Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 25 шiлдедегi № 541 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 шiлдеде № 33167 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 07.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 05.05.2026 № 225 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.04.2026 № 205 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 05.05.2026 № 225 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2026 № 205 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады