ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Отырар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 13/71-VII шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505-13 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Отырар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін оның Отырар ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Отырар аудандық мәслихатының төрағасы | У. Ұзақов |
