Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 8С-18/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 наурызда № 8720-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 8С-40/3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 27.11.2025 № 8С-40/3 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл ауданында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабы 4-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерлеме мөлшері 4%-дан 2%-ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Есіл аудандық мәслихатының төрайымы А.Адильбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады