Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 8С-40/3 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл ауданында Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726- бабының бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлеменің мөлшері 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

      2. Есіл аудандық мәслихатының "Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 19 наурыздағы № 8С-18/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8720-03 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Есіл аудандық мәслихатының төрайымы А.Әділбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады