"Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-39 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 11-77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 мамырда № 36065 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34068 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында:

      6-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Қаржылық қамтамасыз ету департаменті белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің интернет-ресурсында орналасуын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы
С. Исабеков

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады