрігерге дейінгі кабинетке барудан бас тартуларды қоспағанда, халықты тыныс алу ағзалары ауруларының профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      3) ТАА бар пациенттер мен оларға күтім жасайтын адамдар үшін оқыту бағдарламаларын жүргізу болып табылатын білім беру іс-шараларының (респираторлық мектептер) кешенін ұйымдастыру және өткізу;

      4) тыныс алу функциясы жеткіліксіздігінің дәрежесін бағалауды, пульсоксиметрия әдісімен қанның сатурациясын анықтауды қоса алғанда, ТАА бар пациентті қарап-тексеру;

      5) ТАА бар пациенттерге, соның ішінде стационарды алмастыратын жағдайларда қажетті емдеу-диагностикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;

      6) стационарлық немесе стационарды алмастыратын жағдайларда емдеу үшін көрсетілімдер болмаған кезде тыныс алу жолдарының жіті респираторлық инфекциялары, ауыр емес ағымды пневмониясы бар ересектер мен балаларды емдеу;

      7) көрсетілімдер бойынша пульмонолог дәрігерге консультацияға жіберу;

      8) "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген), "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрық), "Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-142/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21479 болып тіркелген) сәйкес аурулар тізбесі бойынша пациенттерді динамикалық байқау;

      9) ТАА профилактикасы және асқынулардың емдеу;

      10) ТАА бар пациенттердің көрсетілімдерін анықтау және оларды емдеуге жатқызуға жолдама беру;

      11) ТАА бар пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық заттармен уақтылы амбулаториялық қамтамасыз етуге бастапқы өтінімді қалыптастыруға қатысу, соның ішінде № ҚР ДСМ-75 бұйрығына сәйкес оларды камтамасыз ету, дәрілік терапияның тиімділігі мен асқынуларына мониторинг жүргізу;

      12) "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрық) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптамаға жіберу, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру;

      13) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 32922 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 260 бұйрық) сәйкес еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін анықтау және медициналық-әлеуметтік сараптама үшін қажетті құжаттарды қалыптастыру;

      14) әлеуметтік қызметкерлерді және психологтарды тарта отырып, ТАА бар мұқтаж пациенттерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсету.

5-тарау. Амбулаториялық жағдайда екінші деңгейде пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

      19. Мамандандырылған медициналық көмекті "Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 болып тіркелген) сәйкес диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін қажет ететін, соның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, ТАА кезінде пульмонолог дәрігерлер (ересектер/балалар) көрсетеді.

      20. Мамандандырылған медициналық көмек өзіне "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесін қамтиды.

      21. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде пульмонологиялық көмек көрсетуді амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайда мамандандырылған көмекті жүзеге асыратын, соның ішінде бірінші деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша пульмонолог дәрігерлер жүзеге асырады.

      22. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде жолдамасыз пульмонологиялық медициналық көмек көрсету мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде;

      2) пациент динамикалық байқау шеңберінде пульмонолог дәрігерге жүгінген кезде;

      3) респираторлық ауруға байланысты жүгінудің бір жағдайы шеңберінде пульмонолог дәрігерге қайта қабылдауға келген кезде;

      4) жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық қызметтер көрсету кезінде (пульмонолог дәрігердің, басқа бейінді мамандардың консультациясы, диагностикалық және емдеу манипуляциялары).

      23. Пульмонолог дәрігер:

      1) жіті және созылмалы ТАА бар пациенттерді (ересектер/балалар), оның ішінде динамикалық байқау шеңберінде қарап-тексеру және консультация беруді;

      2) орфандық өкпе аурулары бар, ауыр, аурудың өршу ағыны бар созылмалы ТАА, одан әрі емдеуді түзетумен және пациентке дербестендірілген тәсілмен 2-3 дәрежелі СТЖ бар пациенттерді динамикалық байқауды;

      3) ТАА (темекі шегу, артық салмақ, кәсіптік зияндылық, аллергендер) модификацияланатын қауіп факторларын бақылау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмысты;

      4) ТАА бар пациентті кейіннен нәтижені түсіндіре отырып зерттеуге жіберуді не мынадай функционалдық әдістерді дербес жүргізеді және түсіндіреді: спирометрия/пикфлоуметрия, бронходилатациялық және бронхты қоздыратын тесттер, пульсоксиметрия, 6 минуттық қадамдық тест;

      5) № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және (немесе) анықтамасын беруді немесе ұзартуды;

      6) № 260 бұйрыққа сәйкес еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылған жағдайда пациентті медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу бойынша МСАК дәрігеріне ұсынымдар беруді;

      7) стационарды алмастыратын немесе стационарлық жағдайларда емделуге ТАА бар пациенттерді жіберу үшін көрсетілімдерді айқындауды;

      8) реабилитологпен бірлесіп ТАА бар пациенттерді оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеуге қатысуды;

      9) ауыр ТАА бар пациенттерге үйде өкпенің инвазивті емес желдетуді, оттегі терапиясын тағайындау және қолданылуын бақылауды;

      10) ұйқы кезіндегі тыныс алу бұзылыстарының, обструктивті ұйқы апноэ синдромының белгілерін анықтауды, қажет болған жағдайда одан әрі зерттеуге жіберуді;

      11) ТАА бар пациенттердің профилактикасының, диагностикасының және емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізуді жүргізуді;

      12) Бекітілген халық арасында ТАА сырқаттанушылығы бойынша статистикалық деректерді жинауды және талдауды;

      13) медициналық ұйым шеңберінде АДҚ-ға өтінімдерді қалыптастыруды;

      14) АДҚ шеңберінде дәрілік заттардың түрлері, көлемі және ұтымды пайдаланылуы бойынша талдауды;

      15) № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына сәйкес сұрау салулар мен бекітілген мерзімдерге сәйкес медициналық құжаттаманы ресімдеуді және есептерді ұсынуды жүзеге асырады.

      24. Емшалар мен манипуляциялар "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекке енгізілген емшаралар мен манипуляциялар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-136/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21470 болып тіркелген) сәйкес тізбе бойынша жүзеге асырылады.

6-тарау. Стационарлық жағдайларда пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

      25. ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесінде жоспарлы нысанда стационарлық жағдайларда пульмонологиялық көмек көрсету "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес МСАК ұйымдарының және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Үшінші деңгейде стационарлық жағдайда медициналық көмек алу үшін пациентке жолдама беру № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      Стационарлық жағдайларда шұғыл нысанда медициналық көмек:

      1) өз бетінше жүгінген кезде;

      2) пациентті:

      жедел медициналық жәрдем станциясының және (немесе) МСАК ұйымының жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің бригадалары;

      № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрыққа сәйкес медициналық авиацияның мобильді бригадасы;

      пациенттерді азаматтық қорғау саласындағы органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және (немесе) азаматтары жеткізген жағдайларда көрсетіледі.

      ТАА бар пациентке өміріне қауіп төнген кезде қарқынды терапия палатасына (бөлімшесіне) немесе реанимация бөлімшесіне шұғыл түрде емдеуге жатқызылады.

      26. Орташа есеппен* республика бойынша пульмонологиялық төсек 10 000 ересек/бала халқына шаққанда 0,7 төсек есебінен құрылады (*өңір деңгейінде төсектерді есептеу халықтың құрылымы мен көлеміне, ТАА-дан болатын сырқаттанушылық және өлімнің негізінде көздеу).

7-тарау. Стационарды алмастыратын жағдайларда пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

      27. Стационарды алмастыратын жағдайларда халыққа пульмонологиялық көмек "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.

      28. Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін амбулаториялық жағдайларда және (немесе) стационарлық жағдайларда, соның ішінде ғылыми ұйымдарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жанынан күндізгі стационарлар ұйымдастырылады.

      29. Бірінші деңгейде стациоанрды алмастыратын жағдайларда ТАА бар пациенттерге медициналық көмек МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша пациенттің бекітілген жері бойынша емханада (күндізгі стационар) немесе үйде (үйдегі стационар) көрсетіледі.

      30. Үшінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмекті жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге сәйкестігі туралы қорытындысы бар денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

      31. Стационарды алмастыратын жағдайларда ТАА бар пациенттің жай-күйі нашарлаған кезде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетіледі және медициналық көрсетілімдер болған кезде пациент емдеуді жалғастыру үшін тәулік бойы стационарға жіберіледі.

      32. Жай-күйі жақсарған жағдайда және стационарды алмастыратын жағдайларда терапияны жалғастыру қажет болған кезде ТАА бар пациент бекітілген жері бойынша МСАК дәрігерінің бақылауымен одан әрі амбулаториялық емдеуге жіберіледі.

8-тарау. Үшінші деңгейде пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

      33. Үшінші деңгейде пульмонологиялық көмек "Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 болып тіркелген) сәйкес жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер мен инновациялық медициналық технологияларды қолдана отырып, амбулаториялық, стационарды алмастыратын, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда стационарлық жағдайларда жүзеге асырылады.

      34. Пациенттерді ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үшінші деңгейдегі пульмонологиялық көмек алуға жолдама беруді бірінші және екінші деңгейдегі медициналық ұйымдардың мамандары жүзеге асырады.

      35. Стационарлық жағдайларда үшінші деңгейдегі пульмонологиялық көмек екінші деңгейде диагностикалық және емдік емшаларды/манипуляцияларды, оның ішінде интервенциялық бронхологияны, молекулалық-генетикалық зерттеулерді, сәулелік және ядролық диагностиканы жүргізу үшін қажетті ресурстар (кадрлар, жарақтандыру) болмаған кезде көрсетіледі.

9-тарау. Балалар мен жүкті әйелдерге пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

      36. Балаларға, оның ішінде ТАА бар балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру "Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ- 25 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27182 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      37. Амбулаториялық жағдайда балаларда төменгі тыныс алу жолдарының күрделі емес жіті респираторлық инфекцияларды және асқынбаған ағындағы пневмонияны диагностикалау мен емдеуді жалпы практика дәрігері/педиатр дәрігер, асқынған кезде (2-3 дәрежелі тыныс алудың жеткіліксіздігі, плеврит және басқалары) балалар пульмонолог дәрігері жүзеге асырады.

      38. Созылмалы ТАА бар балалар № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына сәйкес динамикалық байқауға жатады.

      39. Екінші деңгейде стационарлық жағдайларда төменгі тыныс алу жолдарының респираторлық инфекциясы және пневмониясы бар балаларға пульмонолог-консультант дәрігерінің жетекшілігімен инфекциялық стационарлардың/бөлімшелердің тиісті төсектерінде пульмонологиялық көмек көрсетуге жол беріледі.

      40. Жүкті әйелдерге пульмонологиялық көмек "Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 28 тамызда № 24131 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.

      41. Пульмонолог дәрігер ТАА бар жүкті әйелге егжей-тегжейлі ұсынымдарды берумен консультацияны жүзеге асырады және қажет болған кезде немесе көрсетілімдер бойынша стационарлық емге жолдама береді.

      42. Пульмонолог дәрігер созылмалы ТАА бар жүкті әйелдерді акушер-гинекологтармен және МСАК дәрігерлерімен бірлесіп динамикалық байқауды жүзеге асырады.

      43. Пульмонолог дәрігердің бетпе-бет консультациясы мүмкін болмаған жағдайда № ҚР ДСМ-12 бұйрыққа сәйкес телемедицинаны пайдалана отырып консультация жүргізілуі мүмкін.

      44. Пульмонолог дәрігер акушер-гинеколог дәрігерлердің сұрау салуы бойынша ТАА байланысты жүктілікті жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, жүктілікті үзуге көрсетілімдер болған кезде, клиникалық диагнозымен, өзінің қолымен және медициналық ұйымның мөрімен куәландырылған қорытынды береді.

      45. Жүктілікті, соның ішінде ТАА бар жүкті әйелдерге жасанды үзуді жүргізуге медициналық және әлеуметтік көрсетілімдер, қарсы көрсетілімдер тізбесі "Жүктілікті жасанды үзуді жасаудың тәртібін, медициналық және әлеуметтік көрсетілімдерінің, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзуді жасауға қарсы көрсетілімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ- 122/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21412 болып тіркелген) бекітілген.

10-тарау. Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын жұмыскерлер штаты мен жарақтандыруға ұсынылатын медициналық бұйымдар

      46. Амбулаториялық (пульмонологтың кабинеті) және стационарлық жағдайларда (пульмонологиялық бөлімше) пульмонологиялық көмек көрсету үшін ұсынылатын штаттық нормативтер осы Стандартқа 1-қосымшада келтірілген.

      47. Пульмонологтың кабинетін, күндізгі стационарды және пульмонологиялық бөлімшені жарақтандыруға ұсынылатын медициналық бұйымдар осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасында
пульмонологиялық көмек
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
1-қосымша

Пульмонологиялық көмек көрсету үшін ұсынылатын штаттық нормативтер

      1. Амбулаториялық жағдайларда пульмонологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін штаттық нормативтер

Р/с №

Лауазымдардың атауы

Лауазымдардың саны
(штат бірлігі)

1.

Пульмонолог дәрігер (ересектер/балалар) (пациентті қабылдауға 30 минут)

50 000 ересек халыққа шаққанда/ 150 балаға шаққанда 1,0

2.

Мейіргер және (немесе) фельдшер

1 пульмонолог дәрігер лауазымына 1,0

      2. Стационарлық жағдайда пульмонологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін пульмонологиялық бөлімшенің штаттық нормативтері

      Медициналық көмек көрсетудің әртүрлі деңгейлерінде стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінде бір дәрігерлік лауазымға жүктеме.

Дәрігердің 1 лауазымына төсек саны

Аудандық ауруханалар

Қалалық ауруханалар

Облыстық ауруханалар және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың көп бейінді ауруханалары

Ұлттық орталықтар


ересектер

балалар

ересектер

балалар

ересектер

балалар

Штаттық нормативтер 10 000 халыққа шаққанда және көрсетілетін медициналық қызметтер көлеміне сәйкес белгіленеді

10

10

10

10

8

8


1 тәулік бойы пост мейіргеріне шаққанда төсек саны

Аудандық ауруханалар

Қалалық ауруханалар

Облыстық ауруханалар және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың көп бейінді ауруханалары

Ұлттық орталықтар


ересектер

балалар

ересектер

балалар

ересектер

балалар

Штаттық нормативтер 10 000 халыққа шаққанда және көрсетілетін медициналық қызметтер көлеміне сәйкес белгіленеді

15

15

15

15

10

10

  Қазақстан Республикасында
пульмонологиялық көмек
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
2-қосымша

Жарақтандыруға ұсынылатын медициналық бұйымдар

Пульмонолог кабинетін жарақтандыру

Р/с №

Жабдықтың атауы

Саны/ Өлшем бірлігі (дана)

1.

Негатоскоп

1

2.

Пикфлоуметр

1

3.

Пульсоксиметр

1

4.

Портативті спирометр

1

5.

Экраны бар бактерицидтік сәулелендіргіш

1

6.

Кушетка

1

7.

Бой өлшегіш, таразы, сантиметрлік таспа

1-еуден

8.

Дәрігердің қабылдайтын жиынтығы (фонендоскоп, тонометр, медициналық шпатель, термометр)

1

9.

Компьютерлік томограмма талдауын жүргізетін бағдарламасы бар дербес компьютер

1

10.

Компрессорлы небулайзер (кезек күттірмейтін көмек көрсету үшін)

1

Амбулаториялық жағдайларда күндізгі стационарды жарақтандыру

Р/с №

Атауы

Саны/ Өлшем бірлігі (дана)

1.

Экраны бар бактерицидтік сәулелендіргіш

палатаға 1-у

2.

Медициналық керует

төсек қуатына сәйкес

3.

Керует жанындағы медициналық тумба

бір төсекке 1-у

4.

Медициналық тоңазытқыш

1

5.

Жылжымалы құралдарға арналған үстел

1

6.

Стерильді құралдарға арналған үстел

1

7.

Вена ішіне құюға арналған штатив

1

8.

Дәрі-дәрмектерге арналған шкаф

1

9.

А және В тобындағы дәрі-дәрмектерге арналған шкаф

1

10.

Медициналық тонометр

5

11.

Тонометр

1

12.

Фонендоскоп

1

13.

Медициналық шпатель

20

14.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына сәйкес жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге арналған жиынтық.

1

15.

Пикфлоуметр

1

16.

Небулайзер

2 төсекке 1-у

17.

12 арналы портативті электрокардиограф

1

18.

Дефибриллятор

1

19.

Оттегі концентраторы

1

20.

Автоматты жөтелуге арналған аппарат (жөтелтетін) *

1

21.

Бронходренажды терапияға арналған аппарат (әсер ету нұсқалары: өкпе ішілік перкуссия, өкпеден тыс перкуссия, дірілді-акустикалық терапия, жоғары жиілікті осцилляторлық терапия)*

1

Пульмонологиялық бөлімшені/респираторлық орталықты жарақтандыру*

Р/с №

Жабдықтың атауы

Саны/ Өлшем бірлігі (дана)

1.

Тонометр

кемінде 5-у

2.

Фонендоскоп

кемінде 5-у

3.

Негатоскоп

1

4.

Пульсоксиметр

2 төсекке 1-у

5.

Небулайзер (компрессорлық)

2 төсекке 1-у

6.

Медициналық газдармен (оттегі) орталықтандырылған жабдықтау жүйесі/ консолы

1 төсекке 1-у

7.

4 – 40/50 смН2О (hPa) қысымды қолдау диапазоны бар инвазивті емес өкпе желдету аппараты (ӨИЕЖ), мынадай режимдер қамтылады: СРАР, S (ВРАР), ST(PSV), Т(PCV), High Flow Oxygen Therapy

5 төсекке 1-у

8.

Оттегі концентраторы (оттегін беру болмаған кезде және пациенттердің қозғалысы үшін)

5 төсекке 1-у

9.

Пациенттің мониторы (оксиметрия, инвазивті емес артериялық қысымы, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура)

7 төсекке 1-у

10.

Ойық жараға қарсы матрас

2

11.

Экраны бар бактерицидті сәулелендіргіш

бір палатаға 1-у

12.

Тасымалданатын бактерицидтік сәулелендіргіш / ауа тазартқыш / ауаны зарарсыздандыруға және (немесе) фильтрге және (немесе) үстіңгі жақтарын дезинфекциялауға арналған құрылғы

2

13.

Плевра пункциясына арналған жиынтық

5 төсекке 1-у

14.

Пикфлоуметр

5 төсекке 1-у

15.

Пациенттерді тасымалдауға арналған сырғытқыда редукторы мен флоуметрі бар оттегі баллоны (10 литр)

1

16.

Шығыс материалдарының жиынтығымен қисық орналасқан ағын-көлем тіркеуіші бар портативті спирометр (бактериялық сүзгісі бар бір рет пайдаланылатын мундштуктар)

1

17.

12 арналы портативті электрокардиограф

1

18.

Қолмен өкпені жасанды желдетуге арналған тыныс алу қапшығы (Амбу)

2

19.

Автоматтандырылған жөтелтуге арналған аппарат (жөтелткіш)*

1

20.

Бронходренажды терапияға арналған аппарат (әсер ету нұсқалары: өкпе ішілік перкуссия, өкпеден тыс перкуссия, дірілді-акустикалық терапия, жоғары жиілікті осцилляторлық терапия)*

1

21.

Медициналық аспиратор (сору дренажы)

10 төсекке 1-у

22.

Медициналық жүру арбасы

10 төсекке 1-у

23.

Шприцті инфузиялық сорғы

5 төсекке 1-у

24.

Дефибриллятор

1

25.

Ұйқы кезінде тыныс алудың бұзылуын диагностикалауға арналған кардио-респираторлық жүйе*

1

26.

Тыныс алу бұлшықеттерінің күшін өлшегіш*

1

27.

Қан газдарын, қышқыл-негіз күйін өлшейтін автоматтандырылған талдауыш*

1

28.

Көмірқышқылы диоксидінің шоғырлануын тері арқылы өлшеуге арналған Капнограф*

1

29.

Өкпенің диффузиялық қабілетін зерттеу функциясы бар Бодиплетисмограф*

1

30.

Дөңес және сызықтық датчиктері бар портативті УДЗ аппараты*

1

      Ескертпе:

      * респираторлық орталық үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады