БҰЙЫРАМЫН:
1. "Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32947 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 134 бұйрығына қосымша |
Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесі
Р/с | Атауы |
1 | 2 |
1. | GW 1516 |
2. | Даназол |
3. | 2,4-Динитрофенол |
4. | Азоттың шала тотығы |
5. | Залеплон |
6. | Зеранол |
7. | Зилпатерол |
8. | Зопиклон |
9. | Клозапин |
10. | Левомепромазин |
11. | Остарин |
12. | Прегабалин |
13. | Пропилгекседрин |
14. | Сибутрамин |
15. | Тапентадол |
16. | Тригексифенидил |
17. | Тропикамид |
18. | Фепрозиднин |
19. | Хлороформ |
20. | Цефедрин |
21. | Циклопентолат |
22. | Эрготал |
23. | Этилхлорид (хлорэтил) |
Ескертпе:
Күрделі эфирлердің, қарапайым эфирлердің және изомерлердің тұздарын, олардың құрамына осы Тізбеде санамалған заттар кіретін, олардың барлық дәрілік препараттарының саудалық атауларын қоса алғанда осы Тізбеде санамалған заттардың тұздары.