Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32947 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 101-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін күшті әсер ететін заттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 26 маусымдағы
№ 120 Бұйрыққа
қосымша

Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.10.2026 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с
№

Атауы

1

2

1.

GW 1516

2.

Даназол

3.

2,4-Динитрофенол

4.

Азоттың шала тотығы

5.

Залеплон

6.

Зеранол

7.

Зилпатерол

8.

Зопиклон

9.

Клозапин

10.

Левомепромазин

11.

Остарин

12.

Прегабалин

13.

Пропилгекседрин

14.

Сибутрамин

15.

Тапентадол

16.

Тригексифенидил

17.

Тропикамид

18.

Фепрозиднин

19.

Хлороформ

20.

Цефедрин

21.

Циклопентолат

22.

Эрготал

23.

Этилхлорид (хлорэтил)

      Ескертпе:

      Күрделі эфирлердің, қарапайым эфирлердің және изомерлердің тұздарын, олардың құрамына осы Тізбеде санамалған заттар кіретін, олардың барлық дәрілік препараттарының саудалық атауларын қоса алғанда осы Тізбеде санамалған заттардың тұздары.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады