Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 09 наурыздағы № 65 "Шемонаиха ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27138 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
сілтеме бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11148 болып тіркелген), Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
3-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | Д. Кенесбаев |
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "20" маусымдағы № 177 қаулысына қосымша |
|
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "09" наурыздағы № 65 қаулысына қосымша |
Шемонаиха ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Орналасу орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Қызмет саласы | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
1 | Первомайский кенті, Өскемен-Шемонаиха тас жолы, Первомайский кентінің сол жағына қарай Шемонаиха қаласына шығаберісте, "У дороги" кафесіне қарама-қарсы, жолдан 5 метр қашықтықта | 50 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру) | "У дороги" кафесі |
2 | Первомайский кенті, Самохин және Новая көшелерінің қиылысында, "Сказка" дүкеніне қарама-қарсы, жолдан 3 метр қашықтықта | 50 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру) | "Сказка" дүкені |