Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 30.12.2025 № 53-219 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Талғар аудандық мәслихатының төрағасы | М. Алибеков |