Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 385/16 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 желтоқсанда № 6697-09 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 276/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6489-09 болып тіркелген);

      Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 351/11 "Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 276/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6616-09 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж. Мамерханова

  Шахтинск қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 26
желтоқсандағы
№ 385/16
шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі –қағидалар) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі –үлгілік қағидалары) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шахтинск қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме;

      5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

      14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 14.07.2025 № 434/21 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 06.05.2026 № 498/27 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін ЖАО-ның ұсынуы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.

      Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.

      Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.

      Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің және атаулы күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      3) 26 сәуір - Халықаралық радиациялық апат құрбандарын еске алу күні;

      4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

      5) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      6) 1 қазан – Қарттар күні;

      7) қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні.

      8) 16 желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 06.05.2026 № 498/27 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органмен бекiтетiн ереженiң негiзiнде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Мерекелік күндерге және атаулы күндерге әлеуметтік көмек азаматардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күні:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2) 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, сондай-ақ көп балалы отбасылар – төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасыларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық апат құрбандарын еске алу күні:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) -45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілеріне - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      5) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 46 баптарында аталған адамдардың отбасыларына - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған тұлғалар - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;

      6) 1 қазан - Қарттар күні:

      жетпіс бес және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге - "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған тұлғалар - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      7) қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау күні:

      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған тұлғалар - 5 ( бес) айлық есептік көрсеткіш;

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға -10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

      8) 16 желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 95 (тоқсан бес) айлық есептік көрсеткіш.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 06.05.2026 № 498/27 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;

      4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.

      Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 06.05.2026 № 498/27 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшері мен жиілігі:

      1) жан басына шаққандағы орташа табысты есептемегенде, бір мезгілде, табиғи зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде, әлеуметтік көмек дүлей зілзала болған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш;

      2) жан басына шаққандағы орташа табысты есептемегенде, бір мезгілде, өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде, әлеуметтік көмек өрт болған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей – 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш;

      3) АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балаларға жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда ай сайын 2 (екі) еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде әлеуметтік көмек;

      4) Қазақстан Республикасы шегінде санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:

      жылына 1 (бір) рет, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емдеуге (заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен еңбекте мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну жөніндегі іс-шарасы бар) санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын нақты шығындар сомасы мөлшерінде өтеу түрінде әлеуметтік көмек, бірақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспауға тиіс (әзірленген абилитация және оңалту жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда);

      Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес ардагерлерге табысты есептемегенде, жылына 1 (бір) рет санаторлық-курорттық ұйымда болудың 14 күннен аспайтын құнын өтеу түрінде, бірақ мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторийлік-курорттық емделудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын мөлшерде;

      Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, 70 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге жылына 1 (бір) рет, санаторийлік-курорттық ұйымда болудың 12 күніне дейін, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспауға тиіс (әзірленген абилитация және оңалту жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда).

      Бірнеше негіздер болған жағдайда санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек бір ғана негіздеме бойынша тағайындалады.

      Әлеуметтік көмек санаторлық-курорттық емделуді алған сәттен бастап екі айдан кешіктірілмей мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде көрсетіледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) шот-фактура;

      3) орындалған жұмыстар актісі;

      4) табысты ескере отырып көрсетілетін санаттар үшін адамның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;

      5) екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

      Санаторийлік -курорттық емделу орнына дейiн және керi қайту жолының құнын төлеу санаторлық-курорттық емделудi алушының өз қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      5) коммуналдық қызметтерді төлеуге әлеуметтік көмек:

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, жан басына шаққандағы орташа табысты есептемегенде, жылына бір рет жылыту маусымында - 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      6) жан басына шаққандағы орташа табысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын әлеуметтік көмек, бір мезгілде:

      жетімдерге, ата-анасының қамқорлығысыз адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға анықтама негізінде босатылған күннен бастап алты айдан кешіктірмей - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      7) жан басына шаққандағы орташа табысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын әлеуметтік көмек, жылына 1 рет, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 112 "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген тізбесіне сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулардың бірінен зардап шегетін тұлғаларға, туберкулезбен ауыратын адамдарды қоспағанда -20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш.

      Жан басына шаққандағы орташа табысты есептемегенде, амбулаториялық емделуде туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек жылына 1 рет, 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;

      8) Шахтинск қаласының және оған іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің аумағындағы жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығындағы тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар жалғыз басты адамдарға сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек. Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің қызмет көрсетушілердің шоттарын көрсете отырып, қатты отын сатып алуға байланысты, бірақ жылыту маусымында 1 (бір) рет 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын нақты шығындарына қарай айқындалады.

      9) Шахтинск қаласының және оған іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің аумағында тұрақты тіркелген және тұратын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер негізінде ақшалай көмек түріндегі әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      Төлем жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, күнтізбелік жылда бір рет (ағымдағы жылғы қазандағы жағдай бойынша) әрбір балаға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 06.05.2026 № 498/27 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 30.12.2025 № 474/25 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.

      13. Әлеуметтік көмек Үлгілік қағидалардың 1220 тармақтарына сәйкес тәртіппен және мерзімдерде көрсетіледі.

      14. Мынадай:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;

      4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.

      15. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Шахтинск қаласының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

      Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 06.05.2026 № 498/27 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Мынадай:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге кеткен;

      3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;

      5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 06.05.2026 № 498/27 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      18. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

      19. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.

      Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      20. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.

      21. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация:

      біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;

      ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша – төлем жасалатын айға дейінгі айдың 29-ы күніне әлеуметтік көмек төлеуге бюджет қаражатына сұраныс қалыптастырады.

      22. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-сі күнінен кейін түскен өтінімдер бойынша мемлекеттік корпорацияға төлем жасалатын айдың 1-іне дейін әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.

      23. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банктік шоттарына төлеуді жүзеге асырады.

      24. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.

      25. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға аударады.

      26. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады