Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Жаңартылған

Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 2 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 қыркүйекте № 336-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2 тармағына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Абай облысы Мақаншы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Мақаншы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары О.Соғымбайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мақаншы ауданының әкімі
      Д. Койгельдин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Мақаншы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

  Мақаншы ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 2 Қаулысына
қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 12.02.2026 № 19 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

 
Елді мекеннің атауы
 

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Ақшоқы ауылы

"Жеңіс" саябағының жанында орналасқан стенд, Ә.Найманбаев көшесі № 63

Көктал ауылы

Абай облысы Мақаншы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімінің "Мақаншы ауданы "Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Көктал ауылдық клубы жанында орналасқан стенд, Кеңес көшесі № 20

Көктерек ауылы

"Айзада" дүкенінің жанында орналасқан стенд, Б.Момышұлы көшесі № 1

Қайынды ауылы

"Сырым" дүкенінің жанында орналасқан стенд, Бейбітшілік көшесі № 23

Қызылбұлақ ауылы

Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Қызылбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында орналасқан стенд, Орталық көшесі № 17

Бахты ауылы

"Абай облысы Мақаншы ауданы "Бахты ауылдық окгугі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі алдындағы стенд, Қабанбай көшесі № 5, Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Бейсембай Сахариев атындағы Бақты орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қасындағы стенд, Абылайхан көшесі № 1Б

Қаратал ауылы

"Өркен" дүкені, Жеңіс көшесі № 12А, және "Айбек" дүкені, Жеңіс көшесі № 1Г, жанында орналасқан стендтер

Бекет ауылы

"Шапағат" сауда дүкенінің жанында орналасқан стенд, Қабанбай көшесі № 2А

Бұғыбай ауылы

Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Бұғыбай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанында орналасқан стенд, Қабанбай көшесі № 1

Мақаншы ауылы

Абай облысы Мақаншы ауданы Мақаншы ауылы Қабанбай мен Ә.Найманбаев көшелерінің қиылысындағы балалар саябағының жанында және Қабанбай мен Р.Берікболов көшелерінің қиылысында орналасқан стендтер

Қабанбай ауылы

Абай облысы Мақаншы ауданы "Қабанбай ауылдық окгугі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі алдында орналасқан стенд, К.Садықұлы көшесі № 7,
"Нұр" дүкенінің жанында орналасқан стенд К.Чыбынтаев көшесі № 3

Қаратұма ауылы

Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің "Қаратұма орта мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында орналасқан стенд, Абай көшесі № 69

Келдімұрат ауылы

"Балауса" дүкені, Б.Ибраев көшесі №78, және "Даурен" дүкені, Б.Ибраев көшесі №75, жанында орналасқан стендтер, Абай облысы Мақаншы ауданы "Келдімұрат ауылдық окгугі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің алдындағы стенд, Алаш көшесі № 18

Қызылжұлдыз ауылы

Блок модульді станцияның жанында орналасқан стенд, Набережная көшесі № 25

Қарабұлақ ауылы

Ә. Найманбаев көшесі № 28 үйдің жанында және "Мәмет" дүкені, Қабанбай көшесі № 49А, жанында орналасқан стенд

Барлық-Арасан ауылы

Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің "М.Ғабдуллин атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында орналасқан стенд, Абай көшесі № 43,

Қарабұта ауылы

Абай облысы Мақаншы ауданы мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімінің "Мақаншы ауданы "Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарабұта ауылдық клубы жанында орналасқан стенд, Абай көшесі № 12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады