Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 09 наурыздағы № 65 "Шемонаиха ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 177 қаулысы

      Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 09 наурыздағы № 65 "Шемонаиха ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27138 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      сілтеме бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11148 болып тіркелген), Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"

      осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      3-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі Д. Кенесбаев

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "20" маусымдағы
№ 177 қаулысына қосымша
  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "09" наурыздағы
№ 65 қаулысына қосымша

Шемонаиха ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

    №

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Первомайский кенті, Өскемен-Шемонаиха тас жолы, Первомайский кентінің сол жағына қарай Шемонаиха қаласына шығаберісте, "У дороги" кафесіне қарама-қарсы, жолдан 5 метр қашықтықта

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

"У дороги" кафесі

2

Первомайский кенті, Самохин және Новая көшелерінің қиылысында, "Сказка" дүкеніне қарама-қарсы, жолдан 3 метр қашықтықта

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

"Сказка" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады