Сайлау учаскелерін құру туралы" Жамбыл ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 01 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 тамызда № 5225-08 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің 22.04.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он кун өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Жамбыл ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы 01 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4031 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Аталған шешімнің қосымшасындағы № 167, 168 сайлау учаскелері жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "№ 167 сайлау учаскесі

      Учаскенің орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, 102, "Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Учаскесінің шекрасы:

      Абай көшесінің үйлері,

      Төле би көшесінің үйлері,

      Бауыржан Момышұлы көшесінің үйлері,

      Жетітөбе көшесінің үйлері,

      Шәмші Қалдаяқов көшесінің үйлері,

      Ақжар көшесінің үйлері,

      Самал көшесінің үйлері,

      Көктем көшесінің үйлері,

      Айдарлы көшесінің үйлері,

      Тұрар Рысқұлов көшесінің үйлері,

      Керімбек Шманов көшесінің үйлері,

      Бірлік көшесінің үйлері,

      Аменгелді Иманов көшесінің үйлері,

      Береке көшесінің үйлері,

      Лашын көшесінің үйлері,

      Достық көшесінің үйлері,

      Жібек жолы көшесінің үйлері.

      № 168 сайлау учаскесі

      Учаскенің орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Төле би көшесі, 106Б, "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Жамбыл ауданындағы №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Учаскесінің шекрасы:

      Төле би көшесінің үйлері,

      Бауыржан Момышұлы көшесінің үйлері,

      Жетітөбе көшесінің үйлері,

      Түгелбай көшесінің үйлері,

      Кемелбек Жүнісов көшесінің үйлері,

      Сәкен Сейфуллин көшесінің үйлері,

      Алаш көшесінің үйлері,

      Шоқан Уәлиханов көшесінің үйлері,

      Дінмұхамед Қонаев көшесінің үйлері,

      Мұхтар Әуезов көшесінің үйлері,

      Қойгелді көшесінің үйлері,

      Темір жол көшесінің үйлері,

      Ғани Мұратбаев көшесінің үйлері,

      Желтоқсан көшесінің үйлері,

      Тәуелсіздік көшесінің үйлері,

      Көкой көшесінің үйлері,

      Қайнар көшесінің үйлері,

      Пионерлагер көшесінің үйлері,

      Ыбырай Алтынсарин көшесінің үйлері,

      Сейдахмет Айдаров көшесінің үйлері,

      Ақын Жақсылықов көшесінің үйлері,

      Көпбосын Оспанқұлов көшесінің үйлері,

      Гагарин көшесінің үйлері.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі
      Е. Кыдыралыулы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл аудандық аумақтық

      cайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады