Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 385/16 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 474/25 шешімі

      Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 385/16 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697-09 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8) қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау күні:

      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға.

      Азаматтарға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 400 000 (төрт жүз мың) теңгені құрайды.";

      9-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшері мен жиілігі:

      1) жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген, дүлей апаттың немесе өрттің басталған кезден алты айдан кешіктірмей – бір реттік, шекті мөлшері 200 000( екі жүз мың) теңге;

      2) АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балаларға жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда ай сайын 2 (екі) еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      3) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың, санаторийде нақты болған күні үшін, жетпіс пайызы мөлшерінде жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда, санаторийлік-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы бар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған, санаторийлік-курорттық емдеуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен еріп жүретін адамдарға беріледі, жылына бір рет;

      4) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес ардагерлерге жылына бір рет 14 күннен аспайтын, бірақ мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторийлік-курорттық емдеудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын санаторийлік-курорттық емдеуге арналған шығындарды өтеуге ардагерлерге табыстарын есепке алмай жылына 1 (бір) рет әлеуметтік көмек көрсетіледі. Санаторийлік-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы (АОБ) әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді.

      5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына коммуналдық қызметтерге және отын сатып алуға шығындарды өтеуге жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, жылына бір рет қазан айында жылыту маусымында -12 ( он екі) айлық есептік көрсеткіш.

      6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген мөлшерінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, өмірлік қиын жағдайы туындаған сәттен бастап алты ай ішінде- бір реттік, шекті мөлшері 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 112 "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген тізбесіне (бұдан әрі – Тізбесі) сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулардың бірінен зардап шегетін тұлғаларға жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген мөлшерінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып- шекті мөлшері 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш.

      Тізбе бойынша әлеуметтік көмек бір адамға бір ауру бойынша жылына бір рет көрсетіледі.

      8) әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Шахтинск қаласы және іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасылар (азаматтар) сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) көрсетілетін өнім берушінің шот-фактураларын (жылыту маусымына есептелген – 7 ай) жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген мөлшерінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, жылына 1 рет - 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш.";

      10-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж. Мамерханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады