Отырар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 13/71-VII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 29 наурызда № 6505-13 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 19 ақпандағы № 33/190-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 19.02.2026 № 33/190-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады) шешiмiмен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Отырар аудандық мәслихатының төрағасы У. Ұзақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады