Талғар ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 20-76 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 наурызда № 6102-05 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 53-219 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 30.12.2025 № 53-219 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талғар ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М. Алибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады