Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11148 болып тіркелген), Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Сілтеме жаңа редакцияда-Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 20.06.2025 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Шемонаиха ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" 2019 жылғы 02 қыркүйектегі № 271 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6135 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда-Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 20.06.2025 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | Г. Акулов |
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "09" наурыздағы № 65 қаулысына қосымша |
Шемонаиха ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда-Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 20.06.2025 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Орналасу орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Қызмет саласы | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
1 | Первомайский кенті, Өскемен-Шемонаиха тас жолы, Первомайский кентінің сол жағына қарай Шемонаиха қаласына шығаберісте, "У дороги" кафесіне қарама-қарсы, жолдан 5 метр қашықтықта | 50 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру) | "У дороги" кафесі |
2 | Первомайский кенті, Самохин және Новая көшелерінің қиылысында, "Сказка" дүкеніне қарама-қарсы, жолдан 3 метр қашықтықта | 50 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру) | "Сказка" дүкені |